1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Сөздерді семантикалық белгілеріне қарай бөлу. В.Виноградовтың классификациясына тоқталыңыз



бет5/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
4. Сөздерді семантикалық белгілеріне қарай бөлу. В.Виноградовтың классификациясына тоқталыңыз.
Семантикалық топтастыру- ұғымы бірыңғай сөздердің мағыналық типтерін анықтауға негізделген болатын. Мысалы, мәдени, шарушылық. 1950 жылы В.В. Виноградов сөздің лексикалық мағыналарын үш типке бөліп көрестеді. 1) тура немесе номинативті мағына, 2) фразеологиялық байлаулы мағына, 3) синтаксистік шартты мағына.
1. Тура немесе номинативті мағына. Тура номинативті мағынасы бар сөздердің өзге сөздермен байланысы заттық-логикалық тұрғыдан айқындалады. Ондай сөздер заттар мен құбылыстардың бейнесімен тікелей қатынаста болады. Заттар мен құбылыстардың сөз тұлғасында тікелей бейнеленетін лексикалық мағынасытура мағына деп аталады. Тура мағыналы сөздердің тіркесіп жұмсалу қабілеті үлкен болады. Олар алуан түрлі сөздермен қарым-қатынасқа түсіп, емін-еркін тіркесе алады. Тілде бірқатар сөздер бірнеше тура мағына білдіре береді. Академик В.В. Виноградов бұлардың біреуін ғана негізгі номинативті мағына деп таниды да, қалғандарын туынды номинативті мағына деп атайды.
2. Фразеологиялық байлаулы мағына. Қазақ тілінде ата қоныс, қасқа жол, қысыр сөз, тас төбе, су жаңа, шырт ұйқы, тал түс, оймақ ауыз, қас батыр, ата жау, су жорға, ну орман сияқты екі сөзден тұратын бір алуан тұрақты тіркестер бар. Бұл мысалдардағы ата, қасқа, қысыр, тас, су, шырт, оймақ, қас сөздері әрі тура, әрі ауыспалы мағынада қолданылады. Тура мағынасында әлденеше сөздермен тіркессе, ауыспалы мағынасында санаулы, бірлі-екілі сөздермен ғана тіркеседі. Мысалы, ата деген сөздің тура мағынасы- «арғы әке». Ол «мекен,қоныс» сөздерімен тіркесіп, «ежелгі» деген ауыспалы мағынада жұмасала алады. Сөйтіп, бұрынғы мағынасының үстіне бейнелі, көркем мағына үстейді. Сөздердің фразеологиялық тіркестерде ғана анықталатын лексикалық мағынасы фразеологиялық байлаулы мағына деп аталады.
3. Синтаксистік шартты мағына. Сөз әдетте, жеке-дара сирек жұмсалады, көбіне сөйлем ішінде басқа сөздермен тіркесе қолданылады. Сөз сөйлемде белгілі бір синтаксистік қызмет атқару барысында мағыналық жағынан құбылып, дағдыдан тыс, жалпыхалықтық тілдегі үйреншікті мағынасынан басқаша реңк алып, өзгеріп тұрады. Мұндай жағдай көркем шығармалардың тілінде жиі ұшырасады. Мысалы, Махамбет Өтемісұлы ханға арнаған өлеңінде Хан емессің қасқырсың, Қас албасты басқырсың деп, қасқыр деген сөзді «озбыр, зұлым, жауыз» мағынасында жұмсаған. Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет