48-сұрақ.Қазақ тіліндегі диалектикалық лексиканы талдаңыз
Диалектілік (гр.dialektos – сөйлеу ерекшелігі) лексикаға белгілі бір жердегі жергілікті тұрғындардың сөйлеу тілінде қолданылатын сөздер жатады. Диалектілік сөздер бүкілұлттық лексиканың құрамына кіреді, бірақ олар жалпыхалықтық болып есептелмейді, себебі олардың басым көпшілігінің жалпыхалықтық тілде баршаға түсінікті баламалары бар.
Диалектілік сөздер тілдің әртүрлі деңгейіне қатысты. Фонетикалық ерекшеліктер түрінде кездеседі: үгей-өгей, күміскі-көмескі, құрытынды-қорытынды, дұмалау-домалау, маңлай-маңдай, бұяқ-бұл жақ, шаңғырақ-шаңырақ.
Морфологиялық ерекшеліктер түрінде: малдаршылық-мал шаруашылығы, кішірт-кішірейіт, әшкерт-әшкереле, пойызбынан-пойызбен, атпан-атпен, барулы-барды, келулі-келді, келген, алажақ-алашақ, бережақ-берешек, айтқым жоқ-айтқым келмейді, барың-бар, келің-кел т.б.
Лексикалық ерекшеліктер: ақыр-оттыұ, бойлай-үнемі, жамбарласу-жарамсақтану, көдек-икемсіз, бейсәубет-беталды, жар-қабырға, жуалдыз-тебен ине, борми-бұршақ, жүгері, ақзон-ақ шыт, айылдап келу – ауылшылау т.б.
Диалектілік лексика өзінің құрамы жағынан өзара бірыңғай емес. Олар нағыз лексикалық, этнографиялық және лексика-семантикалық диалектизмдер түрінде кездеседі.
Нағыз лексикалық диалектизмдер дегеніміз – мағынасы жағынан әдеби сөздермен сәйкес келетін, бірақ дыбысталуы одан басқа сөздер. Сол себепті олар әдеби сөздермен синонимдік қатынаста болып келеді, яғни бір зат ұғымы Қазақстанның әр жерінде әртүрлі аталады. Мысалы: әдеби кебек сөзі-сөйленістерде ұрпақ, буызы, күрпі; әд. Үлкен, зор – диал. Дырау, нән, нәнбай. дығал, әйдік, жоян, чоң т.б.
Лексика-семантикалық диалектизмдер-дыбысталуы әдеби сөздермен бірдей, бірақ мағынасында ерекшелік бар сөздер. Мыс: әдеби тәртіп сөзі – Оралда нұсқау, ьұйрық; әд. Шалбар-Алматы обл.сым; әд.долы-Шымкент обл бұршақ аралас нөсер жауын;
Этнографиялық диалектизмдерге белгілі бір жерге тән заттар мен құбыдыстарды білдіретін сөздер жатады. Ондай сөздердің әдеби тілде баламалары болмағандықтан, мағыналары сөздіктерде тек түсіндіріліп беріледі. Мысалы: жозы- аласа дөңгелек үстел; шырыш-үй төбесін жапқанда арқалықтың үстіне салынатын жіңішке ағаштар, Семей жақта оны салдау ағаш деп те атайды. Қасқарша – мойны ұзын жезқұман; әттік –қармақтың тілі, алақшын-пештің алдына шоқ жаю үшін жасаған орын;
Достарыңызбен бөлісу: |