1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


-БИЛЕТ. 1.Мектепке дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі:міндеттері, мазмұны, балабақшада бала сенсорикасын дамыту құралдары



бет53/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76
17-БИЛЕТ.

1.Мектепке дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесі:міндеттері, мазмұны, балабақшада бала сенсорикасын дамыту құралдары.

Мектепке дейінгі педагогика ғылымында танымдық әрекетті сенсорлық тәрбиемен байланыстыра зерттеген Е.Тихеева, М.Монтессори, В.С.Ветлугина және т.б.Мектепке дейінгі жастағы балаларды сенсорлық тәрбие баланың заттар мен құбылыстардың сыртқы қасиеттері мен байланыстарын, кеңістік пен уақытты бағдарлауы жетіледі. Заттармен іс-әрекетте бала оның түсін түрін, қасиеттерін біле бастайды.Баланың сенсорлық дамуының бір-бірімен байланысты екі жағы бар:Біріншісі - заттар мен құбылыстардың әр трүрлі қасиеттері жөніндегі түсініктерді меңгеруі;

Екіншісі - қоршаған ортаны толықтай және жекелей қабылдауға жаңа әрекетін игеруі.Сенсорлық тәрбие - түйсік пен қабылдаудың бірдей дамуы. Сәбилік шақтың алғашқы күндерінен бастап-ақ өзін қоршаған заттардың қасиетін түсініп, талпыныс пайда болады. Қабылдаудың ерекше қасиеті балалар жақын адамдарды тани алатындығы. Бөтен адам көрсе жатырқап жылайды. Ал заттарды қабылдау дағдысы ұмтылу іс-әрекеттері арқылы жасалады.Сенсорлық тәрбие баланың сезім мүшелерінің дамуына, дүниені түсініп тануына әрекет жасайды.Сенсорлық тәрбие мәселелерінде Мария Монтессоридің сенсорлық, тәрбие жүйесінде өз бейнесін тапқан Монтессори талдап жасаған сенсорлық тәрбие жүйесі балалардың түстер мен реңктерді, формалар мен көлемдерді ажырату дәрежесі жоғары болуына қол жеткізуді өз алдына мақсат етіп қояды.Сенсорлық тәрбиені ойын арқылы дамыту өте қолайлы. Өйткені ойын - тәрбие құралы. Ол балалардың дүние танымын дамытудағы ең тиімді амалдардың бірі. Ойын арқылы балалар айналасындағы нәрселердің атын, болмысын ғана танып қоймайды, түр түсін, не үшін керектігін білетін болады.Ойын - өзінше бір мектеп, сол арқылы бала дүние туралы түсініктерді игереді. Көптеген ойындардың мазмұнына әндер, тақпақтар енгізіледі. Осының бәрі баланың сенсорлық тәрбиесінің әсерленуіне мүмкіндік береді.Бала ойын арқылы күш жігерін жаттықтырып, қоршаған заттар мен құбылыстардың сырын ұғынып, еңбек дағдысына үйрене бастайды. Ойын баланы тек дене жағынан жетілдіретін қимыл-қозғалыс, іс- әрекет қана емес, оларды ой еңбегіне баулу, түсініктерін дамыту құралы болып табылады.Мектеп жасына дейінгі балалардың ойынын дидактикалық ойыншықтармен, қимылды ойындармен, құрылыс материалдармен жасайтын әрекеттерін дамытуға ерекше көңіл бөлу керек. Ол үшін қимылды ойындарды көп ойнату керек.Мектеп жасына дейінгі баланың сенсорлық тәрбиесін дамытудағы істелетін жұмыстар:Балаларды бірыңғай заттарды сенсорлық белгілеріне қарай топтауға үйрету.

Балаларға жеті түсті (қызыл, қоңыр, сары, ақ, көк, жасыл, қара) форманы дөңгелек, төртбұрыш, үшбұрыш үйрету қажет.Жарты дөңгелек, жарты алма, жарты төртбұрыштың екінші жартысын табуға, бірте бірте кішірейе беретін заттарды жинауға үйрету қажет.

Сенсорлық ерекшелігі әр түрлі іс-әрекетте, бейнелеу өнерінде, құрастыруда, түрлі құбылыстарды бақылау кезінде заттардың қасиеттеріне қалай қолдана білуге үйрету.

Баланы дамытуға арналған бағдарламалар өте көп.Бірақ М.Монтессори әдістемесі қазіргі таңда баланың танымдық белсенділігін, сенсорлық эталондарды қалыптастыруда негізгі тиімді әдістері болып табылады.

М-лы; Сензитивтілік қағидасы – Монтессоридің дидактикалық материалы өзінің құрылымы мен заттық логикасы бойынша бала дамуының сензитивті кезеңдеріне сәйкес келеді. Монтессори, мысалы алты жасқа дейінгі баланың дамуын алты сензитивті кезеңдерге бөлді: сөйлеу дамуының сензитивті кезеңі,

қабылдау мен тәртіп орнатудың (“ұқыптылықтың сензитивті кезеңі”), ұсақ заттарды үйрену, қимыл мен істі үйрену, әлеуметтік дағдылардың дамуы.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет