1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Тәрбиешінің жеке тұлғалығын дамытудың педагогикалық психология негіздері



бет54/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76
2.Тәрбиешінің жеке тұлғалығын дамытудың педагогикалық психология негіздері.

Тәрбиеші – өз ісінің шебері, жоғары мәдениетті, өз мамандығын терең меңгерген, жан-жақты, жалпы, әсіресе балалар психологиясының мәселелеріне қанық, тәрбие мен оқыту әдістемесін жетік игерген маман. Педагогикалық шеберлік- үнемі жетіліп отыруды қажет ететін балаларды оқыту мен тәрбиелеу өнері. Ол өнерге балаларды сүйетін және өз қалауымен жұмыс істейтін әр педагогтың қолы жетуі мүмкін. Тәрбиешінің педагогикалық шеберлігі тәрбие жұмысының әрбір кезеңінде не істейтінін, не үшін істейтінін, қандай нәтижеге жеткісі келетінін дәл білуіне байланысты болмақ. Шебер тәрбиешінің бөлмелерді педагогикалық және эстетикалық талаптарға сай жабдықталуы, тәрбие жұмысына қажетті көрнекі құрадарының түгел болуы, педагогикалық мақсатқа сәйкестелінген болуы шарт. Олардың өз орнында тұруы жемісті еңбек етуге жағдай жасайды. Шебер тәрбиешінің негізгі қасеттерінің бірі- педагогикалық әдептілік. Педагогикалық әдептілік бала психологиясын және оның жас ерекшеліктерін жете білуді талап етеді. Әдептіліктің қайнар көзі- балаларды сүю және қадірлей білу.

Педагогикалық әдептіліктің бір көрінісі – шамамен сезу қасиеті. Сонда тәрбие әдістерінің көпшілігі нәтижелі болады. Қолайлы әдісті таба білу шеберлік пен әдептіліктің көрінісі. Шеберлік үйретумен, үйренумен, өз ісіне деген сүйіспеншілікпен, тәжірибемен, жұмысқа ұқыпты қараумен саналы, ойлы еңбекпен қалыптасады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   50   51   52   53   54   55   56   57   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет