1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —



Pdf көрінісі
бет4/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Қарияның сөзі биліктің 

«көзіріне» айналар 

күн туар ма?

Қарттық  туралы  менің  өз  ұсынысым,  өз  пайымым 

бар.  Соны  ортаға  салмақпын.    Көші-қон  —  қазақ  үшін 

қазіргі ең басты мұрат. Қазақтың бірігуін қариялар қолға 

алып,  аттандап  көштің  алдында  жүрсе,  қандай  жара-

сымды! Басқа да кезегін күтіп тұрған шетін мәселелер 

аз ба қазақ қоғамында? Соның басы мен аяғында жа-

уар бұлттай түнерген, найзағайдай «күркіреген»  арда-

гер  ақсақалдар  қалқан  болып  тұрса,  шіркін!  Жалған 

мадаққа елітіп, ақсақал деген атына сай емес қылыққа 

барып,  сый-сияпатқа  «құл»  болғанша,  жеке  басының 

проблемасын езіп, руының қамын жеп «пұл» болғанша, 

үйде  тып-тыныш  жатқан  мың  есе  жақсы  жас  өскін 

ұрпақ  үшін.  Жылына  40  мыңға  жуық  әкесіз,  некесіз 

туылған бала саны артуда. Соның 90 пайызы өзіміздің 

қаракөздеріміз. Шетелге қанша жетімдер сатылып кет-

ті.  Сатылуға  дайын  тұрғандары  қанша  екенін  ешкім 

білмейді.  Қаншама  қыздарымыз  ақша  үшін  шетелдік 

жігіттерге, бай шалдарға  тиіп кетіп жатыр, осыны неге 

көтермейді бүгінгі  Ардагерлер кеңесі? Бірақ құрамында 

кімдер  жүргені  көпшілікке  беймәлім.  Шын  халықтың 

қамын  ойлайтындар  кеңестің  мүшесі  ме,  жоқ  әлде 

«арсыз болмай, атақ жоқ» деп төске өрлеп жүргендер 

орнығып  алды  ма?  Егер  шынымен  Ардагерлер  кеңесі 

халыққа  жанашыр  болса,  Үкіметке  сөзін  өткізе  алса, 

шешімі қиын мәселелерде неге дауыстары шықпайды? 

Тіпті осы уақытқа дейін ел халқына  басу айтар қандай 

да бір игі істерге мұрындық болды? Алысқа бармай-ақ 

қояйын,  қадірі    қашқан,  дақпырты  алты  қырдан  асқан, 

ауыл-үйдің  берекесін  алған  керауыз  шалдарға  тоқтам 

айта алмаса, Ақсақалдар кеңесінің қажеті қанша? 

Президенттің  өзі  мемлекеттің  болашағы  жастардың 

қолында  деп  бірнеше  рет  айтты.  Онда  жастарға 

үлгі  көрсететін,  жақсы  мен  жаманнан  жирендіретін 

ақсақалдарымыз  не  жасап  жүр?  «Осылай  да  осылай, 

болашаққа алаңдаулымыз, жастарымыз құрдымға кетіп 

барады»  деп,  тым  болмаса  жұқалап  Елбасыға  жеткіз-

се, ақсақалдық пікірлерін айтса, Елбасы қуана қолдары 

сөзсіз.  Жиналып алып бірін-бірі мақтау, мадақтау кімге 

абырой әпермек?..  Ардагерлер төрағасы тым болмаса 

бір рет осындай мәселе көтеріп, ел алдына шығып көрді 

ме? Демек, босқа көлгірсімей-ақ қоялық, дардай аты бар 

ардагерлер кеңесінің билікке сөзі өтпейді. Билікке сөзі 

өтпегесін, халыққа қадірі жоқ. Әдемі сөйлеп, шешендік 

таныту — ақсақалдық көрсеткіш емес. Ақсақалдық де-

ген — сөз бен істің үйлесімділігі. 

Парламентте  де  «ақсақалдар»  отыр.  Халық  олар-

дан  қарияға  тән  батагөй  тілек,  ақсақалдық  сөз 

күтеді.  Жастарға  үлгі  көрсетіп,  кей  заң  жобаларының 

ұлттық  мүддеге  қиыс  келетіндерін  «түзетіп»  жіберу-

ге  олардың  абыройы  мен  «ақ  сақалдары»  да  жетеді.  

Кейде  ауыл-үйдің  арасынан  алысқа  шықпаған  шал-

шауқан  құсап  күмілжіп,  жылы  сөзге  алданып,  үнсіз 

қалатындары  бар.  «Заманына  қарай  адамы»  депті 

халық даналығы. Сол рас-ау. Сақалы жоқ қарияларды 

көруді  Алла  маңдайымызға  жазыпты.  Сақал  бір 

кездері  кемеңгерліктің,  даналықтың  белгісін-

дей  көрінетін.  Соңғы  уақыттары  мені 

қазіргі  ақсақалдардың  жастарға 

көрсетер  өнегесі,  айтар 

ақылы қандай болмақ 

деген ой жиі ма-

залайды. 

Жастар өздерін озық ойлымыз деп есептеуі қаншалықты 

заңдылық? Ғаламтор арқылы алынатын ақпараттары 

ұлттың мәйегін сіңірген қариялардың даналығының ор-



нын толтыра ала  ма? Әй, қайдам?! 

ТҮЙІН: 

Ақсақал адам артына ұрпағыма не қалдырып ба-

рамын  деп  қараса  керек-ті.  Ұрпағымның  келешегі 

қалай болады деп қамықса керек-ті. Менің айтқым 

келгені  ақсақалдар  кеңесі  қашан  ел  ішіндегі  күйіп 

тұрған мәселелерді көтереді? Атынан ат үркетін Ар-

дагерлер кеңесі ауыл ақсақалдарымен  бірігіп, қашан 

халықтың сөзін сөйлейді? Ағыстай арындаған жа-

старды бір арнаға түсіру кезек күттірмейтін өзекті 

проблема  болып  тұр.  Ел  ақсақалдары  осыны 

көтерсе, үлкенді сыйлаған халық емеспіз бе, билік 

те  қолдап,  санасар  еді  олармен.  Әйтпесе  аты  бар 

да, заты жоқ, үні шықпайтын Ардагерлер кеңесінің 

қажеті қанша?! Егер ақсақал ардагерлеріміз мықты 

болса,  Үкіметтің  кейбір  келеңсіздіктеріне  сын  ай-

тып, билікпен халықтың арасында алтын көпір бо-

лар еді... Бұл менің азамат ардагерлерді сақалынан 

алғаным емес, ер-азамат қой деп қайрағаным... Мен 

анамын,  әжемін,  қыз  сыйлаған  қазақтың  баласы 

менің  жан  айқайымды  дұрыс  түсінеді  деп  ойлай-

мын.

Алланың  қалауымен  көш  қайта  жандана  баста-

ды. Алла қаласа, сол көшті ынтымақпен, бірлікпен 

ұйымдастыра білу — қарттарға сын. Оларға ауыз-

біршілік ауадай қажет бұл жерде. Жасыратыны  жоқ, 

қазіргі халықаралық жағдай мәз емес... Елбасының 

кемеңгерлігіне  көзіміз  жетті...  «Ақ  қазақ»,    «қара 

қазақ»,  «шала  қазақ»  деп  алаламай,  кедей,  бай 

деп  бөлшектемей,  ескі  қазақ,  жаңа  қазақ  деп  та-

рамдамай,  бірігетін  уақыт  жетті  бізге.  Бөлінгенді 

«бөрі» ғана емес, анталаған көршілеріміз де «жеп» 

қойғысы келіп, сілекейі шұбырып отыр. 

Елбасының ел астанасын Ақмолаға ауыстырған 

тарихи ерлігін ерекше атап өткен жөн. Бұл алғашқы 

қатерден  аман  алып  қалуы  еді.  Бірақ  мәңгілік 

мәселе әлі шешілген жоқ! Ол – шеттегі қазақтардың 

ата  мекендеріне  қайта  оралуы!  Соңғы  санақ 

көрсеткендей,  қазір  қазақтардың  үлесі  Солтүстік 

облыстарда  орта  есеппен  41  пайыз  ғана.  Бүгінгі 

Қырымдағы  жағдаймен  өлшесек,  солтүстік  облы-

стар “Мен Ресейдікімін” деп айғайлап тұрғанын көру 

онша қиындық туғыза қоймас. Бізге тек өз аяғымен 

келгелі отырған, Қазақстанға зәредей ауыртпалық 

салмайтын  шеттегі  қазақтардың  жолын  ашу, 

жеңілдетілген  тәртіппен  тездетіп  азаматтық  беру, 

«қатерлі  аймақ»  –  Солтүстікті  халыққа  толтыру 

— 

басты  мұрат!  Ақсақалдардың  айбары  мен  ай-



бынды  ұраны  осындайда  естілсе,  қанекей?!  Сөз 

соңында айтарым,  халқына қамқор, Елбасына 

тірек болатындай, ұрпаққа сыйлы, қадірі 

қашпаған  ақсақалдар  саны  артса 

екен. 

Бейсенбай Дәулетұлы:

Шенеуніктің жұмысын камерамен 

қадағалау керек пе?

Мұндай сорақылықтар өзге өңірлерде де «өркендеп» жатыр. 

Оңтүстік Қазақстан облысында партия филиалына бір жылда 

халықтан ТКШ-ға қатысты 908 арыз келген. Солтүстік Қазақстан 

облысында да тұрғындардың шағымы шектен шыққаннан кейін 

облыс әкімі Самат Ескендіров Петропавл қаласындағы тұрғын 

үй инспекциясына арнайы бейне бақылаулар орнатып, қатаң 

қадағалауға тапсырма беріпті.



«Айқын» газетінен

Су ел  

байлығы, 

еңбеккер несібесі 

екенін ұмытпа!  

Фарида Бықай:

Демография діңгегі 

дені сау ұрпақ

Өкінішке  қарай,  кейбір  қыз-келіншектер 

өз  денсаулығына  немқұрайлы  қарайды. 

Бұл,  әрине,  бала  туу  көрсеткіштерінің  аза-

юына әсер етпей қоймайды. Өмірге науқас 

бала  әкелсе,  бар  кінәні  дәрігерге  артады. 

Зерттеулер бойынша, әйелдердің 70 пайызы 

жүктілікке дейін дәрігерге алдын ала көріне 

қоймайды, тексерілмейді.

«Егемен Қазақстан» газетінен

өткеннің    кемшіліктері    әлі    күнге  

аяққа  оралғы  болып  жатса,  не  істей-

міз?   Кезінде    кемшіліктер  кетті,  енді  кеш  те  

болса   түзетейік  дейтін ауыз  табылмай  ма?  

— 

Жекешелендірудің  қызу  кезінде,   2005  жыл-



дары   облыста  27  канал  мен  гидроқұрылымдар  

жекешелерге    беріліп,    олардың    барлық    мүлкі,  

техникасы,    күш-көлігі        ұстағанның    қолында,  

тістегеннің  аузында  кетті,  

 дейді су  шаруашылығы  



саласының  ардагері  Нұрдәулет  Әлібекұлы.

...  Онда    қаншама    қуатты    техника  мен    құрал-

жабдық      жинақталған    еді.    Енді    ондайдың    бірін  

де  таппайсыз,  тапсаңыз,  ала  алмайсыз,  қалтаңыз  

көтермейді. Өйткені  бәрін  сырттан  алуға  тура  ке-

леді.    Сондықтан  барлық    аудандағы    коммуналдық  

су  шаруашылығы  кәсіпорындары  қажетті  техни-

касы,  күш-көлігі  жоқ   әлсіз  құрылымдар  болып  

тұр.    Анығы,    тек    су    сатумен    ғана    айналысатын  

аралық  буын  немесе  делдалдар. Ал  атқарылуға  тиіс  

жұмыстардың  ауқымы  өте  кең.  

Бүкіл  елімізді  дүрліктірген   Қызылағаш,  Көкпекті  

оқиғаларын  ел  ұмыта  қойған  жоқ.  Соның  анық  

себептерін  толық   ашып, айтып   бердік  пе?   Қалай  

болғанда  да   басты  себептерінің  бірі  жабайы  же-

кешелендіруде    жатқан    жоқ    па?  Бұған    бізден    де  

бір    мысал    келтіруге    болады.    Биылғы    көктемгі  

су  тасқынының  алдын  алу  бағытындағы    шұғыл  

шаралар,  қауырт    істер    барысында    облыс    әкімі  

Кәрім  Көкірекбаевтың  тікелей  нұсқауымен  басқа  

нысандармен  қатар  Рысқұлов  ауданындағы   «Но-

вая» су  қоймасының  жағдайы  да  тексерілген  бо-

латын.    Тексеру  кезінде    өте-мөте    жайсыз        факті  

анықталды.  Жеке  балық  шаруашылығымен  айна-

лысатын кәсіпкер  өз  бизнесінен  басқаны  ұмытқаны  

соншалық,   судың  көтерілуі  қорқынышты  деңгейге  

жеткенін    аңғармапты    да.    Енді    сәл    кешіккенде 

...апаттың  ауылы  алыс  емес  екен. Орыстың   «күн  

күркіремесе,  мұжық  құдайын  ұмытып  кетеді»   (Му-

жик  не  перекрестится,  пока  гром  не  гремит)   дейті-

ні    бар  ғой. Бізге  де  бұл  ұғым  жат    емес,  мұжыққа  

күлетін  жайымыз  жоқ.  Бірдеме  бүлінгенде  болмаса,   

тып-тыныш  жата  береміз. 

Түрлі  су  көздерін  иеленгендер  оны  басқа  ұйымға  

жалға  де  береді,   ауызсуға  да,  балық  өсіруге  де,  

тағы  басқа  мақсатқа да  сата  береді.  Су  керек  кезде  

ауыл  фермері  не  істейді? Зарлайды  да  жүреді. Осы  

суға  байланысты  қиындықтарды  ең  алдымен  өнім  

өндіруші-асыраушы  сала     сезеді. Су  

  әркімнің  



қолында  кететін нәрсе  емес,  бірақ  мұны   ескеріп  

жатқан    ешкім    жоқ.  Кезінде    мұндай    нысандар-

ды  сату  керек болған  да шығар,  ендігі  жерде   ол  

диқанға,  жер иесіне   қызмет    етуі  керек  емес  пе?   

Ендеше  саланы  қайта  құру  керек  тәрізді.  Әйтпесе   

су  шаруашылығы    өнім  өсіруші-өндірушіге,  яғни  

елді  асыраушыға  ауырлық туғызатын   салаға  айна-

лып  барады... 



Сақалын сатқан кәріден еңбегін сатқан бала артық   

06

ТҰЛҒА

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Сот жүйесін 

жаңа деңгейге 

көтерген

Қ

айрат Мәми еліміздің Жоғарғы  сот  са-



ласын  1999  жылдан  2009  жылға  дей-

ін басқарған және қазір де жетекшілік  

жасап  келеді. Жоғарғы  сот төрағасы, Бас  про-

курор, Парламент  Сенатының төрағасы преро-

гативасында  артықшылықтарға ие  бола  оты-

рып, бірде-бір жолсыздықтарға бармады. Осы  

жылдар  ішінде  оның  бастамашылдық  идея-

лары  мен  тікелей  басшылығының  арқасында 

отандық  сот  жүйесін  жалпы    танылған  стан-

дарттар  мен  халықаралық  талаптарға  жауап  

беретін  жаңа  деңгейге  көтеруге  ықпал    еткен 

тұжырымды құжаттар мен құқықтық норматив-

тер дүниеге  келді.

Еліміздегі  сот  жүйесінің  дамуы  тәуелсіз 

Қазақстанның  жоғары  құндылықтары  адам, 

оның өмірі, құқықтары мен бостандықтары бо-

лып табылатын демократиялық, өркениетті және 

әлеуметтік  мемлекет  ретінде  қалыптасуымен 

тығыз  байланысты.  Мұның  өзі,  сайып  кел-

генде,  қоғамда  демократия  дәстүрлерінің 

қалыптасуына азаматтық қоғам сегменттерінің 

нығаюына  жол  ашып    берді.  Демократиялық 

реформалардың  мақсаты  —  экономиканы 

басқаратын,  реттейтін    билікті  халық    алдын-

да жауапты  және  есепті ету. Демократиялық  

талаптар  болмаған    жерде  басқарушы    билік 

бизнес  элитамен  бірігіп  экономикалық  даму  

жетістіктерін  аз  санды  төбе  топтың  пайдасы-

на, баюына, ықпалының  күшеюіне жұмсайды. 

Демократия  ұран  үшін, еліктеушілік үшін емес, 

ұлттық  мәселелерді  шешу  үшін  қажеттігін  осы 

бір  құбылыстың  өзі-ақ  дәлелдеп  берді.  Ал 

демократиялық  құрылыс  өздігінен  жасанды 

түрде  жасалынбайды. Ол үшін саяси жүйенің 

барлық  сегменттерін қамтитын саяси  рефор-

малар іске асырылуы қажет. Ол үшін, ең бірін-

шіден, құқықтық  база керек. Ал заңның күштілігі 

—  қоғам  тұрақтылығының    кепілі.  Сондықтан 

заңдылықты күшейту соттардың саяси жүйедегі 

орны мен маңызын арттыруға тәуелді. Соттар 

заң  алдындағы атқарушы билік, бизнес элита, 

қарапайым  азаматтардың  бірдей  жауапкерші-

лігін    қамтамасыз  етпейінше,  демократиялық  

саяси  жүйе    бол-

майды.  Демократиялық 

қоғам  құру    үшін  алдымен 

заңдылық  салтанат  құрған  құқықтық 

мемлекет  жасап  алуымыз  керек  екендігі  

ақиқат  еді.  Тәуелсіздігіміздің    елең-алаңында 

құқықтық  мемлекет құруда  жан-жақты рефор-

малардың  жүргізілуі    сондықтан    болса  керек. 

Бұл  бағыттағы  жұмысқа  Қайрат  Әбдразақұлы 

барлық білігін жұмсай  білді.

Тәуелсіздіктен кейінгі жылдары қоғам өмірінің 

барлық саласында  өзгерістер кеңінен  етек жай-

ды. Осы  жолда сот жүйесі де бастамашылдық  

қасиетке  басымдық    беріп,    жаңа  биіктерге 

көтерілді.  Сот жүйесінің сапалы өзгерістерінің 

бастауларына  Қазақстан  Республикасының 

1995  жылғы  Конституциясы,  ел  Президентінің 

Конституциялық заңды күші бар 1995 жылғы 20 

желтоқсандағы «Қазақстан Республикасындағы 

соттар  және  судьялардың  мәртебесі  туралы» 

Жарлығы      ықпал    етті.  Аталған  заңнамалық 

актілердің  негіздерін  тұңғыш  Президентіміз 

Н.Назарбаевтың  бейтарап  және  әділ  сот, 

құқықтық  мемлекеттегі  соттың  басты  рөлі, 

сот  төрелігінің  халыққа  қолжетімділігі,  сот 

жүйесінің ашықтығы мен транспаренттілігі, сот 

қызметкерлерінің  жоғары  мәртебесі  жөніндегі 

құқықтық идеялары мен көзқарастары құрады.

2000  жылғы  кадрлар  саласындағы  және 

бірқатар басқа да өкілеттіктерді Әділет минис-

трлігінен  Жоғарғы  Сот  пен  жаңадан  құрылған 

Соттарды  ұйымдық  және  материалдық-

техникалық  қамтамасыз  ету  комитетіне  беру 

арқылы  сот  билігін  атқарушы  биліктен  бөлу 

жөніндегі  шешім  судьялардың  тәуелсіздігін 

қорғау  қажеттігінен  туындады.  Осы  амал 

арқылы кейбір шенділердің сот төрелігін жүргізу 

процесіне  процессуалдық  емес  әсер  етуге  де-

ген  талпыныстарына  тосқауыл  қойылды.  Бұл 

тұрғыда Жоғарғы Сот төрағасы Қ.Мәмидің сот 

билігін  нығайтуға  қосқан  үлесі  елеулі  болды.  

Бұл  кезеңде бұрын-соңды болмаған өте көп іс 

тындырылды. Сот төрелігін жүргізуге алқабилер 

тартылды,  қамауға  рұқсат  беру  прокуратура-

дан сотқа ауысты, кейіннен сот төрелігі инсти-

туты болып қайта құрылды. Басты мақсаты екі 

жылда болашақ судьяларды әзірлеу болып та-

былатын Сот академиясы ашылды.

Өткен  уақыт  өлшемінде  еліміз  сот  жүйесі 

Қазақстан  мемлекеттілігінің  қалыптасуы  мен 

нығаюына өз үлесін қосты деп айтуға толық не-

гіз бар.

Сот — орган емес,  ол — мемлекеттік  билік. 

Сот  шешімдерінің әділдігіне  қарап, қоғам оған  

баға  береді. Халық — Құдайдың бір  аты.Төл  

Конституциямыздың  3-бабында:  «мемлекет-

тік  биліктің  бірден-бір бастауы — халық» деп  

көрсетілген.  Соттарға  көрсетілген  құрмет,  бі-

рінші  кезекте, мемлекетке көрсетілген құрмет.  

Кісілік  келбеті жоғары  

адамдар көп болған 

сайын, елдік  қасиет  те 

тамырын тереңге жая  

түседі.  Өзін сыйлағанды 

өзгелер де  құрметтейді. 

Бірақ ол үшін сыйлататын 

дәрежеге  жету  міндет. 

Бүгінде бізге үлгі  болып 

жеткен сауапты істердің 

бәрі — сол  заманнан 

көшкен ғибраты мол  

құндылықтар.  Сондай  

құндылықтарды өз  бойы-

на сіңіріп,  оны  болашақ 

ұрпақтарға тасымал-

дап, алға сүйреп келе  

жатқан  азаматтардың 

бірі — Қайрат  

Әбдразақұлы Мәми.

Ол — кеңестік дәуірде  

ер жетіп, білімі  мен  

білігін тиянақтап, өзінің 

таным-түйсігімен, уақыт 

талабын сергек  сезіну 

қабілетімен жастайынан 

атқа  мініп,  ел  басқару 

ісіне  араласқан 

қайраткер. Қандай  

қызмет  жүктелсе де, 

қабілет-қарымын жоғары  

деңгейде танытып, өзіне 

сеніп тапсырылған са-

ланы жетістіктерге же-

телеп  кететін жігерлі 

жұмыстары елдің  есін-

де.

қайраткер Қайрекеңнің кісілік келбеті ме

н ұлтжанд

ылық қасиеті туралы сыр-толғау

«Биікке шықсаң, көзің  

ашылады, жақсымен 

сөйлессең, көңілің ашы-

лады», — депті ата-баба-

ларымыз.  Жақсы  адам  

алтын кітаппен  тең.  

Өйткені  сол  кітаппен  

сусындаған басқалар өз 

өмірлеріне өнеге  алады.  

Өмір  жолы өзгелерге 

өнеге  тұтуға тұрарлық 

қайраткер-азамат,  заң  

ғылымдарының  до-

кторы, профессор 

Қайрат Әбдразақұлы  

Мәми ер жасы 60-қа 

толып  отыр. Ананы  хан 

көтерген, әкені бас 

уәзір  еткен, бауырды  

жарастырып, ағаны  

табыстырған  елшілік  

жастағы Қайрекең әлі 

де мемлекет  күзетінде 

тұр.  Жаны таза, адам-

гершілігі мол, жүрек-

құмырасы  жауhарға  

толы азаматқа мемле-

кеттік істе ізгілік тілейміз.

ҚАРА ҚЫЛДЫ ҚАҚ ЖАРҒАН 

Қ а з і р 

е л і м і з д і ң   

сот    билігі  қоғамды 

ілгері    жетелеуші  қуатты 

интеллектуалдық  күшке ие. Халық өз  

құқығын тек  заң  арқылы қорғай  алатынына 

көзі  жетіп, сотқа  бұрынғыдан да көбірек  жүгіне  

бастады. Бұл  жерде: «Екі жақты тыңдап  алмай, 

үкім шығарма», — деген Солон принципі еске-

рілген. Мұның өзі қоғамның  дағдарыссыз  да-

муына, сонымен  қатар қайырымдылық, өзгені 

құрметтеу  сияқты  құндылықтарды  алғашқы  

планға шығаруға  ықпал  етеді.

   Адамдар  түрлі  заңдармен  басқарылады: 

1)  табиғи  құқықпен;  2)құдіретті  құқықпен. 

Ол    діннің  құқығы,    яғни  канондық  құқықпен; 

3) халықаралық құқықпен. Оны ғаламдық аза-

маттық      құқық    деп  те  қарастыруға    болады; 

4) жалпы  мемлекеттік құқықпен. Барлық адам-

зат  қоғамдарын  құрған  адами    даналықпен 

өлшенеді;  5)  қоғамдық  азаматтық  құқықпен. 

Ол  арқылы азаматтар өзінің дүние-мүлкін қор-

ғайды. Адам  ақыл-ойының ең  биік мақсатынан  

туындаған    бұл    заңдар  адамдарды    бас-

қаратын  негізгі  ұстанымдармен    шатастырмау 

үшін  керек.

Құқықтық 

мемлекет құрудағы 

ерен еңбегі

Қ

азақстанның  құқықтық  жүйесі  барлық 



халықаралық 

талаптарға 

жау-

ап  береді.  Оның  бастамашылдық 



қасиеті    барлық  саяси    мәнге  ие.  Оны  

халықаралық    қауымдастық  та    мойындаған. 

Жақында  Финляндияның  Жоғарғы  әкімшілік 

сотының  бұрынғы  төрағасы  Пекка  Халлберг: 

«Қазақстанның  құқықтық  жүйесі  «де-юре», 

барлық  халықаралық  талаптарға  жауап  бере-

ді.  «Де-факто»  болса,  әрине,  біздің  еліміздегі-

дей,  сіздердің  елдеріңізде  де  мәселелер  бар. 

Өйткені  бұл  үнемі  дамып  отыратын  үдемелі 

үрдіс»,  —  деп  еліміздегі  құқықтық  жағдайға 

жоғары баға берді.

Қазақстан  —  Орталық  Азиядағы  гүлдену-

ші  мемлекет.  Қазақстан  аймақ  елдерін 

экономикалық  дамуға  жетелейтін    локомотив 

іспеттес. 

Біздің  еліміздің  соңғы  74  жылдағы  тарихы 

Кеңес  Одағының  тарихымен  сабақтас.    Егер 

одан әрі тереңірек үңілсек, қазақ елінде мүлдем 

басқа құқықтық жүйе болды. 

Тәуелсіздік  алған  алғашқы  күннен  бастап 

Қазақстан  өз  алдындағы  басты  мақсат-мін-

дет  ретінде  құқықтық  мемлекет  құру  жолын 

айқындады. Бұл Конституцияда көрініс  тапты. 

Осы міндет бойынша бүгінде барлық меморган-

дар жұмыс жасауда.

2012  жылы    Құқықтық  саясатты  зерт-

теу  орталығы  Қазақстандағы  БҰҰ  Даму 

Бағдарламасымен бірлесіп «Қазақстанның сот 

жүйесін  бағалау»  тақырыбында  зерттеулердің 

нәтижесін  таныстырды.  Қазақстанның  сот 

органдарының  қызметін  бағалау  бойынша 

алғашқы  тәуелсіз  әлеуметтік  зерттеу  2012 

жылы  сәуір-мамыр  айларында  жүргізілді  және 

ол    еліміздің  14  облысынан  6000-нан  астам 

қазақстандықты қамтыды.

Зерттеудің негізгі мақсаты соттардың жұмыс 

сапасына  және  сот  қызметінің  көрсетілуіне 

азаматтардың сенімділік, қанағаттану деңгейін 

анықтауды  көздеді. 

Зерттеулер  сот  төрелігі  жүйесінің  айқындық 

және  есептілік  механизмдерін  нығайтуға 

бағытталды.  Шара  БҰҰ Даму Бағдарламасының 

Қазақстан  Республикасы  Жоғарғы  Сотымен 

бірлескен жобасы шеңберінде жүргізілді.

Қазақстан  судьялары  корпусы  ақпараттық 

және коммуникациялық технологиялардың да-

уларды  шешу  мен  құқық  қорғау  саласындағы 

маңыздылығын, 

сондай-ақ 

халықаралық 

құқықтық ақпараттандыру жүйесін дамыту және 

оған әр адамның қол жеткізуін қамтамасыз ету 

үшін одақтасу қажет екендігі  алға  тартылды.

Соңғы    жылдары  бірқатар    елдердің  сот 

төрелігін  жүзеге  асырушы  органдары 

азаматтар  мен  ұжымдардың 

құқығын  қорғау  тиімді-

лігін қамтамасыз 

е

т

у 



мақсатында 

дыбыс 


жазба-

лар,  телефон  және  бей-

неконференция 

байланысын 

және  жаһандық  ақпараттық  ғаламтор  

желісі  мүмкіндіктерін  пайдалана  бастады. 

Қазақстанда бүгінгі күні бұл бағытта көп жұмыс 

жүзеге асты. Мамандандырылған ауданаралық 

экономикалық соттардың қорына «Электрондық 

сот төрелігі» жүйесі енгізілді. Қазақстандықтар 

осы  жүйе  арқылы  сотқа  өз  талаптарын 

электрондық  тәртіппен  бере  алады,  сот  хат-

тамасына ескерту айту мүмкіндігіне ие болып, 

сот хаттамасының электрондық нұсқасын беру 

туралы  өтініштерін  жібере  алады.  Бүгінде  кез 

келген  адам  үйінен  шықпай-ақ  немесе  жұмыс 

үстелінен  ұзамастан  ғаламтор  желісі  арқылы 

сот актісімен танысып, оның тұжырымы мен не-

гіздемесін  анықтай  алады.  Барлық  сот  актіле-

рін Қазақстан Республикасы Жоғарғы сотының 

ресми  ғаламтор-қорынан  табуға  болады.  Бей-

неконференц  байланыс  сотталушыны  сот  про-

цесіне алып келмей-ақ сот процестерін өткізуді 

және  өзге  аймақтарда  тұратын  іске  қатысы 

бар  куәлардан  еш  кедергісіз  жауап  алуды 

қамтамасыз етеді. 

Жоғарғы сот осы бейнеконференциялық  бай-

ланыс арқылы жергілікті соттардың судьялары 

мен  сот  қызметкерлерін  қашықтықтан  оқыту 

және  Жоғарғы  сот  төрағасының  азаматтарды 

қабылдауын жүзеге асырған. 

Республика соттарына «электронды бақылау 

өндірісі»  (ЭБӨ)  деп  аталатын  жоба  енгізілу-

де,  яғни  соттардың  ресми  сайты  арқылы  сот 

процесіне  қатысушылар  іс  жүргізу  құжатының 

жүргізілуі  туралы  барлық  ақпаратты  ала  ала-

ды.

Қазақстан  Республикасы  Судьялар  одағы 



Халықаралық  Судьялар  Қауымдастығына 

толыққанды мүше болып қабылданған.

Қазақстан Республикасының сот жүйесі соңғы 

жылдары  айтулы  кезеңдерді  өткеріп,  бірша-

ма оң қадамдарға қол жеткізді. Сот реформа-

сында  тәжірибенің  озық  үлгілері  қолданылып, 

сот  жүйесі  уақыт  озған  сайын  халықаралық 

стандарттарға  сай  жетістіктерге  қол  жеткі-

зіп  келеді.  Ал  сот  билігінің  халық  үшін  ашық, 

қолжетімді,  жариялылық  бағытты  ұстануы  — 

мемлекет  тарапынан  қойылып  отырған  басты 

талаптардың бірі.

Соттар  қызметінің  тиімділігі,  олардың 

шығарған  шешімдерінің  әділдігі,  жедел  және 

толық  орындалуы  кез  келген  мемлекеттің 

дамуының  негізгі  көрсеткіші  екендігі  ақиқат. 

Қазіргі  таңда  жалпы  сот  әділдігін  жүзеге  асы-

ру  мақсатында  сот  қызметкерлеріне  барлық 

жағдайлар жасалған. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет