1. Лексикология пәнінің зерттеу нысаны, мақсаты мен міндеті тіл білімінің өзге салаларымен байланысын көрсетіңіз



бет63/86
Дата01.02.2023
өлшемі189,29 Kb.
#64396
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   86
Байланысты:
лексикология

Метонимия.Бір заттың не құбылыстың атауының екінші бір затқа не құбылысқа іргелестігі, шектестігі негізіндеатау болып ауысуынан пайда болатын туынды мағынаны метонимия деп атайды.


Метонимдер көбіне мынадай қарым-қатынастар негізінде жасалады:


1.Заттың өзі мен оның ішіндегі заттың бірдей аталуы. Шәйнек қайнады десек, қайнаған шәйнек емес, оның ішіндегі судың қайнағанын түсінеміз. Аудитория шулап кетті деген сөйлемде аудитория «бір аудиторияда отырған адамдар» деген ұғымды білдіріп тұр.


2.Қимыл, іс-әрекет және оның нәтижесі. Жамау, қыстау, бояу, ою, жайлау, егеу сияқты сөздер әрі қимыл, әрі зат атаулары болып есептеледі. Бұлардың барлығы белгілі бір іс-әрекеттің нәтижесі екендігі анық аңғарылады.


3. Материал және одан жасалған зат. Хрусталь, форфор-материал атауы және сол материалдардан жасалған бұйымдар атауы. Ілгері заманда алтын, күмісті әрі металл атауы, әрі ақша атауы ретінде түсінген. Өзен-көлде тіршілік ететін кішкентай аңды да, оның бағалы терісін де құндыз деп атайды.


4. Сапалық сын есімдер мен олардың заттанған мағыналары: Қызыл мен ақ түс. Қызылдар мен ақтар Совет үкіметінің алғашқы кезеңінде пайда болған тарихи атаулар.Көк – түс және «аспан» мағынасын береді.


Мысалдар: Жұрт жазда жиын той болмаса, алыстан бір аса қадірлі қонақ келмесе, бостан-босқа қан шығармайды[5, 223 б.].


Берілген мысалдағы мал соймау тіркесінің тұлғалық құрылымын өзгертіп, болымсыз мағынадағы «қан шығармау» фразеологиялық тіркесінің «қан» компоненті арқылы «қызыл көрмеу» яғни, «ет көрмеу», «қан шығармау» метонимиясы арқылы «мал сойылмау» мағынасын түсінеміз.


Бір-бірінің қарасын сонадайдан ғана көріп отырған екі суыт жүргінші түс қыңа тау қойнауына қия жақпарланбай жайпауыт қолаттанып шығатын жайдақ сайдың жайылма табанында отырған құрым үзік қоңыр үйдің үстінен шықты[5,259 б.].




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   86




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет