1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Тәрбиешінің бала темпераментіне байланысты қарым-қатынас жасау жолдары



бет55/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76
3.Тәрбиешінің бала темпераментіне байланысты қарым-қатынас жасау жолдары.

Оқу үрдісіндегі оқушылардың мінез-құлқын ойдағыдай басқару тәрбиешінің психологиялық ерекшеліктерді терең білуімен сипатталады. Оқушының мінез-құлқының механизмі және қабілеттің даму факторы – темперамент.

Темперамент – нерв жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке қасиеттерінің бірі. Ол адамдардың эмоциялық қозғыштығынан, қимыл-қозғалысынан, жалпы белсенділігінен жақсы байқалады.

Оқушының темперамент ерекшелігінен оның оқу әрекетінің стилі, ақыл-ой жұмысының көлемі, зейін ерекшелігі, ынтасының дәрежесі, жұмысқа тез тартылу динамикасы айқындалады.

Оқушыда байқалатын темперамент ерекшеліктеріне тоқталып өтсек.

Сангвиник темпераменті қозғалғыш, сергек, қызыққыш келеді. Сангвиниктер негізінен көңілді тип. Эмоциялық көңіл-күйі тұрақсыз, өзгеріп отырады, сезімге тез беріледі. Олардың сезімдері күшті, терең емес. Шапшаң ашуланып, тез арада күйіп-пісіп қалады. Ашуы тез басылады, кек сақтамайды, тез ұмытып кетеді, сәтсіздіктерді тез жеңе біледі, ұжымда беделді. Ұжым мүшелерімен жақсы қарым-қатынаста болады, адамдармен тез арада тіл табыса біледі.

Сангвиник адамдар тез пайда болатын күшті, бірақ тұрақсыз эмоциялық қозуымен ерешеленеді. Олардың көңіл-күйі тез өзгеріп отырады. Бұл типтегі балалар қозғалғыштығымен ерекшеленеді. Ондай балалар әртүрлі іске тез кіріседі, бірақ әр нәрсенің басын бастап, аяқсыз қалдырады, істі аяғына дейін жеткізе алмайды, тез арада суып қалады, олар бір бағыттағы ұзақ, табандылықты қажет ететін іс-әрекетке бейім емес. Олардың ренжуі де, жылауы да тез, күлуі оңай. Сезімі тез өзгеріп отырады.

Холерик темпераменті өкілдері тез пайда болатын күшті және тұрақты эмоциялық қозуымен ерекшеленеді. Холериктердің сезімі бет-пішінінен, дене қимылынан, сөйлеген сөзінен анық байқалады. Олар күйіп-пісу, тез қозғалғыштық, әруақытта да іс-әрекетке бейім келеді. Оларда психикалық үрдістер тез, жылдам жүріп жатады. Холериктер іс-әрекетке жылдам, қызыға, құлшына кіріседі.

Бұл типтегі балалар өте белсенді. Олар жігерлі, қызу қанды, кейде артық кетіп қалады, кейде ашуға, сезімге тез беріледі.

Флегматик темпераменті жай пайда болатын, әлсіз және қысқа мерзімді эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Флегматиктің сезімі сырттай әлсіз аңғарылады. Бұл типтегі адамдардың қуануы да, қайғыруы да қиын. Флегматик балалар сабырлы, салмақты, мінез-құлқы әруақытта да бір күйде тұрады. Олардың психикалық үрдістері жай, бірсарынды жүреді. Бұлар өте ұстамды, салмақты, іс-әрекетте баяу. Істеген ісін сапалы, тындырымды орындайды. Бұл типтегі балалар сабақты жаксы оқиды, іс-әрекетте орнықты, табандылық анғартады.

Меланхолик темпераменті жай, бірақ күшті және тұрақты эмоциялық қозумен ерекшеленеді. Меланхолик типіндегі адамдар қозғалыста, іс-әрекетте баяу. Олар іс-әрекетке бірден кірісе алмайды, ырғалып-жырғалып барып кіріседі, егер іске кірісе қалса, аяғына дейін жеткізеді. Бұл типтегі балалар көбіне тұйық келеді, ұжыммен және адамдармен, әсіресе таныс емес, жаңа адамдармен карым-қатынас жасауы қиын. Олар коғамдық жұмыстарға қатыспайды, ондай балалар өзімен-өзі болғанды жақсы көреді. Сондықтан да белгілі қолайлы жағдайларда, дұрыс ұйымдастырылған оқу-тәрбие жұмысында меланхоликтерге ерекше назар аударған жен. Оларға мұғалімдердің тарапынан ерекше көңіл бөлініп, жағдай жасалса, олардың бойындағы құнды қасиеттерді дамытуға болады.

Темпераменттің бір түрін жағымды, екінші түрін жағымсыз деп бағалау дұрыс болмайды. Әрбір темпераменттің өзінің жағымды жақтарымен катар жағымсыз жақтары да болады. Таза күйінде темперамент өте сирек кездеседі. Адамда темпераменттің белгілі бір түрінің қасиеті басым келеді, бірақ бұл жағдайда, басқа темпераментке тән жекелеген белгілер байқалуы мүмкін. Оқыту және тәрбие үрдісінде шәкірттерге дара әсер ету үшін, демек, практикалық қажеттіліктер үшін темпераменттің негізгі сипаттамасын бағдарлай отырып, қарастырған жөн.

Әр адам өз темпераментінің жақсы жақтарын біліп, нашар жақтарынан арылу жолдарын қарастырса, сөйтіп өз темпераментін меңгере алатын халге жетсе бұл осы адамның сана сезімінің жақсы көрсеткіштерінің бірі болып табылады. Ал, керісінше адам темпераментіне еріп, өзіне-өзі ие бола алмаса, темпераменттің қайсысы болсын адамды ұнамсыз етіп көрсетеді.

Оқушылардың темпераментін тәрбиелеуде әр бір мұғалім баяу болса да темпераменттердің өзгеріп отыратындығын, яғни ол адамның жасына, білімі мен тәжірибесіне, тәлім-тәрбиесіне, нақтылы әрекетіне байланысты түрлі өзгертуге түсетіндігін ылғи да еске ұстап, осыған орай әрбір оқушымен жеке жұмыстар жүргізу қажет. Мәселен, оқушының жасына қарай оқудағы үлгерім дәрежесін, тәртібін, басқа балалармен қарым-қатынасын, қоғам жұмыстарына қалай араласатындағын ұдайы қадағалау, олардың ата-аналарымен байланыс жасап, қоғамдық пайдалы еңбекке баулып отыру қажет.

Темперамент нерв жүйесінің тума қасиеті болғанымен оны қоғамдық тәрбие әсерімен қалыптастыру керек, яғни, тәрбиелеп отыру керек.

Мысалы: Холериктерді ұстамсыздықтан аулақтатып, тыныш ұзақ жұмыс жасауға үйрету.

Сангвиниктерді жұмысты сабырмен асықпай істеуге.

Флегматикті жайбарақаттыққа салынбай асықтырып, құлшындырып.

Меланхоликтерді өздеріне сенуге, батылдыққа тәрбиелеу тиіс.

Темпераменттің адам психикасынан алатын орнын топырақтың өсімдікке тигізетін әсерімен салыстыруға болады. Өйткені, темперамент адамның табиғи жағын көрсететін басты белгілерінің бірі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   51   52   53   54   55   56   57   58   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет