1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


-билет. 1.Сәбилік балалақ шақтың ерекшеліктері және оның маңызы



бет44/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

14-билет.

1.Сәбилік балалақ шақтың ерекшеліктері және оның маңызы.

Сәбилік шақ-бұл адамға тән психофизикалық процестердің тез қалыптасу кезеңі. Сәбилерге дер кезінде басталып, дұрыс жүзеге асырылатын тәрбие беру ісі оларды жақсы өсіріп, дамытудың маңызды шарты болып табылады. Өмірінің алғашқы екі жылында балалардың дене және нерв-психикалық жағынан дамуы үшін тез өсу тән. Бұл кезеңде баланың бойы мен салмағы үдемелі өседі, организмнің бүкіл қызметі жедел дамиды. Бір жасқа тола өз бетімен жүреді. Өмірінің екінші және үшінші жылында оның негізгі қимылдары жетіле түседі, ол өзінің қимыл активтілігін айналасындағылармен үйлестіре бастайды. Бала ана тілін игеруде үлкен табысқа жетеді.

Егер 1 жастағы баланың активті сөздік қоры, әдетте 10-12 сөзден тұрса, 2 жасқа тола бастағанда ол 200-300, ал 3 үш жасқа тола бастағанда 1500 сөзге дейін көбейеді.

Баланың сәбилік шақта дамуы организмнің жиі жарақатантанғыш ауруларға қарсыласу қабілеті төмен, қолайсыз кезінде жүзеге асады. Басынан өткізген әрбір ауру балалардың жалпы дамуына жағымсыз әсерін тигізеді. Сондықтан кішкентай сәбидің денсаулығын сақтау және нығайту баланы сәбидік шақта тәрбиелеудің аса маңызды міндеттердің бірін құрайды. Бала өмірінің алғ. жылдарында, әсіресе дене және психикалық даму арасындағы өзара байланыс күшті болады. Дені сау ,мықты бала ауруға аз шалдығады және психикалық жағынан жақсы дамиды. Оның үстіне көңілді, ширақ, белсенді балалар неғұрлым төзімді келеді. Денсаулығының сәл бұзылуы олардың жалпы жайына өзгеріс туғызады-олар ашушаң, самарқау болып нашар ойнайды, тез шаршайды. Балалар сәбилік шақта көңіл күйінің тұрақсыздығымен ерекшеленеді: былай қарағанда сәл нәрсеге бала жылап қол береді де, ұзақ уақыт бойы жұбанбайды, қайта оған керісінше, көз жасы құрғамай жатып, жүзінде күлкі ойнай бастайды. Балалардың көңілді болуы олардың тіршілігін дұрыс ұйымдастыру, белсенді әрекет ету, қызықты жайларды есте қалдыру, ең бастысы ересек адамдармен қарым-қатынасты тиімді ұйымдастыру арқылы қамтамасыз етіледі. Балалардың шат көңіл күйінің, байсалды мінез-құлқының қалыптасуын қамтамасыз ету, нерв жүйесін қорғау, шаршап-шалдығудан сақтандыру-балалардың сәбилік шақ педагогикасының маңызды міндеттері. Кішкене балалаарды тәрбиелеуде олардың қозу процесі тежеу процесінен басым келетінін есепке алу керек: кішкентай бала тамақ күтіп, қимылын тежегенді т.с.с. сонша ұната қоймайды. Яслилердегі және ясли-бақшалардағы сәбилер тобында осы ерекшелік ескеріле отырып, әрбір баланы жеке-дара бағып, күтуге мүмкіндік беретін барлық режим процестерін дәйекті, біртіндеп жүргізу принципі енгізілген.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   40   41   42   43   44   45   46   47   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет