1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның айырмашылығын көрсетіңіз



бет6/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86
Байланысты:
лексикология

5. Лексикалық мағына мен грамматикалық мағынаның айырмашылығын көрсетіңіз.
Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына. Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі. В.В. Виноградовтың анықтамасы бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз – «тілдің грамматикалық заңдарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны. Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымының мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын жете түсіну үшін, ең алдымен, сөздің заттық-логикалық мәнін, екіншіден, сөздің лексикалық мағынасының оның басқа мағыналарымен қандай қарым-қатынаста екенін, үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасын соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Осы айтылған шартты белгілер тұрғысынан қарасақ, мысалы, сиыр сөзінің анықтамасында мынадай заттық белгілер қамтылуға тиіс: 1) заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бір түрі екендігі, 2) сырт көрінісі жағынан ірі қара малға жататыны, 3) табығаты жағынан: а) мүйізді ірі қара мал, ә) айыртұяқты мал, б) күйіс қайыратын мал екендігі. Міне, сиыр сөзінің осындай белгілері оның басқа мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.
Ал сөздің грамматикалық мағынасы дегеніміз грамматикалық амал-тәсілдер арқылы туатын, сөздің бірыңғай топтары мен сөз тұлғаларына, синтаксистік құрылымдарға тән, жинақталған дерексіз мағына. Грамматикалық мағына сөздің лексикалық мағынасы негізінде туады, бұл екеуінің арасында тығыз байланыс бар. Лексикалық мағынамен қатар жарыса қолданылып, оны айқындап, саралап отырады. Әдетте, сөздің бірнеше грамматикалық мағынасы болады. Мысалы, балам деген сөз зат есім, оның ішінде жалпы есім, жекеше, оңаша тәуелденудің 1 жағы сияқты бірнеше грамматикалық мағынанға ие болып тұр. Бірақ бұл грамматикалық мағыналардың бәрі де бала сөзінің лексикалық мағынасы негізінде туып тұр. Сөздің грамматикалық мағынасының пайда болу жолдары, түрлері грамматикада қарастырылады.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет