26.Диалектизмдер мен кәсіби сөздер арақатынасын сипаттаңыз Алдымен аталған терминдерге жеке түсініктеме беріп өтсек.
Диалектілік (гр. dialektos - сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі (аймак, облыс я аудан) жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын создер жатады. Диалектілік сөздер бүкіл ұлттық, лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, өйткені олардың басым көпшілшігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар.
Арнаулы сөздердің бір түрі - кәсіби сөздерге жалпы халыққа бірдей түсінікті бола бермейтін, белгілі кәсіп я шаруашылық саласымен шүғылданатын адамдардың арасында ғана айтылып, соларға түсінікті сөздер мен сөз тіркестері жатады.
Кәсіби сөздер таралу сипаты жағынан да біркелкі емес. Осыған орай кәсіби сөздер скі топқа бөлінеді: жалпыхалықтық кәсіби сөздер, диалектілік (сөйленістік) кәсіби сөздер.
Диалектілік (сойленістік) кәсіби сөздерге белгілі бір аймак (облыс, аудан) колеміндегі кәсіпке катысты, негізінен сол жердің тұргындары ғана қолданатын сөздер жатады. Мұндай кәсіби сөздер белгілі бір жерде ғана айтылып, таралу аймағы шектеулі болғандықтан, диалектілік (сөйленістік) сөздерге ұқсайды. Әдетте ондай сөздердің таралу шегі белгілі бір диалект я сөйленіс келемімен деңгейлес келіп отырады. Диалектілік кәсіби сөздердің бірқатарының әдеби тілде жалпыхалықтық баламалары бар: аскелді - әдеби асқабақ: бәдірең - әд. қияр: комбеқонак, бормн/порми - әд, жүгері т.б. Сол себепті мұндай сөздер әдеби тілге енбейді. Ал диалектілік кәсіби сөздердін көбінде әдеби балама жок, жалпыхалықтық қолданыста болмағандықтан, әлі әдеби тілге енбей келеді. Мысалы, жер суланды- руға байланысты үлкен арық атаулары: айғыржап, әнер, желке арық, қазына арық, оман арық, өстен арық, кішкене арық атаулары: бал, бау арық, жап, жандарма, желі, жоя, жүйек, қарық, қол арық, қол жап, қолшық, құлақ орық т.б.
27Метафораның когнитивтік теориясына тоқталыңыз.Мысал келтіріңіз Метафораның когнитивтік теориясы туралы Эрл Маккормак: «Метафораны танымдық үдеріс ретінде суреттеуде тілді жасаушы адам санасының терең құрылымдық сипатын түсінуіміз керек»,-дейді. Сонымен қатар зерттеуші когнитивтік тұрғыда метафораның зат-мағына-таңба үштігі шеңберінде қарастыра отырып, метафораның қоршаған әлемді тану арқылы тілді, тілдік бірліктерді адам танымын кеңейтетін құрал екендігін де атап көрсетеді. Ауыспалы мағыналардың туындауы фреймдер арқылы жүзеге асады.Жаңа мағыналы сөздердің жасалуын когнитивтік тұрғыда жаңа мағына жасауға негіз болып тұрған сөздерді негіз-фрейм деп алып, метафоралардың нәтижесі мақсат-фрейм ретінде қабылданады.Зерттеушілер метафораның когнитивтік бағыттағы, яғни таным нәтижесін беру құралы екендігі туралы мынадай қызметтерін атап көрсетеді:
Болмыстағы бар заттарман теңестіру, ұқсату арқылы затқа атау беру
1 Колхоздың қоң ет, майлы сүбесіне тұмсықтарын қадап қойып, сорып жатқан сүліктер
2 Зығышты уысымнан шығарып, еліне жіберуім керек.
3 Білім мен мәдениеттің ұрығын ауылдық жерге сендер сеппегенде, кім себеді?
Үзінділердегі сүлік, уыс, ұрық сөздері болмыстағы бар заттар, қаламгер осы сөздерді сорып жату, шығару, білім мен мәдениет сөздерімен тіркестіріп, жаңа мағыналы образды сөз жасаған.
Абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдарды қалыптастырады.Мұндай метафоралар концептуалды метафоралар деп аталып жүр. Д. Әлкебаев концептуалды метафоралар «өзінің бейнелілігін сақтай отырып жаңа лексикалық мағынаға ие бола алатын сөздер тобы»
1 Өзі бұрыннан да ескі, бірнеше жерінен ырсау салынып, әзер жүрген дөңгелек екен.
Дүниені кезіп-кезіп келіпті де, дәл осы раға жеткенде жан тапсырыпты.
2 Ғалия екеумізді көздерімен ішіп-жеп барады
3 Жақан менің көлеңкемде қалыңқырап қойған.
Дөңгелектің дүниені кезуі, кезе жүріп жан тапсыруы бала қабылдауына ыңғайланып алынған ауыспалы маңыналы сөз тіркестері. Дүниені кезу, жан тапсыру, көзбен ішіп-жеу, көлеңкесінде қалу абстрактілік мағынаны білдіретін жаңа ұғымдар.
Метафораның бағалауыш бейне тудыру қасиеті, бағаның кейіптелуі.Бейнелі сөздердің қаламгер туындыларында көбіне кейіпкерлер сөзінде орын алуына байланысты, әрі жазушының негізгі кейіпкерлері балалар болғандықтан құбылыстар мен заттардың бағалары, олардың бағалауыштық қасиеттері балалар танымы нәтижесінде көрінеді.
Қызыл көз жабыспақ пәледен құтылғанымызға біз қуаныштымыз.
Солардың бәрі-бәрінде де жау аңғал, қоян жүрек болып көрінеді. (өлгендер қайтып
келмейді, 31-бет)
3 Қап, мына ит қатырды-ау, ә! (өлгендер қайтып келмейді, 70-бет)
4 Кәдімгі көзі ашық, мәдени семьяға айнала бастаған. (өлгендер қайтып келмейді, 20-
бет)
Пәленің бала ұғымында қызыл көзді болатындығы, әрі пәленің жабыспақ кейпінде келетіндігі рас. Сонымен қатар балалар соғысты кино ретінде елестетеді, ондағы жау олар үшін аңғал, әрі қорқақ. Көзі ашық, мәдени семья шығармадағы Еркіннің ағасы үйленгеннен кейінгі жанұясында болған өзгерістерге берген өзіндік бағасы.
Метафора - индивидуалды-авторлық дүниетануды қалыптастыратын көркемсөз құралы