1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Мектепке дейінгі баланы дамытуда М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі



бет52/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

3.Мектепке дейінгі баланы дамытуда М.Монтессоридің педагогикалық жүйесі.

Мария Монтессори балаларды еркін тәрбиелеу идеясын жасап өмірге енгізді.1900 жылы Марияның өз дамуында ауытқушылықтар бар балаларға арналған Еуропадағы бірінші оқу орнына басшылық етті.Оның кішкентай емдеушілері нашар сөйлегендіктен ол саусақтардың ұсақ маторикаларын жаттықтыру арқылы сөйлеуді дамытатын арнайы жаттығулар және балалардың өзіндік сенсорлық тәжірибе негізінде қоршаған ортаның зерттей алатын арнайы құралдар және ойындар әзірледі.Оның 1910 жылы әлемнің көптеген тілдеріне аударылған Монтессори әдісі атты кітабы жарық көрді.Бұл әдіс бойынша 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейін шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін есте сақтауды, сөйлеуді, елестетуді,қимылды дамытады.Монтессори әдісінің мақсаты:1)Балаларды еркін тәрбиелеп,өмірге бейімдеу;2)Өмірде өз мақсаты бар екенін қалыптастыру;3)Балалардың өзінің үйреніп өзінің дамуына жаңа мүмкіндіктер беру.М.Монтессори педагогикасы немесе жүйесі 100 жыл бұрын М.Монтнссори ойлап тапқандықтан,соның атымен аталып кеткен. Монтессори әдістемесі әрбір тәрбиеленушіге деген даралы тәсілдемеге негізделген.Бұған сәйкес дидактикалық балаларға өздігінен жұмыс жасауға жағдай жасаған.Сонымен қатар қазіргі таңда Монтессори ілімі мен жүйесі көптеген балабақшаларда кеңінен қолданыла бастады.Бұл Монтессори педагогикасының негізгі мақсаты -баланың еркіндігі мен өзіндік ойлау дағдысының дамыуына қысым көрсетпеу керек ,яғни балаға бостандық беру.Бұл әдіс 3 жастан 6 жасқа дейінгі балалар зейінін,шығармашылық және логикалық ойлау қабілетін,есте сақтауды ,сөйлеуді елестетуді ,қимылды дамытады.Монтессори әдісінің негізгі қағидасы-«оқы,оқы»деп күштеп емес ,ойын арқылы оқыту және баламен дербес тіл табысуға негізделген жаттығуларды таңдап алу.Қазіргі таңда балабақшада М.Монтессоридің үш аймақ бойынша жұмыс жасап балалардың дамуына үлес қосып келеміз.

1.Күнделікті өмір жаттығулар аймағы :

2.Сенсорика аймағы:

3.Математика аймағы:

М.Монтессори әдісі балаларға жауапкершілікті сезінуге ,өздігінен шешім қабылдауына ,топтада жекеде жұмыс жасай алуына ,таңдау жасай алуына өз уақытын ұйымдастыра білуіне ,өзіне сеніммен қаруына мүмкіндіктер береді.

Бұл әдістің мақсаты-балалардың табиғи мінезін ,қабілетін ,тәрбиешінің нұсқауымен емес,өз еркімен тәуелсіздік рухында тәрбиелеу.Монтессори материалы арқылы бала затты түсінеді және оны қолдануға тырысады.Тәжірибелік жолмен іске асатын жаттығулар ең алғашқы құралдарда бала қозғалыс жасау үстінде жүреді.Бала маторикасын мен сенсорикасын дамыту үшін материалдарды күніне 1 немесе 2 рет қайталап отыруы керек.Бірақ сабақ кезінде бала сол материалдармен жұмыс жасау жолын толығымен таныс болу керек.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   48   49   50   51   52   53   54   55   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет