1 мамыр — Қазақстан халқының бірлігі күні 9 мамыр —


—  Осындай    қателіктерден  көпте-



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата03.03.2017
өлшемі10,37 Mb.
#5590
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

—  Осындай    қателіктерден  көпте-

ген құндылықтардан айырылып қал-

ған болармыз?

—  Жер  белгілеуде  этнографиялық, 

этникалық,  археологиялық,  судың, 

қазақтың 

молаларының 

картасы 


болмаған.  Осындай  мән  бермеуші-

лік  салдарынан  қазір  Сырым  Датұлы 

Қарақалпақстанда,  Құрманғазы  Астра-

ханда,  Жалаңтөс  Самарқанда,  Төле 

би  Ташкентте  қалып  қойды.  Сондағы 

Алашорда  көсемдері  Лениннің  алды-

на  барғанда  осы  карталары  болмады. 

Қазақтың жері қай жерлерді қамтитынын 

Ленин  қайдан  білсін.  Сұраған  жер-

ді  берді  де  бекітті.  Қайта  Ахмет 

Байтұрсынұлының арқасында Қостанай 

облысы  сақталып  қалды,  әйтпесе  оны 

Челябинскіге қоспақшы болды. 

— Сұхбатыңызға рақмет, Молдияр 

аға!

Сұхбаттасқан — 

Мирас Кесебаев

ӘЛ-ФАРАБИ даналығына сай 

ҚОНАЕВТЫҢ 12 ҚАСИЕТІ

Бұл эссе-мақала оқырмандар тілегі бойынша 

2008 жылдан бастап, күні бүгінге дейін түрлі басы-

лымдарда жарияланып келеді. Көптеген ғылыми 

мәслихат жинақтарына енді. Міне, сондықтан фа-

рабитанушы ғалымдардың да назарына ілінсе  

және ой-пікірлерін ортаға салса деген тілекпен 

белгілі басылым, ұлттық рухтың ұраншысы, интел-

лектілік ақыл-ойдың жаршысы «Қазақстан-ZAM-

AN» газетіне арнайы ұсынып отырмын. Өйткені 

Әл-Фараби еңбектері — мәңгілік құндылық.  

Мәселе Әл-Фарабидің ел билеушілерге байла-

нысты философиялық ойларының өміршеңдігінде 

және Қонаев өнегесінің данышпан даналығымен 

үйлесуінде жатса керек.

Мәңгілік елге мәңгілік 

белгілер жетіспейді

Жер, ел атауын қате 

не әдейі бұрмалап 

айту – зардабы мол 

құрметсіздік. Кез 

келген мекеннің 

тарихына көз жі-

бермей, білуге ты-

рыспай, қаншама 

жанама, айтуға оғаш, 

тіл келмейтін атау-

лар қойылып кетті. 

Әрбір істі өз мама-

нына тапсырмаудың 

нәтижесі осы. Қазақ 

жеріндегі елді мекен-

дер мен жер-судың 

көне әм тарихи ата-

уын жақсы білетін 

шежіре қарт, геолог-

картограф Молдияр 

Серікбаев ағамен 

осы тақырыпта 

сұхбат өрбіттік.



Молдияр Серікбаев

19

ҰЛТТЫҚ МҮДДЕ

30 СƏУІР ЖЫЛҚЫ ЖЫЛЫ 



 ҚАЗАҚСТАН-ZAMAN 

Ә

р  қазақтың  дастарқанынан  табылатын 



жылқының  қазы-қартасын  бүгінгі  күні 

сүйсініп  жемейтін  халық  жоқ  шығар.  Ту-

мысынан жылқы мінез қазақтар қамбар ата етінің 

құндылығын  сонау  ерте  кездерден-ақ,  ешбір  ар-

найы  зерттеу  құралдарынсыз-ақ  күнделікті  ас 

мәзірінде  қолдану  арқылы  зерделей  білген.  Төрт 

түліктің  әрқайсысының  тұрмыс-тіршілігінде  ала-

тын  орны  мен  қадірін  жіті  танып,  бағалай  білген 

бабаларымыздың  жылқыға  ықыласының  бөлек 

болғанын айтпай өту мүмкін емес. Сол ізгі  тілектің 

туған  халқымыздың  ауызекі  сөйлеу  тілінде  берік 

орын  алғандығы  сондай,  тіпті    ұрпағының  мінсіз 

болып өсуін текті жылқы табиғатына теліп, байла-

ныстыруы да тегін емес. Соның бір көрінісі бүгінде 

халық даналығына айналған «Жылқыда да жылқы 

бар,  қазанаты  бір  бөлек,  жігітте  де  жігіт  бар,  аза-

маты бір бөлек», «Жақсы ат – ер қанаты», «Сырын 

білмес  аттың  сыртынан  жүрме»  сынды  мақал-

мәтелдер  болса  керек.  Жылқы  малының  таптыр-

мас  бірегей  өнімі  бүгінде  бәрімізге  бір  қазы  деген 

ортақ атауымен ғана таныс. Алайда, ертеден бері 

сақталған деректерге зер салсақ, оның түрлері де 

көп  және  соған  орай  оның  атаулары  да  әрқилы 

болып  келеді.  Атап  айтқанда,  олар  тең  қазы,  би 

қазы, дөңбек қазы, шынтақ қазы, кере қазы, сере 

қазы,  табалдырық  немесе  табан  қазы.  Ашығын 

айту  керек,  бүгінгі  күні  қазының  бұл  түрлерінің 

бәрі  қолданыста  десек,  артық  айтқандық  болар 

еді.  Оған  себеп  —  ерте  кездегі  ата-әжелеріміздің 

қазы  айналдыру  ісінің  озық  үлгілерінің  жылдан-

жылға  азая  бастағаны.  Арнайы  технологиясының 

жоқтығы.  Десек  те,  «қараша,  желтоқсан  мен  сол 

бір-екі  ай»  қамына  ерте  қамданатын  қаймана 

қазақтың  ең  соңғы  жылқысын  соғымға  сойып, 

одан қазы айналдыруы қаракөздеріміздің тұрмыс-

тіршілігінің бұлтартпайтын бір заңдылығы десе де 

болады.  Біздің  бұл  сөзімізді  жыл  он  екі  ай  бойы 

қазы күнделікті отбасылық ас мәзірінен үзілмейтін 

Қонаевтар жанұясының мүшелері де қуаттайды. 

Назгүл Қонаева, 

Алматы облысы, 

Ақсу ауданының 

тұрғыны: 

— Қазақтың ұлттық 

тағамдарын 

бір-бі-


рінен  бөліп  алып 

қарау  мүмкін  емес, 

әрине.  Бірақ  соның 

ішінде  ет  өнімдерін 

күнделікті қолданатын 

халқымыз 

үшін 

жылқы етінің алатын орны өзгеше. Мен бала кезім-



нен жылқы етін, соның ішінде қазы жеп өскендіктен, 

оны басқа өнімдерден бір саты биік қоямын. Жалпы 

жылқы  малының  етінің  дәмінің  өзгеше  екендігіне, 

тіл  үйіретіндігіне  әркім  де    келісер  деп  ойлаймын. 

Жасыратыны  жоқ,  қазіргі  уақытта  қалалықтарды 

айтпағанда,  ауылда  тұратын  ағайындардың  бәрі 

ыждаһаттап  қазы  айналдыру  ісімен  айналысады 

деу шындыққа жанаспайды. Көбінесе қазы-қартаны 

ет  базарлары  мен  дүкендерден  сатып  алады  не-

месе  қазы  жасайтын  жандарға  арнайы  тапсырыс 

беріп  жасатады.  Бұл,  бір  жағынан,  халқымыздың 

арасында  соңғы  жылдары  белең  ала  бастаған 

ұлттық  тағамдарымызға  деген  немқұрайлылық 

болса,  екіншіден,  жылдан-жылға  қазы  айналдыру 

технологиясының  белгілі  бір  орныққан  үлгісінің 

болмауының  тұтынушыларды  тығырыққа  тіреуі. 

Қазірде қалалық жерлердегі үлкен отырыстар мен 

той-томалақтарда әр өңірдің қазысының дәмін та-

тып  жүрмін.  Бірақ,  ашығын  айтайын,  әр  аймақта 

дайындалған қазының дәмдері әр түрлі. Мен үшін 

анамның  дайындаған  қазы-қартасының  жағымды 

иісі мен дәмі ерекше. Қазы айналдыру ісі біздің от-

басымызда  күні  бүгінге  дейін  сақталған.  Қараша 

айының  соңында  үйде  соғым  шалынады.  Ол  кез 

кішігірім  мейрам  болатын,  оны  асыға  күтетінмін. 

Кішкентай кезімнен әкемнен және анамнан көргенім 

жылқы  сойған  кезде,  қазыны  келесі  ретпен  дай-

ындайтын.  Малдың  аш  ішектерін  жақсылап  таза-

лап алады, одан кейін тұзбен тазалап бірнеше рет 

жуады.  Содан  кейін  қасапшы  он  екі  қабырғаны 

мүшелеп  болғаннан  кейін  үлкен  шараларға  әр 

қабырғаны сарымсақ қосылған тұзбен тұздап, қара 

бұрыш қосып, 12 сағатқа қойып қоятын. Сол кезде 

өзінің сөлі шыққан етке тұз жақсы сіңеді. Белгілі бір 

уақыт өткен соң, қазының майы көбірек жерлеріне 

ет қосып және керісінше етті жерлеріне май қосып 

теңеп, ішектерге салады да, екі ұштарын тобылғы 

ағашының  сабақтарымен  бекітеді.  Бәрі  дайын 

болған  соң  жоғарыға  іліп,  астынан  от  жағып  етті 

ыстайды. Еттің сөлі бәсеңдеп, толықтай кепкенше 

бір-екі  күн  қосымша  тағы  да  ысталады.  Осылай-

ша, ысталған ет пен қазы-қартаны қоймаға сақтап, 

одан  қыс  бойы  дәмді  ас  дайындайды.  Бұл  қазы 

айналдырудың  ең  көп  тараған  классикалық  үлгісі 

деуге болады. Өз басым қазыны күні бүгінге дейін 

осы әдіс бойынша айналдырамын. 

...  Иә,  кейіпкеріміз  айтып  өткендей,  қазы  айнал-

дыру  екінің  бірінің  қолынан  келе  бермейді.  Оған 

да адамның икемі мен ынта-ықыласы болуы шарт. 

Жылқы шаруашылығы саласы мамандарының ай-

туынша, жақсы жемделген, семіз жылқы етінен орта 

есеппен  алғанда  20-25  қазыға  дейін  айналдыруға 

болады.  Жылқы  малы  —  шынымен  де  киелі  әрі 

көп қасеттерімен төрт түліктің ішіндегі төресі деуге 

тұрарлық  үй  жануары.    Сонау  жаугершілік  заман-

дарда  жылқы  малы  киіз  үйдің  белдеуінен  кетпей, 

сыртқы  жаудан  елі  мен  жерін  қорғаған  ерлер  оны 

қанатына балап, жорыққа мінсе, көшпелі тұрмыста 

ол ішсе — сусыны (қымыз), жесе — азығы (ет), кисе 

— киімі (су өткізбейтін сырт киім — сулық) болған. 

Адамзатқа  белгілі  жан-жануарлар  ішінде  ит  пен 

доңызда,  қала  берді  осы  жылқыда  ғана  өт  жоқ, 

сондықтан бұлар күйсемейді. Жылқының тері сіңген 

қамшымен жалғыз тартсаңыз, түсі суық кез келген 

жыланыңыз  сол  жерде  сеспей  қатады.  Денесінің 

бір жері кесіліп иә жырылса, басқа жануарлардың 

бәрінде  ол  жараға  айналып,  іріңдеп,  ақыры  бір 

мүшесінен  айырылып  тынса,  жылқы  малының 

жарақаты  ешқашан  құрттамайды.  Сосын,  қандай 

қақаған  суық  болса  да,  жылқының  сорпасының 

бетіне  шыққан  майы  қатпайды.  Бұрынғы  кезде-

рі  ата-бабаларымыз  тыныс  алу  мен  ас  қорыту 

жолдарындағы  қатерлі  ісікті  (ракты)  жылқы  тері 

сіңген  қамшының  өрімін  сабымен  бірге  қайырып 

білемдеп  тамаққа  жүгіртіп,  жараның  аузын  ашып, 

оны  жылқы  терімен  күйдіріп  жазған.  Жылқы 

етінің      ең  шұрайлы,  ең  сүбелі  әрі  ғажап  бағалы 

мүшелеріне  қазы-қарта  мен  жал-жая  жатады. 

Халықтың аузынан суы құрып айтып жүретін, «жесе 

— тісіне, жемесе — түсіне кіретін» тәбет ашар ең 

дәмді тағамы да дәл осы мүшелер. Сондықтан се-

міз қазы-қарта мен майлы қарынды, сарыала жал 

мен  жаяны  қазақтың  ұлттық  тағамының  берекесі 

мен беделі деп қана емес, денсаулыққа аса пайда-

лы тағамдар деп те санаған абзал. Өйткені жылқы 

етінің құрамында холестерин өте аз болады. Қазақ 

осынау  кәделі,  сыйлы  мүшелерді  өзі  жемей,  са-

рымайдай  сақтап,  аса  құрметті  қонақтарына  ғана 

ұсынып, төре табақ еттің бетіне турауға тырысқан. 

Жылқының  қазысын  бұрындары  ішекке  тыққан, 

сөйткенде  ол көп сақталған әрі сүрленіп, дәмі арта 

түскен. Бүгіндері ауыл қазақтары қазыны мөшектегі 

ұнның ішіне салып сақтайды, себебі ұн жаз кезінде 

де салқын күйінде тұрады. Ал қарта мен қарын ұзақ 

сақталмайтындықтан,  оларды  жас,  дәмі  әлі  кете 

қоймаған  кезінде  асып  жеуді  жөн  көрген.  Жалпы, 

қыстық  азығын  қара  күздің  аяқ  шенінде,  алғашқы 

бозқырау  суық  түсерге  жақын  кезде  дайындап, 

жылқы  иә  мүйізді  ірі  қарадан  соғым  сою  –  қазақ 

халқының  бұрынғы  көшпелі  өмір  тіршілігінен  бері 

сақталып, күні бүгінге дейін бұлжымай келе жатқан 

салт-дәстүрі. Қазақ жұрты соғымға шамасы келген-

ше жылқы малын союға ұмтылған.

Болған 

Тоқанқызы, 

«Жалғас» шаруа 

қожалығының өкілі, 

кәсіпкер: 

—  Мен  өзім  жылқы 

жылы 

туғандықтан 



ба  екен,  осы  жылқы 

малына  жақынмын. 

Әдетте,  қыз  балалар 

«сырын  білмес  аттың 

сыртынан жүрме» де-

ген қағиданы жадынан 

шығармай, атқа жақындамайтын болса, мен керісін-

ше, бала кезімнен ат құлағында ойнап өстім. Негізгі 

мамандығым ұстаздық болғанымен, соңғы жиырма 

жыл бойы жолдасым Алтынбек екеуіміз осы жылқы 

шаруашылығымен  айналысып  келеміз.  Біз  соңғы 

сегіз жыл бойы жылқы еті, соның ішінде қазы-қарта 

айналдырып,  сатуды  кәсіп  етеміз.  Қазір  нарық 

заңына орай сойылатын жылқы бағасы да әрқалай. 

Біздің шаруашылықта өнім жасау үшін сатылатын 

жас байталдардың құны 220-250 мың теңгеге дейін 

жетеді. 

Біз негізінен қазыны үш түрлі етіп айналдырамыз 

және  соған  орай  көбінесе  жалпыға  ортақ  дәстүрлі 

технологияны  қолданамыз.  Нақтырақ  айтсам, 

жылқының екі жақ сүбе қабырғасын екі бөліп алып, 

оны бес сағат  іліп сорғытамыз. Қазы айналдыратын 

ішекті алдын ала тұзды суға салып қоямыз. Әлбетте 

тобылғыдан істіктер әзірлейміз. Жуылған ішектің өн 

бойына  қабырғаны  салып,  жылқының  бөксе  етін 

сылып алып,  оған іш майын қосы, сарымсақ, қара 

бұрыш, тұз және дәмдеуіштер қосып жасаймыз. Бұл 

— ең жоғарғы сортты қазы. Ал шұжықтарды да осы 

технология  бойынша  туралған  ет  пен  жылқының 

іш майын салып айналдырамыз. Ұзындықтары бі-

лектей-білектей, сапалы бірінші сортты қазыларды 

базарларда  1500-2000  теңге  аралығында  сатсақ, 

шұжықтар  бағасы  1200-1500  теңгенің  айналасын-

да.  Біз  әлі  Қазақстаннан  тысқары  қазы  сатуды 

тәжірибеге  енгізген  жоқпыз,  бірақ  алдағы  уақытта 

жоспарымызда бар. 

...Өзге  жұрттардың  жұлымыр  бизнесмендері 

қазақтың  ұлттық  тағамдарын  патенттеп  меншік-

теніп  алып,  саудасының  көрігін  қыздырып  отыр, 

әсіресе немістер. Кезінде жылқы етіне мұрындарын 

шүйіріп,  өлексе  көргеннен  жаман  тыжырына-

тын  Еуропа  елдерінің  өздері  бүгіндері  жылқы  еті 

десе  етпеттерінен  түсіп,  орыс  пен  хохолдардың 

шұжығын қазақтың қазысымен алмастыруда. Оны 

алыс-жақын  шетелдерге  шығып,  халықаралық 

байрақты  спорттық      бәсекелерге      қатысып 

жүрген  отандық  спортшыларымыздың      (мысалы, 

И.Ильин)  көпшілігі-ақ  мақтанышпен  айтып  жүр. 

Себебі  спортшының  ас  мәзірі  кез  келген  ұлттың 

менталитетіне  байланысты.  Әр  халықтың  өзіндік 

табиғатына  сай  ас-суы,  ішіп-жемі  болатыны  тағы 

бар.  Спортшыларға  олардың  ағзасы  қабылдай 

алмайтын  шетелдік  азық-түліктерді  тықпалаудың 

қажеті  шамалы.  Сондықтан  негізін  қазақтың 

қарадомалақтары  құрайтын  олимпиадалық  ре-

зервте  жүрген  болашақ  жеңімпаздарымыздың  ас 

мәзірін қазақтың қазы-қартасымен, қымызымен һәм 

шұбатымен толықтыратын кез жеткені анық. Спорт 

—  денсаулық  кепілі  ғана  емес,  әлем  халықтарын 

бір-бірімен  жақындастырып,  түрлі  тілді,  түрлі  дін-

ді,  түрлі  нәсілді  халықтар  арасындағы  түсіністікті 

қалыптастырудың негізін қалауға дәнекер болатын 

алтын  көпір  десек,  артық  айтқандық  емес.  Олай 

болса  спортшыларымыздың  бойына  күш-қуат  бе-

ріп,  денінің  саулығына  кепілдік  беретін  ұлттық 

тағамдарымыздың  атақ-даңқын  күллі  әлемге  паш 

етіп, оны ұлықтай білу, оларды ұлттық брендке ай-

налдыру байырғы ұлт — қазақ үшін басты мақсат 

болуы шарт. 

Рыскүл Лесбеко-

ва, Қазақ спорт және 

туризм академиясы, 

Олимпиадалық 

спорт факультетінің 

деканы: 

— 

Қазыны 



с п о р т ш ы л а р д ы ң 

күнделікті тамақ раци-

онына енгізу — міндет-

ті шарттың бірі. Адам 

ағзасына көктем және 

жаз айларында түрлі дәрумендер қандай қажет бол-

са, қазының құрамындағы қоректік заттар жаттығу 

барысында  өте  көп  күш-қуат  жұмсайтын  споршы-

лар  физиологиясының  қорек  көзі  болып  табыла-

ды. Әсіресе палуандарымыз бен зілтеміршілеріміз, 

көкпар секілді ұлттық спорт түрлерімен айналыса-

тындар  үшін  бұл  —  таптырмас  құнды  тағам.  Тіпті 

қазының құрамы мен сапасын айтпағанда, жылқы 

сорпасының өзі неге тұрады?! Бірнеше сағатқа со-

зылатын жаттығулардан кейін палуандар көбінесе 

жоғалтқан энергия қорын қайтадан қазы-қарта  жеу 

арқылы  толтырса,  бойларында  жиналған  тұз  бен 

терді осы қазының сорпасы арқылы шығарады.   

...Қазы ұлттық бренд бола ма? Бұл сауалға бірден 

жауап беру оңай емес, әлбетте. Дегенмен, қазыны 

экспортқа шығару арқылы оны ұлттық брендімізге 

айналдырудың  кезі туды деуге толық негіз бар. Се-

бебі бұрындары осы туралы сөз қозғала қалса, кей-

бір елдердің жылқы етін жемейтіні басты желеу ре-

тінде алға тартыла беретін. Бүгіндері осы көзқарас 

түбегейлі  өзгеріп,  оған  төрткүл  әлемде  қазақтың 

қазысына деген құштарлықтың өсіп отыруы ықпал 

еткені  байқалуда.  Мәселен,  отандық  «Бақара»  ет 

комбинаты биыл Мәскеу қаласының нарығына 200 

тонна қазы өнімін жөнелтуді жоспарлап отыр екен. 

Мұны  өзіміздің  қазақстандық  кәсіпкерлер  растап, 

теріскейдегі көршіміздің қазыға деген сұранысының 

өте  жоғары  екенін  айтуда.  Демек,  бұл  —  қазыны 

брендке айналдырып, таза да табиғи жылқы етінен 

жасалған  қазы  сынды  өнімімізді  сыртқа  шығарып, 

шекара  сыртында  жатқан  кез  келген  елге  ұялмай 

сатуға  болады  деуге  нақты  дәлел.  Мұндай    са-

уда-саттықтан  отандық  кәсіпкерлер  ұтпаса, 

ұтылмайды.  Өкінішке  қарай,  жылқының  дүбірін 

естісе  делебесі  қозып,  атқа  мінсе  аруақтанып 

кететін  қазақ  жұрты  бүгіндері  өзінің  жылқы  еті 

мен  қымыз-шұбатын,  сүттен  жасалатын  құрт  пен 

сүзбе тәрізді өнімдерін, женті сынды толып жатқан 

ұлттық  тағамдарын  патенттеп,  жалғанға  жар  салу 

бақытына ие бола алмай отыр. Аталмыш мәселенің 

Парламент  қабырғасында  қаралып,  мәжіліс  мін-

беріне  дейін  жеткеніне  қарамастан,  ақыры  ол 

сиырқұйымшақтанып барып, мүлде аяқсыз қалды. 

Шынында  да,  біздің  ұлттық  тағамдарымыздың 

басқаларды  жерік  әйелдей  қызықтыратыны  те-

гіннен-тегін  емес.  Себебі  олар  ең  алдымен  өзінің 

табиғилығымен  құнды.  Содан  да  болар,  олар 

құнарлы  да  жұғымды  әрі  адам  денсаулығына  аса 

пайдалы.  Бізге  қазір  басқалардың  өзіміз  туралы 

айтқан  әртүрлі  пікірлеріне  жалтақтамай,  сөзден 

іске  көшкен  жөн.  Сондай  игілікті  істің  басы  жылқы 

қазысын  экспорттау  көлемін  арттырудан  бастал-

са,  нұр  үстіне  нұр  болмақ.  Мамандар  жылқы  етін 

экспортқа  қазы  түрінде  шығару  өзін-өзі  ақтайтын, 

ел  экономикасының  дамуына  айтарлықтай  үлес 

қосатын  шаруа  болар  еді  деген  пікірде.  Олимп 

биігінде  отырған  марқасқалар  мамандардың  бұл 

ұсынысын құлақтарына ілсе ғой, шіркін!

Арай Сахариева

С

ондықтан әлем мұсылмандары бұл айларға аса құрметпен қарап, 



құлшылыққа ден қояды. Қасиетті ережеп айында әрбір мұсылман 

пенде  дұға,  мінәжат,  ғибадатын  күшейтіп,  Жаратушы  Иемізді 

ұлықтап, пәктеуді бұрынғыдан да арттырады.

«Ережеп»  сөзі  араб  тіліндегі  «ражаба»,  яғни  ұлықтау,  мадақтау  деген 

мағыналарды білдіреді. Пайғамбарымыз: «Жаннатта сүттен  ақ, балдан тәтті 

бір өзен бар. Ол Ережеп деп аталады. Кімде-кім ережеп айында ораза ұстаса, 

Алла  тағала  сол  өзеннен  су   ішкізеді»,  –  дейді.  «Ережеп  –  Алланың  айы, 

Шағбан – менің айым, ал Рамазан – үмбетімнің айы» деген хадисті естігенде, 

сахабалар бұл айдың неліктен Алланың айы деп аталу себебін сұрайды. Сон-

да Пайғамбарымыз былай деп түсіндірген: «Ережеп – Алланың 

күнәларды кешіретін айы. Алла тағала үшін сүйікті ай. 

Бұл айда ұрыс-жанжал, қантөгіс тоқтатылған. 

Пайғамбарлардың 

тәубелері 

қабыл  болып,  әулиелер 

дұшпандарынан 

қорғалған. 

Бір  кісі  Ережеп 

айын  оразамен  өткізсе,  Алла 

тағаланың  мынадай  үш  жақсылығына 

ие болады:

1. Өткен күнәларын кешіреді;

2. Қалған өмірінде түрлі теріс қылықтардан сақтайды;

3. Қиямет күні Алла тағала оның шөлін қандырады».

Әнас  ибн  Мәліктен  (р.а)  риуаят  етілген  осы  хадистің  жалғасы  былай 

өрбиді:


«...Осы  мезет  бір  қарт  кісі  орнынан  түрегеліп,  өзінің  Ережеп  айында 

түгелдей  ораза  ұстауға  шамасы  келмейтіндігін  мұңая  жеткізгенде,  «Ере-

жеп  айының  басында,  ортасында  және  соңында  ауыз  бекітсең,  бұл  айды 

түгелдей  оразамен  өткізгендей  сауапқа  кенелесің»,  –  деген  жауап  естіп 

қуанады. Сондықтан бұл айлардың қадірін біліп, босқа өткізіп алмай, Алла-

ны көбірек еске алып, біліп-білмей істеген қателеріміз үшін кешірім сұрап, 

тәубеге келіп, Құран оқып, ілім үйренумен өткізгеніміз жөн. Төрт халифаның 

бірі  Омар  (р.а.)  әр  күні  кешке  өзінен:  «Бүгін  Алла  үшін  не  істедім?»  –  деп 

сұрайтын.  Яғни  әрбір  адам  күнде  кешкісін  Алла  үшін  не  істегені  жөнінде 

өзінен-өзі есеп алып отыруы керек.

  «Алла  тағалам,  бізді  Ережеп  пен  Шағбан  айында  берекеге  кенелтіп, 

Рамазанға аман-есен жеткізе гөр» деген дұға да ардақты Пайғамбарымыздың 

бұл айларға ерекше көңіл бөлгенін көрсетеді (Ахмад ибн Ханбал, Мүснәд, 

I/259).


Алланың  тақуа  құлдарының  бірі  Зуннун  Мысри:  «Ережеп  —  тұқым 

себу  айы,  шағбан  —  егінді  суғару  айы,  ал  рамазан  —  жемісті  жинау 

айы».  Тақуалыққа  бір  табан  жақындау  мақсатында  бұл  айда  нәпіл 

ораза  ұстау  турасында  мынандай  деректер  де  кездеседі:  «Кімде  кім 

Ережеп  айында  біреудің  мұқтаждығын  өтесе,  қиямет  күні  Алла  тағала 

оған  Фирдаус  жаннатынан  көз  жетер  жеріне  дейінгі  арақашықтықта  са-

рай  тұрғызады.  Қаперде  ұстаңыздар,  бұл  айда  Алла  тағаланың  сый-

құрметіне  лайық  болуды  қаласаңыз,  өзгеге  сый-құрмет  жасаңыздар».

Ережеп айында қасиетті екі түн бар. Ол екі түн Рағайып және Миғраж деп 

аталады. Рағайып түні алғашқы аптаның жұмасына, ал Миғраж түні жиыр-

ма  жетінші  түнге  сай  келеді.  Рағайып  түнін  «жақсылық  пен  игілікке  толы 

әрі аса құнды, ерекше бағалауды қажет ететін түн» деп түсінеміз. Миғраж 

— баспалдақ деген сөз. Жәбірейіл періште келіп, пайғамбарымызды 52 жа-

сында ережеп айының 27-ші түнінде Меккедегі Мешіт Харамнан Құдыстағы 

(Иерусалим) Мешіт Ақсаға және одан көкке алып кетті. Расулалла миғражда 

жұмақты, тозақты, сансыз жерлерді көріп, күрси, арш және рух әлемдерінен 

өтіп,  мекенсіз,  уақытсыз,  бағытсыз,  сипатсыз  түрде  Алла  тағаланы  көрді. 

Ешкім білмейтін, түсіне алмайтын нығметтерге қауышып, бір сәтте Құдысқа, 

ол жерден Мекке-и Мүкаррамаға келді. Миғражда бес уақыт намаз парыз 

болды.


«Алла тағала ережеп айындағы жақсы амалдарды көп еселендіреді. Бұл 

айда  бір  күн  ораза  тұтқан  адам,  бір  жыл  ораза  тұтқан  сияқты  сауап  ала-

ды. Жеті күн ораза тұтқан адамға жаһаннам есіктері жабылады. Сегіз күн 

тұтқанға жаннаттың сегіз есігі ашылады. Он күн тұтқан адамға Алла тағала 

сұрағанын береді. Он бес күн тұтқанға “өткен күнәларың кешірілді” деп ай-

тады. Алла тағала Нұх алейһиссаламды ережеп айында кемеге міндірді. Ол 

да Ережеп айын оразамен өткізіп, жанындағыларға да ораза тұтуларын әмір 

етті» (Табарани). 

Хазіреті Саубан (р.а.) сахабадан риуаят етіледі: «Бір күні Пайғамбармен 

бірге  жол  жүріп  бара  жатып,  қабірстанның  жанынан  өттік.  Сонда 

пайғамбарымыз Мұхаммед (Алланың сәлемі болсын) мазараттағы жерлен-

ген қабірлерге қарап: «Мына қабірдегі жатқан адамдарды қабір азабынан 

құтқаруды тілеп, Алла тағалаға дұға жасадым. Егер де бұл адамдар тірші-

лігінде  қасиетті  Ережеп  айында  бір  күн  ораза  ұстағанда  ғой,  қабір  азабы 

болмас еді» деген. Сонда мен: «Аллаһтың елшісі, қасиетті Ережеп айының 

бір күн оразасы қабір азабынан құтылуға өтеу бола ма?» — деп сұрадым. 

Сонда:  «Әрбір  мұсылман  осы  айда  ең  болмағанда  бір  күн  ораза  тұтса, 

күнәларынан кешірім сұрап нәпіл намаз оқыса, не осы айда дүниеден өтсе, 

ұлы Алла тағала ол пенденің амал дәптеріне бір жылдық құлшылықтың са-

уабын  жазады»,  —  деді».  Бұл  айда  ораза  ұстаған  пенденің  дәрежесі  биік 

орында болады. Бір күні Біләл азаншы ораза ұстап, пайғамбарымыздың ал-

дына кіргенде ол тамақтанып отырған болатын. «Ей, Біләл, тамаққа кел», 

—  дегенде:  «Мен  оразамын,  Алланың  елшісі»,  —  деді.  Сонда  Мұхаммед 

пайғамбарымыз (Алланың сәлемі болсын): «Біз Алланың берген ризық не-

сібесін жеп жатырмыз. Ал Біләл болса ризығын жаннатта жейді», — деді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет