1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Таулы аймақтардағы ландшафттардың ерекшеліктері



бет25/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

45 Таулы аймақтардағы ландшафттардың ерекшеліктері
Таулы аймақтар ландшафттары
Қазақстан жерінің 10%-дайын таулар алып жатыр. Тау ландшафттары биіктік белдеулігі және экспозициялық факторлардың әсерімен қалып¬тасқан.
Биіктік белдеулігі ендік зоналылыққа байланысты. Қазақстанның белгілі бір ендік зоналылығының аумағында орналасқан таулар белдеулер санымен, олардың орналасу биіктігімен және басқа да өзіндік ерекшеліктерімен сипат¬талады. Алтайдан Тянь-Шаньға дейін биіктік ландшафт зоналығының құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық өзгерісінің заңдылығы байқалады. Барлық биіктік зоналары оңтүстікке қарай біртіндеп биіктей түседі, әрі құрылымдық сипаты да күрделене береді. Мысалы, орман өсімдіктерінің төменгі шекарасы Қалба жотасы мен Оңтүстік Алтайдың солтүстік беткейлерінде 700-300 м-ден басталса, Жоңғар Алатауының солтүстік беткейлерінде 1200-1400 м-ден жоғары орналасады.
Биіктіктеріне байланысты Қазақстандағы таулар аласа, орта биіктікті және биік таулар болып бөлінеді.
Аласа таулар ландшафттары
Биіктігі 1000 м-ге дейінгі таулар аласа болып есептеледі. Оларға Ұлытау, Мұғалжар, Шыңғыстау, Қаратау, Солтүстік Тянь-Шаньның аласа таулары, Маңғыстау, Шу-Іле таулары, Қарқаралы, Баянтау жатады.
10°С-тан жоғары оң мәнді температуралардың жылдық қосындысы 2000°С мөлшерінде, жылдық орташа жауын-шашын – 500-600 мм шамасында. Ландшафттарының сипатына қарай бірнеше түрге бөлінеді. Олар қызғылт қоңыр және кәдімгі қара топырақта астық тұқымдастар өскен акумулятивтік-бөктерлік таулар ландшафттары, сұр топырақтарында көктерек, қайың, қарағай өскен граниттен және басқа магмалық жыныстардан құралған ұсақ шоқылы ландшафттар, саздақты, шөлейтті сұр топырақта жусан, бетеге, боз өскен аласа таулар ландшафттары, эрозияға көп ұшыраған, топырақ-өсімдік жамылғысы өте құрғақ климаттық жағдайда нашар қалыптасқан денудациялық ұсақ шоқылар мен төбелер ландшафттары. Кейде сұр қоңыр топырақтарында жусан, сораң, астық тұқымдас өсімдіктер өскен шөлді адырлар кездеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет