1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Қабілет пен нышан,оның балада көрінуі



бет33/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

2.Қабілет пен нышан,оның балада көрінуі

Қабілет деген ұғым өмірде жиі қолданылады.Мысалы: мұғалім оқушысына мінездеме бере отырып, осы баланың математикаға қабілетті екенін айтады. Қандайда болмасын бір нәрсеге адамның қабілеті жоқ адам болмайды. Ол біреуде күшті, біреуде шамалы болып келуі мүмкін. Қабілет дегеніміз –белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әртүрлі қасиеттерінің қиысып келуін айтады. Мысалы: Сурет академиясына оқуға келген Суриковтың арнаулы қабілеті ерте көрінгенімен, сурет салуға деген қажетті дағды мен білімі болмаған. Сондықтан оны академияға қабылдамаған. Академия мұғалімдері Суриковвтың сурет өнеріне тиісті қабілеттігін көре алмай,үлкен қате жіберген.Кейін ол өзінің зор қабілетінің арқасында сурет өнеріне деген білім мен дағдыны 2-3 ай ішінде меңгерді де академияға түсуге құқық алды. Қабілеттілік екіге бөлінеді:

1.Жалпы қабілет. 2.Арнайы қабілет. Жалпы қабілет дегеніміз-адамның ақыл-ой ерекшеліктерінің жеке жақтарын көрсететін қабілет (Зейінділік, бақылағыштық, зеректік, тапқырлық) . Арнайы қабілет дегеніміз – іс-әрекеттің жеке жақтары көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілет (Суретшінің, актердің, музыканттың).

Нышан – қабілеттіліктің қалыптасуының алғашқы шарты. Нышан екі түрге бөлінеді. 1- Анатомиялық нышан. 2- Физиологиялық нышан. Анатомиялық нышан – адамның кейбір өзгешеліктері ана құрсағында жатқанда пайда болады. Мысалы: Баланың ата-анасы мен туысқандарына ұқсап тууы.

Физиологиялық нышан – жүйке жүйесінің кейбір анализаторлардың ерекшеліктері де туысынан пайда болады. Мысалы: Баланың есту анализаторларының жетіле дамуы музыкалық қабілет үшін, көру анализаторларының өзгешелігі сурет қабілетінің көрінуіне септігін тигізеді. Нышан көп мәнді қасиет, осы нышанға негізделіп, адам өмірінің жан-жақтылығына қарай түрлі қабілет қалыптасады. Осы нышанның ықпалымен қалыптасқан қабілеттің түрі – дарындылық.

Дарындылық адамның сәби кезінен байқалатыг ерекше қабілеттілігі, өнердің бір түріне туа бейімділігі. Мысалы: Дюрер 3 жасында өзінің суретін салған. Гаусс 14 жасында өзін математика әлемінде танытқан. Дарындылық туа бітетін ерекше қасиет, ал қабілеттілік әр адамда болатын еңбектенумен, іздесіпен жетілетін қасиет. Дарындылық атадан балаға, немереге, шөбереге қан арқылы берілуі де мүмкін.

Адамның білуге деген ынта ықыласының бала бойында ұштасуын ақыл- ой қабілетінен байқауға болады. Енді оқушылар дайындаған тірек – сызбаларына сүйене отырып, Венн диаграммасын құрайық



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет