1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


тәрбиешінің ата аналармен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны



бет43/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76
3.тәрбиешінің ата аналармен жүргізілетін жұмыстарының мазмұны

Оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін көтеру мәселесі мектепке дейінгі мекемелерде біліктілікті жоғары мамандармен қамтамасыз етуге байланысты. Оңтайландыру мәселесіне келгенде, тағы бір оқу-тәрбие үрдісінің тиімділігін арттыратын жол айтуға болады: ол ата-аналарды білім беру үрдісіне қосу. Бұл идея өзлігінен жаңа емес. Ата-аналар баланың жетілуіне аз жауапкершілікте емес, оларға қосымша бала тәрбиелеуге тәсілдеме беруді жүзеге асыру керек. Одан басқа бұл тәсілдеме тәжірибелік қызметті ұйымдастыруда біржақтылықтан құтылдырады, ата-аналарға оқыту мен бала тәрбиелеуде толығымен қатысуына мүмкіндік береді. Мұндай жұмысты ұйымдастыру үшін оқу-тәрбие жұмысын қайта қарау керек. [4]

Ұлы орыс педагогы К.Д.Ушинский аталар мен әжелерді тәрбиенің нәзік түсінетін «табиғи педагогтар» деп санады. Аталар мен әжелер және басқа адамдар үйелменде жеке адамның қалыпстасуына, өсіп жетілуіне орасан зор әсер етеді. Отбасы-барлығының басы, жан-жақты дамуының негізі болатын тәрбие институты.Отбасындағы ата-ана мен баланың қарым қатынас нәтижесінде, адамгершілік, эстетикалық, дене тәрбиесіні алғашқы үлгілері қалыптасады.

тәрбиешілер ата – аналармен жақынырақ танысып, отбасының әлеуметтік жағдайын ,отбасы мүшелерінің бала тәрбиелеудегі рөлін анықтау үшін ата – аналардың ұсыныс – пікірлерін, ойын бөлісу мақсатында сауалнамалар, анкеталық сұрақтар алуымызға болады. Сонымен бірге жыл бойғы жүргізілетін жұмыс түрлерін ата – аналармен бірлесе отырып жасаған тиімді, себебі ата – аналар заман талабына сай өзекті мәселелерді, отбасы тәрбиесіне байланысты тақырыптартарды өздері ұсына алады. Сонымен қатар ата – аналардың ұсыныс – пікірлерімен санаса отырып ата – аналарға арналған әңгімелер мен лекциялар, консультациялар, сұрақ – жауап кештері, тәрбие жұмысын алмасу жөніндегі конференциялар, психологиялық тренинг- сабақтар, ата – аналарды педагогикалық әдебиеттермен таныстыру әдіс – тәсілдері қарастырылады. Мұхтар Әуезов айтқандай : «Қай істің болсын өнуіне үш түрлі шарт бар. Ең әуелі ниет керек, одан соң күш керек, одан соң тәртіп керек».




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет