2. Мектепке дейінгі балалардың сезімін дамыту.
Сыртқы дүние заттары мен құбылыстарының адамның қажеттеріне сәйкес келу-келмеуінің нәтижесінде пайда болып отыратын психикалық процестің түрін сезім деп атайды.
Балалардың қарапайым эмоциялары туған күніБалалардың қарапайым эмоциялары туған күнінен-ақ көрінеді.Бала есейген сайын эмоциялар біртіндеп дами түседі. Мектеп жасына дейінгі балалардың ой-өрісі тайыз, өмір тәжірибесі жеткіліксіз, түрлі психикалық құбылыстары әсіресе ерік-жігері дамып жетілмеген.Осы жағдай оның эмоциясына да тән.Мектеп жасына дейінгі балалар эмоциясының басты ерекшклігі-тұрақсыз, тұрлаусыз, нақтылы да мәнерлі қозғалыстарға толы келетіндігі.
Ұжым өмірі балаларда борыш, жауапкершілік, ар-ұят сезімдерінің қалыптасуына жақсы әсер етеді. Жеке мүддені ұжым мүддесіне бағындыра алу-ең тамаша қасиет. Балаларды осындай борышты, жауапкершілік сезімге баулу да тарбиешінің басты міндеттерінің бірі.
«Жақсы», «жаман» деген сөздердің мәнін айыра бастауы балада ұялу сезімінің қалыптасып келе жатқандығын байқатады. Баланың эстетикалық сезімдерін дамытуда табиғаттану, сурет сабақтарының орын алатын маңызы зор.
Сезімдерді тәрбиелеудегі басты жолдардың бірі- балаларды өз эмоцияларын басқара алуға, өзінің аффекттерін тежей білуге дағдыландыру.Бұл көп жаттығуларды, машықтануды қажет етеді. Тәрбиеші арнаулы жаттығулар арқылы баланың оғаш мінезін де, сылбыр эмоциясын да қалыпқа келтіре алады.
Бала сезімін тәрбиелеушілердің де сезімдері өз дәрежесінде болуы тиіс.Олардың өмірінде, іс-әрекетінде шынайы жақсы сезімдер орын тапса, балаға да үлгі өнеге болатын табиғи нәрсе.Бала еліктеуге жарарлық үлгі-өнеге көрмесе, оның сезімдері де дұрыс дамымайтын болады.
Достарыңызбен бөлісу: |