Билет 18
1.Балабақшабағы оқыту мақматы, принцептері, әдістері және әр жас ерекшелік топтарындағы оқытудың ерекшеліктері.
Балабақшаның негізгі міндеттерінің бірі оқыту, баланы оқу үрдісіне тарту, мектепке даярлау. Баланың мектептегі болашағы балабақшадағы тәрбиешілердің дайындау деңгейіне байланысты. Олар баланың мектепте оқуға ықыласын ояту үшін баланың қабілеттерін дамытып, оларда оқу іс-әрекетіне деген қызығушылықты арттыруы керек.
1. бала денсаулығын қорғау және нығайту, толыққанды физикалық дамыту, Қазақстан халқының ұлттық дәстүрі негізінде салауатты өмір салты құндылықтарын дамыту;
2. балада қоршаған дүние туралы біртұтас бейнені, өзі, әлеуметтік орта жайлы алғашқы түсініктерді қалыптастыру;
3. баланы танымдық жағынан дамыту, интеллектуалды іс-әрекет тәсілдерін қалыптастыру, білім құмарлықты дамыту;
4. сөйлеуді және ана тілін, қарым-қатынас мәдениетін дамыту, сауат ашудың негіздерін меңгеруге дайындау;
5. адамның позитивті мінез-құлқының үлгісіне, мінез-құлық нормалары мен ережелеріне, Қазақстандық қоғамда қалыптасқан халықтың салт-дәстүрлері мен әдет-ғұрыптарына сай құндылық адамгершілік бағдарларын қалыптастыру;
6. отан мен туған жерге деген сүйіспеншілікті, мемлекеттік рәміздерге деген құрметті, қоршаған дүниеге, отбасына, әртүрлі ұлт адамдарына деген гуманды қатынастарды тәрбиелеу;
7. балада эстетикалық сезімдерді дамыту, бейнелеу, бейнелеу- сөйлеу, музыкалық іс-әрекетте шығармашылық қабілеттерді дамыту;
Әдіс – дегеніміз оқытушы мен оқушының әрекетінің арасындағы бірі-бірімен байланыси тәсілдер жүйесі, бағытталған оқу-тәрбие міндеттерін жүзеге асыру.
Достарыңызбен бөлісу: |