1-лекция. Саясаттану ғылым және оқу пәні ретінде жоспары



Pdf көрінісі
бет38/126
Дата10.12.2023
өлшемі1,06 Mb.
#136210
түріЛекция
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126
Р.Михельс
(1876-1936жж) элитологияның негізгі классиктерінің бірі, оның теориясының 
негізгі бағыттары мынадай: 

Элитаның билігі оның ҧйымшылдығына тәуелді, яғни тек ҧйымшылдық қабілеті ғана 
билікке кепілдік бермейді, сондай-ақ кез келген ҧйымшыл қоғам элитаның әрекет етуіне жағдай 
жасайды; 

Кез келген қоғамдық ҧйымның элитарлық қҧрылымының болуы сӛзсіз; 

Партиялардағы билік іс жҥзінде азғана адамдарға тән, олар партиялық иерархияның 
жоғары сатысындағылар; 

Кез келген ҧйымға элитаның билік ҥшін кҥресі тән. Ескі мен жаңа кӛсемдер арасындағы 
кҥрес біріншілердің алшақтауымен аяқталады. Бҧл процестің қорытынды актісі элитаны 
ауыстыруға ғана емес, оны қайта ҧйымдастыру. Олардың бірігуі жҥзеге асады; 

Демократияның басқару аппаратынсыз мҥмкін еместігі, соңында артықшылыққа ие 
адамдар тобын қалыптастырады. 

Р.Михельстің негізгі қорытындысы, ҥлкен ҧйымдарды олигархиясыз басқару 
техникалық мҥмкін емес. 
Моска, Парето, Михельс теориялары мемлекетті басқаратын немесе оған талпынатын 
топтарды теориялық және эмпирикалық зерттеуге итермеледі. Элитаның қазіргі заманғы 
теориялары әр тҥрлі. Тарихи алғашқы теория, әрі қазіргі кезеңде ӛз мәнін жоймағаны 
макиавеллилік мектеп
/Моска, Парето, Михельс/ болып табылады. Оларды біріктіретін 
мақсаттар мыналар: 

Элитаның ерекше сапасы, оның басқару мен ол ҥшін кҥресте кӛрініс беретін табиғи 
дарынымен және тәрбиесіне байланысты

Элитаның топтық тҧтастығы. Топтың тҧтастығын тек кәсіби статус, әлеуметтік 
жағдайы мен мҥдделер ортақтығы ғана емес, сонымен бірге элитарлық ӛзіндік сана, басқаруға 
деген қҧштарлық да қалыптастырады; 

Элитарлықты кез келген қоғамнның мойындауы, оның артықшылыққа ие 
шығармашылық азшылық пен белсенділігі тӛмен, шығармашыл емес кӛпшілікке бӛлінуі; 

Элитаның қалыптасуы мен ауысуы билік ҥшін кҥрес барысында жҥзеге асады; 

Элитаның қоғамда жалпы конструктивті, басқарушы, билеуші рӛл атқаруы; 
Элитаның 
макиавеллилік 
теориясы 
психологиялық 
факторлардың 
маңызын 
арттырғандығы, бҧқараның қабілеті мен белсенділігін есепке алмағаны, қоғамның эволюциясын 
жеткілікті есепке алмағаны, билік ҥшін кҥреске қатынасының дҧрыс еместігі ҥшін сынға 
алынды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   34   35   36   37   38   39   40   41   ...   126




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет