1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


мағынасы мен фразеологиялық байлаулы мағыналары орналасады



бет49/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86
мағынасы мен фразеологиялық байлаулы мағыналары орналасады.
Сөздік құрамындағы кез келген сөздің фразеологиялық байлаулы немесе контекстік шартты мағынасы бола бермейді. Номинатив (еркін) мағынаға ие болатын атауыш сөздердің көбіне-көп жұмсалу қабілеті күшті болады. Әсіресе, зат есім, етістік,сын есімдер тура мағынада да, бұрма мағынада да тілде жан- жақты, белсенді қызмет аткарады. Сол себепті осы топқа жататын сөздердің көпшілігі өздерінің тұрақты мағыналарының үстіне ерекше көркемдік реңк беретін (бейнелі) контекстік шартты мағыналар қосып алған. Мәселен, шыжық деген сөз белгілі контексте михнат, бейнет ұғымында, соқыр -- надан, топас мағынасында, шалқу -- асып-тасу, масаттану, масайрау мағынасында, сору -- аяусыз қанау, жеу мағынасында, қуыру-тықсырып қысу мағынасында, балқу -- ракатқа бату, кенелу мағынасында, тунеру -- ренжу, кею мағынасында, шатынау-- көзі шарасынан шығып ашулану мағынасында, шыңдау -ширату, шынықтыру мағынасында, шытынау -- орынсыз кею, ренжу ұғымында бейнеленген түрде қолданыла береді. Бұл сөздердің бейнелі мағынасы белгілі контекстен ажыраса болғаны, олар көркемдік сипатынан қол үзіп, өздерінің заттық тура мағыналарын білдіреді. Демек, сөздің контекстік шартты мағынасы тұрақсыз болады. Сондықтан да олар шартты мағына деп аталынады.
Синтаксистік шартты мағына
Сөз, әдетте сирек жұмсалады.көбіне сөйлем ішінде басқа сөздермен тіркесе қолданылады.Сөз сөйлемде белгілі бір синаксистік қызмет атқару барысында мағыналық жағынан құбылып,дағдыдан тыс,жалпыхалықтық тілдегі үйреншікті мағынасынан басұаша реңк алып,қзгеріп тұрады.Мұндай жағдайда көркем шығармалардың тілінде жиі ұшырасады. Мысалы, М.Өтемісұлының ханға арнаған өлеңінде Хан емессің қасқырсың, Қас албасты басқырсығдеп,қасқыр деген сөзді озбыр,зұлым,жауыз мағынасында жұмсаған.Сөздің сөйлемде өзіне дағдылы емес қызмет атқаруынан туатын ауыс мағынасы синтаксистік шартты мағына деп аталады.
Фоминаның бөлуі бойынша:
1.Сөздердің шындық болмысқа қарай пайда болған мағыналары
Сөз шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды тікелей де жанама түрде де атай алады.Сөздің затты яки құбылысты тікелей атап білдіретінмағынасы тура мағына деп аталады.Тура мағына сөздің тұрақты,негізгі мағынасы болып саналады.Алайда сөз әрдайым туралы мағынасында жұмсала бермейді. Сөзің затты құбылысты жанама жолмен (ұқсастығы, іргелестігі, шектестігі негізінде) атап білдіретін мағынасы ауыспалы мағына деп аталады. Сөздің шығу тегіне байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздің түпкі мағынасы (непроизводное эначение) және туынды мағынасы ( производное эначение), омонимдік, синонимдік, антонимдік мағыналары жатады. Түпкі мағына деп тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан қарағанда ары қарай бөлшектенбей түбір ретінде танылатын, дербес сөздердің мағынасын айтамыз. Түпкі мағына алғашқы немесе бастапқы мағына ретінде қабылданады. Түпкі мағыналардың пайда болу себебі (мотиві) көп жағдайда белгісіз болып келеді, өйткені түпкі мағынада туынды мағынадағыдай басқа бір мағынаның әсері, қатысы еозілмейді, ол «Ө5 оспнше» туған мағына ретінде танылады. Мысалы, от, су, күн, түн, таң,жылқы, жаңбыр, өзен, бар, кел, теңіз, көк, қара сияқты сөздердің осы күнгі белгілі мағыналары тарихи қалай қалыптасқанын қазір дәл басып айту киын. Олардың шыкқан;тегі туралы кейбір деректер ғылыми болжам түрінде этимологиялық ізденістерде кездеседі. Мысалы, қырғыз тіл білімінің маманы Б. М. Юнусалиев ұйқы сөзі осы мағынаны білдіретін ұй етістік түбіріне -қы өлі жұрнағы қосылу арқылы шыққан: «белгілі бір міндетті орындау» мәніндегі атқару сөзі ерте кезде қырғыз, қазақ, алтай т.б. халықтарда үлкен адамды немесе сыйлы қонақты кетерінде «атқа мінгізу» салтын білдіретін
ат-қар сөзінен шыққан деп қарайды.«Ұсақ ақша» мәніңдегі тиын сөзі -- бұрын терісі ақша орнына жұмсалған тиін аңының атынан шыкқан; өңеш сөзі -түтік, іші қуыс зат ұғымын білдіретін сөздерге негіз болған өң
түбір морфемасына кішірейткіш-еш жұрнағының қосылуынан шыққан деген пікірлер бар. Сол сияқты пышақ, пышқы, пішу, пішін, пішім, пішпе сөздерінің арғы тегінде бір кезде «кесу» мағынасын білдіретін быч/пыш етістігі жатқан деуге болады. Туынды мағына түпкі мағынадай емес, басқа бір мағынаның қатысымен туған, пайда болу себебін (мотивін) түсіндіруге болатын, сөздің кейінгі (екінші) мағынасы болып табылады. Туынды мағына әдетте сөзжасам тәсілдерімен байланысты қарастырылады. Туынды мағына өзін тудырған сөздің мағынасымен байланысын үзбейді. Мысалы, түбір қон сөзінің лексикалық түпкі мағынасы қонақ, қоныс, қонақтау, қонағуар, қонаға, қоналқа, қондырғы сөздерінің туыңды мағыналарында қашанда сезіліп тұрады. Сөйтіп, тудырушы мағына мен одан шыққан туынды мағыналарды бір-бірінен өрбіген сөздердің екі жақты байланысы деп қарауға болады. Туынды мағынаның қашанда тікелей түпкі мағынадан туып отыруы шарт емес. Түбір сөздің түпкі мағынасынан өрбіген туыңды мағыналардың өздерінен де туынды мағыналар жасалып отырады. Мысалы, жоғарыдағы қонақ, қоныс сөздері тікелей қон түбірінен жасалса, ал басқалары одан тікелей туып тұрған жоқ, одан туған туынды сөздерден жасалып тұр. Мысалы,қонақтау сөзі қонақта-дан, ол қонақ сөзінен, қондырғы -- қондыр-дан, ол қон сөзінен жасалған.Туынды Мағыналы сөздер қазақ тілінде өте мол. Әсіресе сөзжасам жұрнақтары арқылы туған сөздердің қазақ тілінің лексикасында алатын орны ерекше. Ы. Е. Мамановтың пікірінше, қазақ тіліңде сөз тудырушы қосымшалар арқылы жасалған туынды түбірлердің сан мөлшері сөздік құрамның басым көпшілігі болып табылады!. Бұл -- туынды сөздердің сөздік құрамдағы ара салмағы туралы айтылған Пікір. Әрбір туынды сөзде туынды мағына болатынын ескерсек, одан жалпы туынды мағыналардың қазақ тілінің семасиологиясында алатын орны қандай екенін байқау қиын емес.
Бұған қоса тілдің қазіргі қалпы тұрғысынан алғанда, түбір, негіз деп жүрген сөздеріміздің ішінде тарихи туынды сөздер(тарихи туынды мағыналар) аз емес екені белгілі. Мұны көне түркі жазбаларында, туыс түркі тілдерінде сақталып қалған көне тұлғалардан айқын көреміз. Мысалы, Б.М. Юнусалиев етістік үйір-мен зат есім үйір-дің тегі көне түркілік уй<өг тұлғасы деп қарайды, ср. көне ұйғыр тіліңде өк -- «жию» мәнінде, өгур - «үйір», «табын» мәнінде; қабырға сөзі -- қабыр-етістігінен, қабыр- «ұстау, жармасу» мәніндегі «қап» сөзінен шыққан деп түсіндір еді?.
Әдеби тілдегі біркатар сөздің Тарихи туындылар екенін олардың говорларда кездесетін түрлерінен айқын көреміз. Мысалы, әдеби саңырау, даңқ, жарты, жұмылу, өңкей // өңшең, тыныш, ерекше, кілең, бүліну, құдық т.б. сөздер қазақ говорларында -- саңыр, даң (Осы ас көпке даң болды (Н. Байғанин), жары, жұм, өң, тын, ерек, кіл, бұлу, құй/// құйы түрінде айтылады.Лексикалық құрамның толығып, сөздің ішкі мағынасының
дамып отыруына байланысты туған синонимдік, омонимдік,антонимдік мағыналар да негізгі лексикалық мағыналардың түрлеріне жатады. Олардың лексикалық мағыналарынын басты ерекшелігі бірнеше сөз мағынасының бір-біріне байланыстылығынан көрінеді. Мысалы, синонимдік мағына -- екі не одан көп әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне жақындығына (ес -- ақыл, жынды -- нақұрыс, делқұлы -- есалаң), омонимдік мағына іштей мағыналық байланысы жоқ бірнеше сөздің бір тұлғада көрінуіне бақыр (шелек) -- бақыр (ұсақ мыс
ақша), от (жалын) --от (жердің шөбі), антонимдік мағына -- бір деңгейдегі әр түрлі сөз мағыналарының бір-біріне кереғар қарама-қарсылығына (алыс -- жақын, келу -- кету, биік -- аласа, ауру - сау, қатты -- жұмсақ) негізделген.
Сөздердің тіркесу сипатына байланысты туған лексикалық мағыналары. Оларға сөздердің еркін және байлаулы (еркінемес) мағыналары жатады. Сөздің еркін мағынасы оның атауыш (тура) мағынасының негізіңде пайда болады. Сөз тек атауыш (тура) мағынада қолданыла бермейді. Егер олай болса, сөз өзінің бастапқы атауыш
мағынаны білдірумен ғана шектелер еді. Шын мәнінде, атауыш (тура) мағынадағы сөздер шындық өмірдегі заттар мен құбылыстарды білдіретін басқа көптеген сөздермен еркін қарым- қатынасқа түсіп, олармен тіркесіп отырады. Атауыш мағы-надағы сөздердің мұндай қарым-қатынасы белгілі бір сөздермен
ғана шектелмейді, әр түрлі сипаттағы сөздердің мол тобын қамтып, олармен тіркесімділігін арттырып отырады. Осылайша сөздің атауыш мағынасының еркіндік (еркін мағына екендігі) сипаты ашылып, қаншама еркін мағыналы тіркестер жасала-ды. Бұл тұрғыда еркін мағына байлаулы мағынаға қарама-қарсы


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет