1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет33/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86
Көңіл құсы құйқылжыр шартарапқа,
Адам ойы түрленіп ауған жақта.
Көріп келе жатырмыз
Коммунизм вокзалын
Мен сонда келещектің нұр келбетін
Арманның дүрбісімен жақындаттым
Осындағы көңіл құсы, коммунизм вокзалы, арманның дүрбісі деген метафоралық қолданыстар әр ақынның өзіндік қолтаңбасын танытады. Сондықтан да бұл тәрізді метафоралар жалпы халықтық емес, жеке қолданыстағы метафоралар деп аталады.
25.Қазақ тілінің негізгі сөздік қорына тəн белгіні айқындаңыз.
Қазақ тіліндегі барлық сөздердің жиынтығы сөздік құрам болса, негізгі сөздік қор оның негізгі ұйытқысы, қайнар бұлағы, шығу арналарының ең маңызды бөлігі болады. Сөздік құрамға қарағанда негізгі сөздік қордың сан мөлшері, көлемі әлдеқайда шағын болады. Өйткені оған кез келген сө кіре бермейді. Қоғам, адам өміріндегі ең қажетті ұғымдарды білдіретін жалпыхалықтық сөздер ғана кіреді.
Негізгі сөздік қорға тән басты белгі- тұрақтылық. Оған бірнеше ғасыр бойы өмір сүріп, барша ұрпақ үнемі қолданып келе жатқан сөздер кіреді. Осы күнгі қазақ тілінің негізгі сөздік қорындағы көптеген сөздерді бұдан бірнеше ғасыр бұрын жазылған ескерткіштерден кездестіруге болады. Мысалы, 5 ғасырдан қалған Талас ескерткіштерінде: ат, ер, сіз, тұл, отыз, ұғлан, күн, қыз. Негізгі сөздік қордың тұрақты сипаты бар дегенге қарап, ол тіпті де өзгермейтін құбылыс деп ұқпау керек. Сөздік құрамның даму барысында негізгі сөздік қоры- тарихи дамып отыратын категория, ол бірнеше ғасырдың жемісі. Сондықтан негізгі сөздік қор тек бір буынды сөздерден тұрады деп ойлауға болмайды.
Негізгі сөздік қорға тән екінші белгі- оның сөз тудыруға ұйытқы болатындығы. Негізгі сөздік қор болмаса, сөздік құрам молайып байымас еді. Әсіресе негізгі сөздік қордағы бір буынды түбір сөздерден қаншама сөз жасалып отырған. Мысалы: бір-біріне жақын екі мағынада қолданылатын күн сөзінен әр түрлі сөзжасам тәсілдері арқылы: күндіз, күнгей, күнім, күнелту, күндес, күншіл, күн тәртібі, күн көру, күнкөріс. Жер сөзінен: жер шары, жерсерігі, жерлеу,жер үй, жер шары сөздер жасалған.Жоғарыдағы мысалдарға қарап, тек бір буынды түбір сөздер ғана сөз тудыруға қабілетті екен деп ойлауға болмайды. Бірқатар туынды сөздер жаңа сөз жасауға негіз бола алады. Мысалы, ек сөзінен туған егін сөзінен егіншілік, егіндік, егіншілік сияқты сөздер туған. Негізгі сөздік қорға енетін сөздердің сөзжасам қабілеті де бірдей емес. Мысалы, өте көне замандардан белгілі екеніне қарамастан, сан есімдерден туған сөздер өте аз. Ал зат есім мен етістік түбірлердің көпшілігі сөзжасамда аса өнімді қызмет атқарады.
Негізгі сөздік қордың үшінші басты белгісі- оның жалпыхалықтық сипатында. Негізгі сөздік қорға енетін сөздерді қазақ тілінде сөйлейтін адамдардың барлығы тек түсініп қоймайды, оны күнделікті өмірінде үнемі қолданып отырады. Бұл арада адамдардың қызметіне, білім дәрежесіне, кәсібіне, жас мөлщеріне байланысты шек қойылмайды.
Негізгі сөздік қорға енетін сөздерге стильдік қабаттасулар тән емес. Оған кіретін сөздерді стильдік салалардың жеке түрлеріне телуге болмайды. Өйткені ол лексиканың ең негізгі саласы, жалпыхалықтық қолданыстағы сөздер.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет