2. Ескі салт-сана,әдет-ғұрыпқа қатысты, көне құрылыс жүйесіне байланысты бірқыдыру сөздер күнделікті қолданыстан шығып қалды. Сөйтіп, сөздік құрамдағы пассив сөзге айналды.
3. Сөздік құрамдағы бірқыдыру сөздердің мағыналары түрлі өзгеріске ұшырады: а) Көптеген сөздер бұрынғы мағынасының үстіне жаңадан үстеме мағына қосып, көп мағыналы болып қалыптасты. Мәселен, тап деген сөз революциядан бұрын ел, ру, ата (тек) ұғымында ғана жұмсалатын еді.Қозғамбайдың табы Бәйнеке атанған. Бір жерде 12-13 үй қыстайтын (К. Тайшыков). Бұл сөздің бұрынғы тар мағынасы кеңейіп, орыстың класс деген термин сөзінің қазақша баламасы болумен бірге, тіл біліміндегі сөз табы деген терминді жасауға негіз болды. Сонымен тап деген сөз қысқа мерзімнің ішінде актив көп мағыналы сөзге айналып кетті.
ә) Бұрынғы мағынасынан қол үзіп, басқадай мағынаға ие болған сөздер де кездеседі. Мәселен, бұрын ұран деген сөз ел мен ел, ру мен ру жауласқанда, ат жарыстырып, балуан күрестіргенде ата-бабасының аруағын шақырып рухтандыруды білдірген сөз болса, кейін қоғамдық мәні бар үндеу, шақыру дегенді білдіретін болды.. Сөйтіп, бір дәуірдегі жаңа сөз көнеге, көнесі жаңаға, аз мағыналы сөз көп мағыналыға, актив пассивке, пассив сөз активке, бейнелі сөз қарапайым сөзге, жай сөзге бейнеліге ауысып отыру заңдылығы тілдің сөздік құрамына тән нәрсе. Бұлар үздіксіз дамып, үнемі толығып өзгерумен болады. Мұндай заңдылықтар әлі де бола бермек.
44.
Араб-парсы тілдерінен енген сездер
Түркі тілдеріне араб, парсы тілдерінен сөз ауысу процесі қазақтың біртұтас халық тілі қалыптасудан көп бұрын, орта ғасырлардың алғашқы кезінен басталады. Араб, парсы сөздері қазақ тіліндегі кірме сөздердің ең мол қорын жасайды. Олар тұлғасы жағынан да, семантикалық топтары жағынан да, қазақ тілінде игерілуі жағынан да әр түрлі дәрежеде. Араб-парсы тілдерінен ауысқан сөздер атқаратын қызметі жағынан өзара бірдей деуге болмайды. Бұларды негізінен төрт топқа бөліп қарауға болады:
1. Тілге әбден сіңісіп, қазақтың байыргы төл сөзіндей жымдасып кеткен актив сездер. Бұлар қазақ тілінің сөздік қорына басы бүтін еніп, әбден тұрақтанған. Ұзақ өмір сүріп, тілде жиі қолданылғандықтан, жаңа сөз, тың мағына тудыруға ұйытқы болып келе жаткан, жұрттың бәріне өте-мөте танымал сөздер деп есептеледі. Мысалы: ас, бақыт, ар, дүние, шаруа, дос, зат, қас, айна, дастарқан, астар, нан, шам, сабын, сынап т. б.
2. Жалпы халыққа таныс әрі түсінікті бола отырып, әлеуметтік өмірдің, шаруашылық пен өндірістің, түрлі мамандықтың белгілі бір саласында басым жұмсалатын терминдік сипаты бар арнаулы сөздер. Мысал: нарық, базар, байрақ, арзан, қарыз, борыш, хал-ақуал, зейнет, емтихан, үкім, шарт, зейін, акпар, мәлімет, күн, мата, сайыс, жәрдем, жарнама, жүгері, керуен, мердікер, күкірт, емле, сабақ, муғалім, аспап, дәуір, табиғат, мұсылман, дәлел, маусым, дәрі, дүрбі, ереже, мейрам, мөр, майдан, әділет, саясат т. б.
3. Әр түрлі экспрессивті-эмоциялық мәні бар, ерекше стильдік реңк тудыратын сөздер. Мысалы: махаббат, нұр, бісмілла, өмір, сапар, мәртебе, ғибрат, абзал, азамат, дария, мырза, қасиет, қайран, шіркін, астапыралла, еншалла, жомарт, дидар, ажар, перзент, сахара, алла, арай, шапақ, інкәр, пәрмен, апат, дерт, шәкірт, ұстаз, нәресте, ғұлама, ғаламат, пешене, жәннат, қасірет, сайран, халайық, ақырзаман, ақырет т. б.
4. Әдеби тілдің шеңберінен біржола ығысқан немесе ығысуға жақын жүрген сөздер. Мысалы: уалаят, міллат, ғазал, уәзір, мүкаммал, шайыр, сауал, дүр, сағыр, дәркер, баһадур, шаhap, қам (шикі), шырағдан, жарапазан,т. 6.
Біркатар сөз жергілікті говорларда қолданылады: мәнпағат (тұрмыс, жағдай), сада (тербиесіз), қайбарт (өсек), көдек (сәби, жас бала), мүш (жұдырық), бәдірең (қияр), андуа (үй сылайтын қалақ),дәнден (тіс шұкығыш), жуалдыз (тебен ине), нам (ат, есім), мұзаффат (облыс, өлке), бипая (ұятсыз), кәлла (бас) т. 6
Достарыңызбен бөлісу: |