1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі



бет27/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

47. Ландшафттардың биіктік белдеу заңдылығына сай өзгеруі
Егер биіктік белдеулердің құрамының ауысуын белгілі бір зона бойынша қарастыратын болсақ, онда белдеулердің зоналық типінің бір- бірінен белдеулердің саны емес сапасы жағынан айырмашылығы бар, әртүрлі секторлар вариантынан тұратынын көреміз..Евразия тайгасының төменгі таулы тайгалық белдеуі батыс, шығыс бөлігінде бірдей қалың қарағайлы ормандардан, ал Шығыс Сібірде сирек қарағайлы ормандардан тұрады. Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы болып табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты: орта немесе кіші биіктіктегі тауларда жоғарғы биіктік белдеу қатарлары болмайды.
Абсолюттік биіктіктен басқа таулардың ландшафттық дифференциациясының негізгі факторы болып беткей экспозициясы табылады, ол таулардың жалпы көтерілу ерекшеліктерімен тығыз байланысты. Экспозицияның 2 типі болады: солярлық немесе инсоляциялық, желдік немесе циркуляциялық. Соляллық экспозицияға беткейлердің жылу, сонымен қатар су режимі байланысты. Желдік экспозиция 2 түрлі рөл атқарады. Біріншіден, ол бір-біріне қарама-қарсы орналасқан беткейлердің термикалық режиміндегі айырмашылықты арттырады, сөйтіп солярлық экспозицияның эффектін күшейтеді. Мұндай ерекшелік батыстан шығысқа қарай созылып жатқан тау қыраттарына тән (Альпі, Қырым таулары, Үлкен Кавказ). Бұл таулы аймақтардың солтүстік беткейлері суық ауа массаларының әсерінде болса, оңтүстігінде суық ағыстардың әсері аз болады. Сондықтан осындай таулы қыраттар көбінесе ландшафттық зоналардың шекарасы ретінде қаралады. Екіншіден, желдік экспозицияның климатпен беткейлердің ландшафтына әсері соңғысының ылғал орталықтарына қалай бағытталғанына байланысты, яғни ылғалды ауа массаларына, бағытына, циклондар траекториясына. Батыс ағындар басым аймақтарда жауын-шашынның көп мөлшерін батыс беткейлер, ал муссондық секторда шығыс беткейлер алады. Алай таулы системасында жауын-шашынның басым бөлігі оңтүстік, оңтүстік-батыс беткейлерге жауады, өйткені көктем айларында оңтүстіктен солтүстікке қарай ауысқан иран циклонының әсерінде болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет