1. Ландшафттану пәнінің ғылым ретінде қалыптасуы және оның басқа ғылым салаларымен байланысы


Мәдени ландшафттардың негізгі сипаттамасы



бет31/33
Дата24.04.2023
өлшемі72,41 Kb.
#86205
түріҚұрамы
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33
Байланысты:
1. Ландшафттану п ніні ылым ретінде алыптасуы ж не оны бас а (1)

53. Мәдени ландшафттардың негізгі сипаттамасы. Мәдени ландшафт антропогенді ландшафтардың жіктемелік категорияларының бірі. Шаруашылыққа қажетті бағытта табиғи ландшафтты өзгерту жолымен адаммен жасалған (жыртылган жерлер, кұрғатылган батпактардың орнындағы шалгындар, егістік айналасындагы орманды жолақтар т.б.)
Мәдени ландшафттың негізгі сипаттамалары:

  • Табиғи әрекет пен адамның әрекетін біріктіреді.

  • Эстетикалық құндылығы жоғары.

  • Символдық мән.

  • Ұйымдастыру және құрылым.

  • Тарихи сипат.

  • Бұл материалдық және материалдық емес құндылықты білдіреді.

  • Оның анықталған кеңейтімі жоқ; бұл өте үлкен немесе өте кішкентай кеңістік болуы мүмкін.

  • Бұл өнеркәсіптік орын, саябақ, бақ, зират немесе дала болуы мүмкін.

54. Жерге орналастыру жұмыстары сипаттамасы және түрлері.
Жерге орналастыру — мемлекеттегі жер қатынастарын, жерді пайдалану мен қорғауды ұйымд6астыруға бағытталған іс-шаралар жүйесі. Жерге орналастыру жұмыстары: жерді аймаққа бөлудің республикалық, облыстық, және аймақтық жобалары мен жер ресурстарын пайдалану, жақсарту және қорғау бағдарламаларын әзірлеуді; жер пайдалану ісін жолға қою мен ретке келтіру жөнінде шаруашылықаралық жобалар жасауды; жер учаскесіне меншік құқығына және жер пайдалану құқығына құжаттар дайындауды; орналасқан жерінде елді мекендердің шекарасын анықтау мен белгілеуді; әкімшілік-аумақтық құрылымдардың, ерекше қорғалатын табиғи аумақтардың және жерді пайдалану мен қорғаудың ерекше жағдайлары бар басқа да жер учаскелерінің шекараларын белгілеуді; бүлінген жерлерді жаңғырту мен жаңа жерді игеру жобалары жатады. Сондай-ақ, жерді пайдалану мен қорғауға байланысты басқа да жобаларды әзірлеуді; жерді есепке алу ісін жүргізуді, пайдаланылмай жатқан, ұтымды пайдаланылмай жүрген немесе нысаналы мақсаты бойынша пайдаланылмай отырған жерді анықтауды; топографиялық, геодезиялық, картографиялық, топырақтық, геоботаникалық және басқа да зерттеу мен іздестіру жұмыстарын жүргізуді; жер кадастры мен жер мониторингін жүргізуді; жер ресурстарының жай-күйі мен пайдаланудың кадастрлық және тақырыптық карталары мен атластарын жасауды; жер-бағалау жұмыстарын жүргізуді қамтиды. Жерге орналастыру атқарушы органдардың шешімі не меншік иесінің, жер пайдаланушылардың өтініші бойынша жүргізіледі. Мемлекеттік меншіктегі жерден жеке меншікке немесе жер пайдалануға жер учаскелерін бөлуге, сатуға және бағалауға байланысты жерге орналастыру жұмыстары, сондай-ақ, әкімшілік құрылымдардың шекараларын белгілеу, жер кадастрын жүргізу және жерді есепке алу жөніндегі жұмыстар мемлекет тарапынан ғана жүзеге асырылады. Ол жерді тиімді пайдалану мен қорғауды ұйымдастыруға арналған жер заңдарының сақталуын қамтамасыз ету жөніндегі шаралар жүйесінің маңызды құралы болып саналады Жерге орналастыру – мемелекеттің жер саясатын іске асырудың, жер қатынастарын реттеуге, Өткен онжылдықтағы жерге орналастыру, көпжылдық экономиканың негізі ретінде жерге шаруашылық жүргізудің сан алуан формаларын қалыптастыруға бағытталған жер реформасымен, өзара байланысты түрде жүзеге асырылып келді. Қоғамның құрылысты түбегейлі өзгерту жөніндегі қайта құру процестері, халық шаруашылығының бүкіл салаларында, соның ішінде аграрлық экономикада, жер қатынастарында кең орын алды. Олар бірнеше кезеңде өрбіді. Бірінші кезеңге 90-жылдардың басында Ркспубликаның Жоғарғы Кеңесі 1990 жылы 17 қарашасында қабылданған Жер Кодексі негізінде орын алған өзгерістер жатады. Аталған құжатта алғашқы рет жаңа шаруашылық құрылымдардың ШФҚ дың, кооперативтердің, ЖМШ–ның даму және басқа да жаңашылдықтар назарға алынады. Екінші кезең, 1994 жылы ҚР Президентінің жер қатынастарын реттеу және жетілдіру туралы екі жарлығымен, жер пайдалану құқығы жөніндегі келісім – шарттарды жасасуды заңдастырумен байланысты
56. Ландшафттық дизайн және оның қалыптасуы. Ландшафттық дизайн табиғи компоненттерді белсене қолдана отырып жасанды ортаны қалыптастыруға бағытталған қызметтің түрі. Ландшафттық дизайн тарихы Ассирия Вавилон мемлекеттерінің кезінен басталады. Бұл термин алғаш рет АҚШ-та пайда болды. Ландшафттық дизайн жасылдандыру, көгалдандыру ауыл шаруашылығы кәсіпорындарын сәулеттендіру кіреді. Бақ өнерімен дизайны Ежелгі шығыста кеңінен дамыған. Ежелгі римдіктер мен гректер бақты үй іспеттес қорғаныс мақсатында қолданған. Жапонияда бонсай Қытайда Фэн-Шуй стилі дамыған. Көгалдандыру жұмыстарын жүргізгенде:
1.Табиғи климаттық жағдайы
2. Жердің геогрэафиялық орны
3.Топырақ құнарлылығы
Ландшафттық дизайн бірнеше стильдерді қарастырады. Соның ішінде Ренессанс стилі таңдау еркінділігімен ерекшленеді. Бұл стиль таулы жерлерге қолайлы болып келеді.
Баракко ландшафттық дизайнның ең керемет және бай стильдерінің бірі болып табылады. Ол классикалық бөлшектер мен романтизм принциптерімен біріктіріледі. Баракконың басты ерекшелігі- өсімдіктер қоршаған орта мен сәндік элементтер арасындағы тамаша байланыс. Бұл стильде өсімдіктер мен мүсіндер көп болы қарастырылады. Готика-өзімшілдік пен немқұрайлылықтың үйлесімі. Готикалық бақта симметрия басым болады. Сәлет өнерінің ерекшеліктеріне байланыста готика готика белгілі бір қараңғылық пен құпияны ба-бақшасаласына береді.
Еуропалық стильдің артықшылығы мен кемшілігі
Эстетика – күтімдегі қиындық
Қатаң стиль – аумақтың болмауы
Жайлы атмосфера – үлкен қаржылық шығындар
Ландшафт дизайны - ХХ ғасырдың тұжырымдамасы. Бұл термин Батыс Еуропада, халқы тығыз және индустриалды дамыған елдерде пайда болды: Ұлыбритания, Германия, онда жаппай индустрияландыру және қала маңындағы өсу қоршаған ортаға тез қысым жасады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   25   26   27   28   29   30   31   32   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет