1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз


Омонимдердің есебінен жасалған синонимдерге мысал келтіріңіз. Синонимдердің қолданыстық реңкін талдаңыз



бет52/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86
Байланысты:
лексикология

36 Омонимдердің есебінен жасалған синонимдерге мысал келтіріңіз. Синонимдердің қолданыстық реңкін талдаңыз.
Жалпы қазақ тілінде синонимдер сөз мағынасының дамуы нәтижесінде ,сөзжасам тәсілдері арқылы,кірме сөздер арқылы,диалектизмдер мен кәсіби сөздер есебінен,фразеологизмдердің,табу,эвфемизмдер мен дисвфемизмдердің есебінен жасалады.
Соның ішінде сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болған синонимдер өзара көп мағыналы сөздер есебінен,және омонимдер есебінен жасалады.
Өнімсіз болса да,омонимдердің есебінен де синонимдік қатар жасалады.Мысалы:
І.Арық. Су ағызу үшін арнайы қазылған су жолы.
ІІ.Арық.Семіз емес,еті қашқан жүдеу. Осы омонимдік қатардың екінші сыңары көкбақа :
І.табандау — ұлтандау; ІІ.табандау — сіресу- қасарысу — қырсығу — қыңыраю;
Туынды омонимдерден де синонимдік қатар жасалады;
І.тартпа — суырма; ІІ.тартпа — төс айыл — алдыңғы айыл;
Синонимдердің қолданыстық реңктері:
Орыс ғалымы Л.А.Булаховский синонимдерге «Синонимдер дегеніміз – белгілі контекстте алмастырып қолданыла беретін,онша көп айырмашылығы сезілмейтін мағына жағынан жақын сөздер» деп анықтама берген екен.Мысалы: «Үйдің маңы қаптаған адам» деген сөйлемдегі «адам» сөзін синоним «кісі» сөзімен ауыстырсақ мағынасы қатты өзгере қоймайды;Бірақ,бұл жағдай барлық синонимдерде кездеседі деген сөз емес.Бұл жағдай синонимдік қолданыстың белгілі бір стильдік қарым қатынасын қамтып тұр.
Кәрі,қарт сын есімдері бір біріне синоним.Кәрі кісі,кәрі сиыр деп қолдануға болғанымен,қарт сиыр деп айта алмаймыз.
Ел,халық сөздері бір-біріне синоним дейік.Ішіне ел қонды деп айтқанымызбен, «Ішіне халық қонды» деп айта алмаймызғой.
Биік,бойшаң сөздері бір-біріне синоним болғанымен,Биік адам,Бойшаң адам,биік тау деп айтылғанымен,бойшаң тау деп айтылмайды.
Есім,ат сөздері бір-біріне синоним болғанымен, «есім» адамға ғана қолданылады Таудың есімі деп айта алмаймыз;
Тура мағыналы(номинативті) сөздер сан алуан сөздермен еркін тіркесе береді десек те,олардың қолданылу шегі,логикалық үйлесімі болады. МҰны сөздердің тіркесімділік(валенттілігі) деп атайды.Бұл заңдылықтың синонимдік қатарға енген сөздерге де қатысы бар.Яғни,синонимдердің сан алуан реңктері,үстеме мағыналары,қолданыс кезінде ғана анықталады;


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет