1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Ландшафттық зона. Ландшафтты жоспарлау ұғымдарына түсінік беріңіз



бет28/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

48. Ландшафттық зона. Ландшафтты жоспарлау ұғымдарына түсінік беріңіз Ландшафттық зона системасында байқалатын “бұзылулар” зоналықтың жалпы географиялық заңдылықтар ретінде әртүрлі болуынан, оның әртүрлі жағдайында трансформациялануынан көрінеді. Зоналық тауларда да жоғалмайды, бірақ тауларда белгілі биіктік белдеулер типтері арқылы көрінеді: әрбір ландшафттық зонаға өзіндік биіктік белдеу тән. Мысалы, Үлкен Кавказ тауларын, Франц Иосиф жері немесе Оңтүстік Орал орнына ауыстырсақ, онда оның табиғатының қалай өзгеретіндігін ойымызша көз алдымызға келтіруімізге болады. Зоналық ең биік тауларға да әсерін тигізеді. Оны таулардағы қар сызығы шегінің өзгеруінен көреміз (осы шектен жоғары қатты күйінше жауатын жауын-шашын мөлшері еру мен булануға кеткен шығыннан көп Ендік бойынша Кордильер тауындағы қар сызығы шегінің өзгеруі. В.В.Докучаевтың табиғи-тарихи зоналар туралы ілімімен бірге “интрозоналдық”, “азоналдық” деген ұғымдар пайда болды. Бұл ұғымдарды В.В.Докучаевтың әріптесі Н.Н.Сибирцев енгізген еді. Осы түсініктер белгілі бір жегілікті жағдайда қалыптасқан өсімдік пен топырақ жамылғысына ғана қолданылды (өзен аңғарларындағы, тұзды шұңқырлардағы). Кейіннен интрозоналдық деп батпақтарды, құмдарда дамыған қарағайлы ормандарды соңынан барлық табиғи комплекстерді айтады. Мұнда жер асты суларының әсері аз, механикалық құрамы орташа тау жыныстарынан құралған плакорлық табиғи комплекстер ғана жатпады. Сонымен “зоналық” деген терминнің синонимі ретінде “плакорлық” ұғымы пайдаланылады. Негізінде ландшафттық зоналардың ерекшеліктерін салыстыру үшін плакорлық геосистемалар алдынады. Бірақ бір-бірімен әртүрлі зонадағы плакорлық емес геосистемаларды өзіне тән жергілікті жағдайы арқылы салыстыруға болады, бұл зоналықтың толық сипаттамасын алу үшін өте қажет. Кейде әртүрлі деңгейдегі “интрозоналдық” – жергілікті геосистемалардың пайда болуы мен орналасуы ландшафт аралық дифференциацияға байланысты.
49. Ландшафт туралы жалпы түсінік
Географиялық ландшафт – құрамындағы табиғат құраушы (жер бедері, климат, су, топырақтың, өсімдік бірлестігі мен жануарлары) мен морфологиялық бөліктері (фация, қоныс, жергілікті жер) өзара үйлескен, өзіндік құрылымы бар, географиялық қабықтардың салыстырмалы түрдегі біртектес бөлігі. «Ландшафт» (нем. Land – жер; schaft - өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л. С. Берг енгізген. Географиялық ландшафқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтардың біртекті сипаты, құрастырушылардың кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектілігі жатады.
Географиялық ландшафт терминінің «тарихи қалыптасуы, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені» немесе «табиғи геожүйе деген» анықтамасы бар. Ландшафттар типке, тип тармағына және түрге жіктелінеді. Ландшафттарды жіктеуде шығу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботоникалық белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафттардың жиынтығы сфера деп аталады. Ландшафтық түйірімдер нәтижесінде әртүрлі масштабта ландшафтық карталар, қазіргі кезде географиялық ландшафтардың математикалық моделі жасалынып, олар жайлы мәліметтер компьютерлік өңдеуден өткізіледі. Адам әрекетінен өзгерген ландшафт антропогендік ландшафт деп аталады


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет