1. Мал түрі: Ірі қара малы Жынысы: Құнажын Тұқымы



бет11/14
Дата06.01.2022
өлшемі341,46 Kb.
#12518
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
2.4. Клиникалық белгілері

Ауру жіті және созылмалы болып келеді. Ауа райы мен жер жағдайына байланысты мал бауырқұртпен көбіне қыста, күздің аяқ кезінде және көктемде ауырады.

Фасциолезге тән негізгі белгілері – арықтау, қан азаю, сүтінің кемуі, ас қорыту органдарының бұзылуы, кейде іш тоқтап қалады, кейде іш өтеді, кейде алдыңғы қарын әлсірейді, қабағы, иек асты, кеудесі және іші ісінеді. Жүнінің түбі босап түсе бастайды, құрғайды (әсіресе кеуде тұсы). Температурасы бірде жоғарылап, бірде төмендейді. Бауыр түбін басса мал ауырсынады. Ауру бірнеше айға созылады. Көтеремдіктен мал өледі. Шамалы жұққан кезде аурудың клиникалық белгілері білінбейді, бірақ малдың өнімділігі күрт төмендейді.

Фасциолезге шалдыққан мал емделмесе немесе оны тиянақты жүргізбесе, ауру созылмалы түрге айналады. Ауру көбінесе қыста, кейде жазғытұрым байқалады. Ауырған малдың клиникалық белгілері көмескі білінеді, азыққа тәбеті кемиді, ас қорытуы нашарланады, іші біресе өтіп, біресе қатады. Ауыз, танау, көздің кілегей кабықтары бозарып, артынан сарғая бастайды. Мал жүдейді, көбінесе жатып алады, қос қабақ маңайы, алқымы, кейде омырауы, қарынның тұсы іседі. Жүні үрпиіп, сынғыш және жұлынғыш келеді. Буаз мал іш тастауы мүмкін. Мал әбден әлсіреп азып, 3-4 ай өтісімен (егер оны емдемесе) өледі. Ірі қара бауырқұртының созылмалы түрі қойдыкіне ұқсас болады, жануар арықтап, қоңы төмендейді, ас қорыту жүйесі бұзылады. Сонымен қатар сауын сиыр сүті күрт азаяды, егер ол буаз болса іш тастауы ықтимал.

Ірі қара малда фасциолездің бірінші сатысы белгісіз өтеді. Клиникасы бауырқұртының өсіп жетілуіне байланысты. Фасциолезбен ауырған малды қанша жақсы азықтандырса да бірте-бірте арықтай береді. Бауырқұртпен ауырған сиыр көбінесе отынан қалады. Көрінген заттарды жеп жалана бастайды. Іші өтеді немесе кебеді. Ірі қара малдың таз, жалбаршақ және тақия қарындарының қызметі бұзылады және бәсеңдейді. Жүні үрпиіп, шырын қабықтары бозарады. Сауын сиырдың сүті азаяды. Буаз сиыр іш тастайды да, аяғында арықтап барып өледі. Фасциолез құртының асқынуы, кейде малдың жем - шөбінде немесе жайылымда А витамині мен кальций тұзының жеткіліксіз болуына да байланысты [1,4,6].



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет