1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Метафораның зерттелуі жайлы баяндаңыз. Метафораға мысалдар келтіріңіз



бет34/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86
24. Метафораның зерттелуі жайлы баяндаңыз. Метафораға мысалдар келтіріңіз.
Қазақ тілі-әлем тілдері арасындағы сөздік қоры бойынша ең бай тілдердің бірі. Сан ғасырдан бері ата бабадан мирас болып келе жатқан киелі дүниеміз. Ол- халықтың алтыннан қымбат кені. Тіліміздегі сөздік қордың аййқын дәлелі ол- ақын-жазушылардың сөздерді қолдану аясы болады. Мәселен оған метафораны да жатқызамыз.
Ғалым А.Салқынбай «Қазіргі қазақ тілі» атты оқу құралында метафораға тоқталады. «Метафора-болмыстағы белгіні нысанның сыртқыне ішкі ұқсастығының болуынан атаулардың ауыспалы мағынада жұмсалуы. Қазақ тіл білімінде метафора құбылысы біршама жақсы зерттелген. Сөздің мағыналық құрылымына дамуымен байланысты метафоралық құбылыстар мен олардың лебіздегі қолданысында өзгешеліктер мен айырым белгілері болатыны анық.»
Ғалым Абитжанова Ж.А. өзінің 2009 жылы қорғаған «Орхон-Енисей ескерткіштері тіліндегі метафоралардың уәжділігі мен семантикасы » атты кандидаттық диссертациясының авторефератында: «Метафоралардың тұжырымдық өрісін құраушы тәсілдерге синонимдер, кірмесөздер, фразеологизмдер, әлеуметтік диалектер, термидер, жұмбақтар, ақын-жазушылар шығармалары да жатады. Ескерткіш тіліндегі ұзынтонлығы метафорасына бүгінгі күнгі әйел, қатын, зайып, жамағат, жұбай, ұрғашы, шүйкебас, ақжаулық, төмен етек сөздері синоним бола алады».
Зерттеуші ғалым Ж.К.Омирбекова өзінің 2005 жылы қорғаған «Метафора және тіларалық транспозиция (Ә.Нұрпейісованың «Соңғы парыз» роамын бойынша)» атты кандидаттық диссертациясының авторефератында былай деп жазады: «Метафора- сыртқы не ішкі белгілеріндегі ұқсастықа қарап, бір зат атауының басқа бір затқа атау болуына байланысты сөз мағынасының ауысуының бұл тәсілінің негізінде ұқсату заңдылығы жатыр. Метафора- ұлттық тілдегі өзіндік күрделілігі бар, әр түрлі ұлттық бояуға қаныққан категория.
Метафора-тіл құралы, ол тек шындықты суреттеуге арналған деген идея адамзаттың өмірді, яғни шындықты зерттеу әлемді қарапайым зерттеудің жалғасы деген көзқарасынан туындайды.»
Филология ғылымдарының кандитаты Кәрібаева Саягүл Елтайқызы 2010 жылы қорғаған «С.Мұқанов поэзиясындағы авторлық метафоралар (когнитивтік аспект) атты кандидаттық диссертациясының авторефератында:»Метафоралардың когнитивтік сипаты адамның ойлау әрекетінің ерекше көрінісі ретінде қарастыралытыны мәлім. Бұл дегеніміз қоршаған әлемді тек логикалық-позитивтік жолмен ғана емес, эстетикалық мақсатта қолданылатын бейнелі құралдар арқылы да тануға болатынын дәлелдейді.»
А.Б.Әмірбекова «... жеке лексемаларды, фразеологизмдерді, прозалық мәтінді когнитивтік тұрғыдан зерттеген еңбектер бар. Ал қазақ поэтикалық мәтініндегі концептілердің көрінісі мен автордың концептісін таныту және қолдану шеберлігіне қарай оны әр деңгейде торптастыруға болатыны анықталды...»,- деп тұжырымдайды.
Метафора- қазақ тілінің сөздерінің қолдану аясын кеңейтуге арналған құбылтудың айрықша түрі. Метафораны қолданып, айтар ойын басқа затпен ауыстыру арқылы әсем де тиянақты етіп жеткізуге болады. Метафораны кез келген әдеби шығармадан яки болмаса кез келген әдеби өлеңдерден оңай кездестіруге аламыз. Қазіргі таңда қарапайым «жапырақ» сөзінің өзінен де бірнеше метафоралар жасауға болады, бұдан шығар қорытынды, метафора- қазақ тілінің тіл ерекшелігінің алтын қазынасыы іспеттес.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет