1-Лекция. Математиканы оқыту әдістемесінің, негізгі мәселелері мен мақсаттары


-Лекция. Математиканы оқытудағы есептің ролі



бет10/20
Дата06.01.2022
өлшемі491 Kb.
#15511
түріЛекция
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20
Байланысты:
6a1dcbb6-dc96-11e4-b960-f6d299da70eeдидактика каз лекциялары

9-Лекция. Математиканы оқытудағы есептің ролі
Педагогикалық күрделі мәселенің бірі ­– оқушыларға есеп шығаруды үйрету. Оның күрделілігі кез келген есепті шығарудың кілті болатын жалпы ортақ әдістің жоқтығында. Бірақ типтік есептердің шығару әдістері бар. Дегенмен тәжірибе көрсеткендей, сол типтік есептерді шығаруды үйретудің өзі де жоғары дәрежеде емес. Математикалық есептердің білім берудегі мәні Математикалық есептерді шеше отырып, оқушылар көптеген жаңа мәселелерді таниды: есеп шартында жазылған жаңа жағдайлармен танысады, математикалық теорияны есептерді шешуге қолданылуымен, есептер шешудің жаңа әдістемесімен, танымдық немесе есептер шешуге қажетті математиканың жаңа бір саласымен танысады, жеткілікті түрде жаттығу арқылы дағды қалыптастырып, математикалық білімін көтереді. Математикалық есептердің іс-тәжірибелік мәні Математикалық есептерді шешу барысында оқушы математикалық білімдерін іс-тәжірибелік қажеттіліктерге пайдаланады, өзінің болашақтағы іс-тәжірибелік қызметіне (қажетті) керекті істермен айналысады. Іс-тәжірибелік қажеттілігі бар барлық конструкторлық есептерде математикалық есептерді шешуге тура келеді. Үдерістерді сипаттап, математикалық аппараттын қолданбай, математикалық есептеулерсіз зерттеу жүргізу мүмкін емес. Математикалық есептер физикада, химияда, биологияда, электротехника мен радиотехникада т.б. зерттеулерде және теориялық негіздерді түсіндіруге қажет. Оқушылардың ойлау дағдысын дамытудағы математикалық есептердің мәні Математикалық есептер шешу оның шартында берілгендер мен ізделіндіні салыстыруға, керісінше салыстыруға, мәселелер мен қорытындыны бір-бірінен ажыратуға мүмкіндік береді. А.Я. Хинчиннің айтуынша математикалық есептер оқушыларды дәлелмен дұрыс ойлауға үйретеді. Есептер толығымен дәлелді, белгілі заңдар негізінде жалпы қорытындылар жасайды, дәлелді аналогияға сүйеніп, барлық жағдайларды қарастырады. Математикалық есептерді шешу арқылы ерекше ойлау стилі, ойымыздың формальді-логикалық формасы қалыптасады, ойдың орнықтылығы, ойлау жолының дәлдігі, символиканы қолдана білу дағдысы, еске сақтау, елестету дәлдігіне үйретеді. Математикалық есептердің тәрбиелік мәні Есептер өзінің мазмұны арқылы тәрбиелейді. Қоғам дамуына қарай есеп мазмұны да өзгереді. Ресейдің революциядан бұрынғы есептер жинақтарында және капиталистік елдерге тән: сатып алу, сату кезінде табыс табу, азартты ойындар туралы есептер бар. Кеңес мектебінің оқулықтарында оқушылардың моральдік сапасы, ғылыми дүниетаным, интернационализм, ұжымдасуға, Отанды сүюге тәрбиелейтін есептер бар. Отанды сүюге, халық шаруашылығының жетістіктерін насихаттайтын есептер бар. Есептерді шешу дұрыс жолға қойылса, оқушы ұстамдылыққа, шыдамдылыққа, өз жолдасының еңбегін бағалай білуге үйренеді. Мектепке математикалық талдаудың ендірілуі оқушылардың диалектикалық-материалистік дүниетанымын қалыптастыруға мүмкіндік берді. Білімнің негізі дүниетаным болып саналады. Математикалық есептер педагогикалық, дидактикалық, даму мақсаттарын алға қояды. Бұл мақсаттар есептің мазмұны және шығарылуы, қолданылуы арқылы іске асады. Математикалық есептердің оқытудағы білім, білік және дағдыларды қалыптастырудағы рөлі. Математикалық ұғымдарды меңгеру үшін есептер шешіледі. Математикалық жаттығулар орындап, есептер шешу арқылы ұғымды қалыптастырғанда ғана оқушының нақты білімі болады. Математикалық символиканы меңгерудегі есептердің ролі. Математиканы оқытудың бір мақсаты математиканың тілін, символикасын білу. Мысалы, өрнектерде жақша қандай роль атқарып тұрғанын анықтаңыз және өрнектерді ауызшы оқыңыз 1) ; 2) ; 3) ; 4) ; 5) ; 6) 7) t=-8, 8) мұндағы . Бірінші өрнектің оқылуы: екі бүтін екіден бір мен бестен екінің көбейтіндісі мен бір бүтін оннан бестің қосындысы мен ноль бүтін оннан бірдің айырмасы. Символиканы үйренудегі басты мәселе: есептер шешу барысында оны дұрыс қолдану.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет