Байланысты: 1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)
52. Ландшафтұғымы мен ерекшеліктері Ландшафт (нем. Land — жер, schaft — өзара байланысты білдіретін жұрнақ) терминін орыс ғалымы Л.С. Берг енгізген. Географиялык ландшафтқа тән негізгі көрсеткіштер қатарына аумақтың біркелкі сипаты, құраушыларының біртекті ұштасуы, құрылымының кешенді сипаты мен біртұтастығы, тұрақтылығы, зат және энергия алмасуының біртектестігі жатады. Географиялык ландшафт терминінің “тарихи қалыптасып, біртұтастығын сақтай отырып, ұдайы дамитын табиғат кешені” немесе “табиғи геожүйе” деген де анықтамасы бар. Ландшафтар типке, тип тармағына және түрге жіктеледі. Ландшафтарды жіктеуде жылу және ылғалмен қамтамасыз етілу жағдайлары, геоботан. Белгілері ескеріледі. Жер шарындағы барлық ландшафтардың жиынтығын ландшафтық сфера деп атайды. Ландшафтық түсірімдер нәтижесінде әр түрлі масштабтағы ландшафтық карталар жасалынады. 1989-1900 жылдары В.В.Докучаев табиғи зоналар туралы ілімнің негізін қалады, зоналық ілім дүние жүзілік заң ретінде, оның ықпалы тек қана тек қана табиғи процестер ғана емес бүкіл жер бетіндегі процестерге, тіпті минералдық заттардың орналасуына да әсерін тигізеді деп қарады. Оның түсінігі бойынша зона – табиғи комплекстердің ең жоғары сатысы. 1913 жылы Ресей бойынша алғашқы толық зоналық аудандастыру схемасын Л.С.Берг жасады, зоналар бірінші рет ландшафтық деп аталды. Осы уақытта еліміздің бірқатар территорияларында физгеографиялық аудандастыру жұмыстары жүргізіліп жатты. Осындай әр жерде әр түрлі мақсатта жүргізілген жұмыстар отанымыздың ғалымдарын объектівті түрде жекелеген территорияларда табиғи компоненттредің аралығында заңдылықты байланыстың бар екені туралы тұжырымға әкелді. Ертеде 1895 жылы А.Н.Краснов мұндай байланысты бірлестікті комплекстер деп атаған еді, ал ғасырымыздың басқы кезінде бұл идея ландшафт деген тұжырыммен аяқталды. 1904-1914 жылдар аралығындағы ландшафтқа генетикалық тұрғыдан қараған көзқарастарды біз Г.Ф.Морозовтың, Л.А.Борзовтың И.М.Крашенинниковтың, Л.Н.Бергтің еңбектерінен табамыз. Дегенмен ғылыми оқулықтарға «ландшафтың» терминін енгізген Л.С.Берг деп білеміз, өйткені ол 1913 жылы географияның зерттейтін саласы ландшафт деген еді. Ол ландшафтқа рельефті, климатты, өсімдіктер мен топырақ жамылғысы бір-біріне сәйкес біртұтас территория деп анықтама берді. Ландшафттық-географиялық идеялардың екінші бағыты – бұл түбегейлі ландшафтық экспедициялар ұйымдастыру еді. Ландшафтық түсірілістер ірі масштабта жүргізіліп табиғи территориялық комплекстер болды. Ландшафтық түсірілістер кезінде табиғи компоненттері, тіпті оның ауылшаруашылық потенциалы анықталды. Осы ізденітер нәтижесі ол ландшафтардың динамикасы мен эволюциясы туралы алғашқы идеялардың пайда болуы.1944-46 жылдары Б.Б.Полынов жаңа ғылыми бағытқа – ландшафттағы химиялық элементтер миграциясын танып білуге жол ашты . Ландшафтану ғылымының дамуына 1955 жылы Ленинград қаласында болған 1 ландшафтану жиыны үлкен үлес қосты. Бұл жиындарда, мерзімді басылымдарда ландшафтанудың теориясы, ізденіс әдістері, ландшафттық карталар жасау талқыланды. 1961-65 жылдары 1:4000000 масштабтағы ТМД территориясы бойынша ландшафттық карта жасалында.