1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Термин сөздердің негізгі белгісін саралаңыз



бет36/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86
Байланысты:
лексикология

28.Термин сөздердің негізгі белгісін саралаңыз
1. Терминнің бірмағыналығы. Терминнің негізінен бір арнаулы сала ішінде ғана бір мағынаны білдіруі, синонимдерінің болмауы. «Бір таңбаланушыға – бір таңба, бір таңбаға – бір таңбаланушы» сәйкес келуі керек деген қағидаттан туындаған бұл талапты орындауға салалық мамандардың қай-қайсысы да мүдделі. Кейде бұл талаптың да орындалмай қалып жататындығын кездестіруге болады. Терминнің бірмағыналығы абсолютті және салыстырмалы болуы мүмкін. Бұл талаптың негізінен белгілі бір арнаулы терминология шеңберінде қойылатындығын ұмытпаған абзал.
2. Терминнің қысқалығы мен ықшамдылығы. Бірнеше сөздің тіркесуінен тұратын көп сыңарлы терминнің ұғым атауы ретінде, атаусөз ретінде қолдану қолайлылық туғыза бермейді. Атау сөздердің қысқа да нұсқа болғаны жақсы-ақ. Тіл үнемділікті ұнатады. Тіліміздегі көптеген көп құранды тіркестердің лексикалануы, біріккен, кіріккен сөздердің пайда болуы, күрделі атаулардың ықшамдалуы осы үнем заңының талаптары. Алайда терминологияда бұл талап үнемі орындала бермейді. Терминологиялық тіркестер, терминдер жүйесінде көптеп кездеседі. Терминнің көп құрамдылығы оның кемшілігі емес, қайта ондай атаулардың ұғым мазмұнын дәл беру тұрғысынан артықшылықтары бар деп санайтын ғалымдар да бар. Бұл тұрғыдан келгенде «Термин мағынасының дәлдігі оның қысқалығынан маңызды. Сондықтан да терминнің көп сыңарлы болуын оның кемшілігі деп есептеуге болмайды. Егер қандай да бір ұғым бір-бірімен өзара жақсы үндескен сөздерден тұратын тіркеспен аталса, онда ол терминнің жүйелігін және сол ұғымның өзге ұғымдармен байланысын көрсетеді».Терминнің қысқалығын а) Лексикалық ықшамдылық; ә ) тұлғалық ықшамдылық деп іштей екіге жіктепткөрсетушілер де бар.
3. Терминнің тілдегі сөзжасам заңдылықтарына сәйкес келуі. Терминдер де негізінен жалпы әдеби тілдегі атау сөздер сияқты ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін пайдалану арқылы туындайды. Салалық терминдердің көпшілігі әр саланың ғалымдарының, практик мамандардың қаламынан туындайды. Салалық мамандардың барлығы бірдей ұлт тілінің сөзжасам тәсілдерін, тілдік заңдылықтарды, дыбыстардың тіркесі мен қосымшалардың жасалу ерекшелігін, сөздердің тіркесу қабілетін жетік біледі деп айту қиын. Оның үстіне ұтымды атау жасау үлкен талғампаздық пен шығармашылық қабілетті қажет ететін күрделі жұмыс. Сондықтан да терминологияда сөзжасам заңдылықтарын қанағаттандыра бермейтін термин-сөздер ұшырасып қалып жатады.
4. Тілдік нормаға сәйкес келуі - кәсіби жаргондардың, фонетикалық және грамматикалық нормадан ауытқулардың болмауы.
5. Терминнің туынды сөз жасауға қолайлы болуы. Бұл талап терминнің ықшам болуы қажет деген талаппен үндеседі. Қазақ тілі жалғамалы тілдер қатарына кіретіндіктен неғұрлым қысқа, ықшам атауларға сөз тудырушы жұрнақтарды үстіүстіне жалғау арқылы бір түбірден немесе негізден бірнеше туынды сөз, жаңа атау жасауға болады. Ал көп құрамды атаулар бұл талапқа жауап бере алмайды. Бұл талапты терминге сөз тудыруға (деривациялық) қабілеттілігі деп те атайды. Ықшам жасалған, қысқа терминнен туынды термин жасау мүмкіндігі қашанда мол.
6. Терминде эмоционалдылық пен экспрессиялықтың болмауы. Жалпы ғылым тілі бейнелікті, образдылықты емес, әр ұғымды өз атымен атауды қажет ететін дәлдікті, нақтылықты қалайды. Сол себептен де ғылым тілінің негізін құрайтын терминдердің эмоционалдық тұрғыдан бейтараптық танытып, оларға экспрессияның тән болмауы талап етіледі.Ескерту: Терминге эмоционалдық пен экспрессиялық жат емес деп санайтын тілші-терминолог ғалымдар да бар. Солардың бірі В.Н. Прохорова «Терминнің эмоционалдығы туралы» деген мақаласында лексика-семантикалық жолмен жасалған терминдердің метафоралығы мен метонимиялылығы оның эмоционалдығын білдіреді... Сондай-ақ егер термин белсенді қолданыстағы эмоционалды сөздерден жасалса, онда термин де сол эмоционалдық бояуды сақтайды – дейді.
7. Эстетикалық талаптарға сай келуі. Терминнің дыбысталуы айтуға қолайсыздық туғызбай, естуге жағымды болуы. Құлаққа қораштау естілетін, айтуға ауыр қарапайым лексика қатарынан, жаргон, арго сөздердің термин ретінде таңдалмағаны жөн. Кейбір ғалымдардың «терминнің үндесімділігі» деп атап жүргені осы эстетикалық талапқа сәйкес келеді. Терминнің үндесімділігі – терминге қойылатын бұл талаптың екі аспектісі бар. Оның біріншісі – терминнің айтуға қолайлы болуына байланысты туындайтын орфоэпиялық тұрғыдан жағымды дыбысталуы. Мысалы, құқық.Екіншісі – термин өзі қолданылатын саладан тыс қажетсіз, жағымсыз ұқсастық ассоциация туғызбауы керек. Мысалы, боқша, қарайғыр, т.б.
8. Терминнің қолданысқа енгізілгендігі (внедренность термина) – терминді мамандардың, ғылыми қауымның қабылдауы немесе оның жаппай бірізді қолданылатындығы.
9. Синонимдердің болмауы – терминологиядағы «бір ұғымға – бір ғана атау» қағидатына сәйкес синонимдердің болмауы талап етіледі. Мінсіз жасалған терминологияға қойылатын бұл талап үнемі орындала бермейді. Алайда «терминологияға да синонимділік тән» деп санайтын көзқарастың бар екендігіне қарамастан, терминологияда синонимділіктің болмауы үнемі талап етіліп келеді.
10. Инварианттылық – фонетикалық, графикалық, морфологиялық, сөзжасамдық және синтаксистік варианттардың болмауы.
11. Терминнің уәжділігі – термин мағынасының ұғынықты, өзі белгілейтін ұғымы жөнінде анық мәлімет беруі




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   32   33   34   35   36   37   38   39   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет