2.Қиял туралы жалпы түсінік: қызметі, түрлері, ерекшеліктері, балада дамуы.
Қиял — сыртқы дүние заттары мен қүбылыстарының субъективтік образдарын қайтадан жаңартып, өндеп, бейнелеуде көрінетін, тек адамға ғана тән психикалық процесс.Адамда қиял пайда болған кезде ми қабығында бүрын жасалған уақытша байланыстар түрлі комбинацияларға туседі де, жаңа нәрселердің бейнесі туып отырады.Қиял түрлері-Қиял актив, пассив болып екіге бөлінеді. Қиялдық бүтіндей пассивтік түрінің шегі - Түс (физиология).Түс көрудің физиологиялығын жан-жақты түсіндіріп берген И. П. Павлов болды.Жаңа туған нәрестеде қиял болмайды.Бала өмірінде қиялдың алғаш көрінуі бір жастан асқан кезде байқалады.Екі жасар бала ертегі не әңгіме тыңдап отырып жылап жібереді. Бұл факті жас баланың басында ес елесінің және қиял елесінің туа бастағанын көрсетеді. Бала қиялының мазмұны бастапқы кезде жұтаң, әрі ырықсыз түрде болады. Өсе келе тәрбие мен өз іс-әрекетінің тәжірибесі негізінде бала қиялы дамып, сапасы артады.Дамудың бұл кезеңіндегі өзгешілік - балалардың ойын әрекетінде шығармашылық қиялдың элементтері туа бастайды. Мұндай қиял олардың сюжеттік ойындарынан айқын аңғарылады. Балабақшадағы бүлдіршіндер «Теміржол» ойынын ойнағанда, әрқайсысы белгілі рөлді орындайды. Осындай ойын әрекеттерінен олардың қиялы толыға түседі, жаңа рөлдер тауып алады. Бұл шығармашылық қиялдың белсенді қатынасынан туындайды.Ойын әрекеті бала қиялын тәрбиелеп, дамытуда күшті рөл атқарады. Сондай-ақ, ол балалардың табиғи белсенділігін, қозғалғыштығын, дара психикалық процестерін де дамыта түседі. Мысалы, құрылыс ойындары, теміржол салу, үй тұрғызу, зауыт-фабрикалар орнату т.б. Жеткіншектер қиялын дамытудағы әрекет - сурет салу. Сурет салуда олар түрлі елестерін, есте қалғандарын сыртқа өздерінше шығарады.
Адам қиялсыз өмір сүре алмайды, қиял шындық болмыспен ұштасып, адамды жаңа істерге, меңгерілмеген нәрселерді игеруге, ғылым мен техникадағы, өнер мен көркем әдебиеттегі жаңа белестерге ынталандырып отырады.
Тілі және қиялы жақсы дамыған бала қызықты сюжетті тез арада жанынан ойлап шығара алады. Қиялдың үздіксіз жұмысы – баланың айналадағы әлемді танып-білуінің және игеруінің маңыздылығы, бұл жеке тәжірибе аумағынан шығудың әдісі.
Достарыңызбен бөлісу: |