1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Көнерген сөздер мен неологизмдер жөнінде не білесіз?мысал келтіріңіз



бет37/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86
Байланысты:
лексикология

29.Көнерген сөздер мен неологизмдер жөнінде не білесіз?мысал келтіріңіз
Көнерген сөздер
Сөздердің көнеру процесі кенет бірден бола калатын құбылыс емес, әуелі қолдану жиілігін бәсендетіп, пассив сөзге ауысады да, соңынан жаңа ұрпақтың біреуіне жеткенмен кейінгілерге емін-еркін жете алмай, түсініксіз больп ұмытыла бастайды. Бара-бара қолданудан біржола ығысып, кейбіреулері тілден жоғалып та кетуі мүмкін. Көнеру сипаты мен тілдегі қоллану ерекшеліктеріне карай көнерген сөздер архаизмдер мен историзмдер больп екі салаға бөлінеді. Арханзмдер халықтың күнкөріс тіршілігіне, салт-сапа тұрмысына, әдет-ғұрпына, дүниетанымына карай әр дәуірде өзгеріп, басқаша сөздермен ауысып отырған немесе ескіріп біржола қалып қойған сөздер, Қазақ тілінде архаизмдердің мынадай түрлері бар.
1. Мата-кездеме атауларымен байланысты архаизмдер; торка, макная, шайы, найы, мауыты, биқасап, борлат, лостек, ақсан, репес, манат, дүрая, патсайы, берен, тұқаба т.б.
2. Салт-сана, әдет-ғұрыпка қатысты архаизмдер: сауын айту, урын бару, киіт кию, жылу жинау, тілеу азық, мертікас, жарысқазан, томыртқа, тоқымқағар, отқасалар, бесік құда, беташар, тасаттық, бастанғы, қолкесер, барымты, қалыңнал, өлтірі, қырықжеті.
3. Киім-кешек, ыдыс-аяк атауларына катысты архаизмдер: шекпен, күні, кебіс, соукеле, жарғак, иба, кісе, қокы, жағлан, кухәнари, кепеже, саттыанқ, қазанқан, күтек, сапалы, талс, шопашк, керсен, астау, кебене т.б.
4. Діни ұғымга қатысты архаизмдер: қилмет қайым, мүңкір- нонкір, біродар, мүфти, відия, ахирет, қате, зекет, қүшыр, жарапазан. әзірейіл, сөресі, ішірткі, кімнен ашу, дем салу, үшкірту, аптау, пірге кал тапсыру, актык байлау, жып, кері
5. Үй тұрмысына, мал атауларына қатысты архаизмдер: лашық. итарқа, жаппа, шошала, жалын үй, ергенек, иткірмес, дағара, қақыра, аран, Шопаната (қой), Камбарата (жызкы), Ойсылкара (түйе). Зенгібаба (сиыр). Шекшеката (ешкі) т б.
6. Әртүрлі ұғымға катысты архаизмдер: аламан, алапа, албан, аластау, аксарбае, пат, ақсақазык, ақшом, ақшоышы, ақсұйек, ақ- такк, акырета, жаушы, жоралгы, мор, бұзаушық, тоғанақ т.б.
7. Жалпы түркі тіддеріне тән архаизмдер: будун, ұлық, улыс, хүрт, мотр, толатай, адах, дархан, бек, мештч.б.
Тарихи сөздер. Дәуірі өтіп, сол ескі заманнын өзімен коса жоғалған сөздер тарихи сөздер ден аталады. Тарихи сөздердің көнеруі тарихи атаулардың құрып бітуімен, біржола жоғалуымен байланысты болады. Тарихи сөздерді де бірнеше топқа бөлуге болады: 1. Әкім- билік, ел баскарумен байланысты туған тарихи создер: а) хан, ханша, ханым, ханзада, тақ, тож, уәзір, бек, бекзада, датқа, патша, ағасұлтан, ауылнай, болыс, старшын, би, қазы, атшабар, шабарман, нөкер, құл, күн, орда, малай, бикеш, бәйбіше, токал, дуан, елубасы, урядник, пристав т.б.
2. әскери атақ пен кару-жараққа катысты тарихи сөздер: садақ, жақ, жебе, қорамсақ, оқшантай, сауыт, қалкан, айбалта, найза, жасак, қосын, шеру, дулыға, байрак, адырна, қозыжауырып, ақберен, шарайна, наркескен, кіреуке, аламан, білтелі мылтық, шиті мылтық, алдаспан т.б.
3. Кеңес тұсында пайда болған тарихи сөздер: нарком, губком, совдеп, рабфак, жалком (жалшылар комитеті), отарба, тоз, кедейлер комтеті, портия ұясы, қызыл әскер, қызыл отау, НЭП, нэпман, косшы, озара салык, БК(б)!, үн хатшы, саужай (сауатсыздықты жою) т.б.
Неологизмдер
Қоғамдық қатынастар, ғылым мен техника, мәдениет пен шаруашылықтың дамуымен байланысты тілде пайда болған жаңа сөздер мен сөз тіркестері неологизмдер деп аталады. Неологизмдер тілте сіңісіп, жалпыхалықтық сипат ала қоймаған жаңа сөздер деген ұғымды білдіреді. Халықка әбден танылып болмаған, белгілі бір саладағы тар көлемде қолданылып жүрген жаңа создердің бәрі де неологизмдердің тобына кіреді. Бір заманда діни окуды қоғамнан шеттетіп, жаңа окуды емірге ендірген кезде осы күнгі мұғалім, мектеп, класс, тақта, парта, оқушы, карта, глобус, компас деген танымал сөздердің өзі қазақ үшін неологизмдер болып саналғандығына сшбір күмән келтіруге болмайды. Одан бергі кезеңдерде тілімізге қаптап енген колхоз, совхоз, электр, трактор, радио, артист, сахна т.б. сөздер де неологизмдер тобын көбейткен еді. Казіргі танда аталған сөздердің барлығы да жалпыхалықтық сипат алып, тілге әбден сіңісті де, неслогизмдердің қатарынан шығып қалды. Осы кезде казақ тілінің лексикасы жыл санап емес, күнбе-күн өсш тольшып отырады деуге болады. Бүгінгі неологизм деп таныған сөзіміз 5-10 жыл өтісімен-ақ неологизмдердің қатарынан шыгып, ең актив сөздердін қатарына барып қосылып жатады. Мысалы: теледидар, атомоход, снутник, космос, космодром, космонавт, космогония, космонавтика, космошлем, ракетодром, синтетика. нейлон, капрон, лавсан, нейтрон, силон, пластикат, ракетчик, кибернетика, стиляга, абстракционизм, культиватор т.б. Кейде нсологизмдерге шек койып ажыратудын өзі өте киын екендігін аңғарамыз. Мұңдағы ұстайтын негізгі принцип жаңа сөздің бір тілде сөйлеушілерге қаншалықты түсініктілігімен ғана өлшенбек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет