1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Сөзге тән белгілерді санамалап көрсетіңіз



бет4/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
лексикология

3. Сөзге тән белгілерді санамалап көрсетіңіз.
Сөз- мағынасы мен түр-тұрпаты жағынан дара қасиетке ие тілдің бір бүтін дербес бөлшегі. Сөз-өте күрделі, көп қырлы құбылыс.
Сөздің табиғатын тереңірек түсіну үшін оның өзіне тән белгілерін айырып ажыратқан жөн. Сөздің мұндай белгілері оны өзге тілдік бірліктермен салғастырғанда анықталады.
1. Сөз бір дыбыстан да, дыбыстар тіркесінен де жасалады. Мысалы, а-«Қазақ тілі түсіндірме сөздігінің» көрсетуі бойынша сегіз мағына, ә- он бір мағына білдіретін одағай сөздер. Фонетика бойынша олар-дауысты дыбыстар, а мен ә фонемалық қызмет атқарғанда мағына білдірмейді, одағай ретінде жұмсалғанда, жоғарыда атап өтілгендей, бірнеше мән-мағынасы ие болады. Демек, сөз сөз деп танылуы үшін дыбысталу мен мағынаның бірлігінен тұруы қажет.
2. Сөз- тілдің дыбыстық заңдары бойынша жасалған дыбыстық құрылым бірлігі. Кездейсоқ дыбыстар тізбегі сөз бола алмайды.
3. Күрделі сөздер, тіркескен сөздер сыртқы тұрпаты жағынан сөз тіркестеріне ұқсайды. Сөз тіркесі сыңарларының аралығына басқа бір сөздің енуі ықтымал болса, сөз тұйықтылығымен, өзінің құрамына басқа бір сөзді ендірмеу қасиетімен ерекшеленеді.
4. Кез келген сөз тілдің грамматикалық заңдарынав сәйкес өмір сүреді. Сондықтан да ол әрдайым белгілі бір грамматикалық формада тұрады.
5. Сөз сөйлеу кезінде жасалмайды, даяр тұрған қалпында сөз тіркесінің немесе сөйлемнің құрамында жұмсалады. Еркін сөз тіркесі мен сөйлем- сөйлеу яки кезінде құрастырылады.
6. Сөздің еркін сөз тіркесінен және тағы бір айырмашылығы мынада: сөз белгілі бір сөз табына қатысты болып, соған телінеді.
Орыс тілі фактілері негізінде белгілі тілші Н.М.Шанский сөздің мынадай белгілерін санап көрсетеді: 1) фонетикалық жақтан тұтастылығы; 2) семантикалық валенттілікке иелігі; 3) арасына сөз салмайтындығы; 4) бір екпінге ие болатындығы; 5) бір лексика-грамматикалық категорияға қатыстылығы; 6) мағына мен дыбыс бірлігі; 7) қайта жасалынбайтындығы; 8) тұтастығы мен бірдей формаланатындығы; 9) көпшілік жағдайда сөз тіркестерінде қолданылатындығы; 10) ажыратылып тұратындығы; 11) номинативтілігі; 12) фразеологизмдік қасиетінің барлығы.
Жоғарыдағы баяндалған пікірлерді қорытындылай келе, сөзге мынадай анықтама беруге болады: Сөз дегеніміз – дыбысталуы мен мағынаның бірлігінен тұратын, дербес қолданылатын, тілдің бір бүтін бөлшегі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет