1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Қабілет: түрлері, қабілеттің іс-әрекетпен байланысы, балада дамуы



бет51/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76
Байланысты:
билет 1-25 шығару кажет папка (1)

2.Қабілет: түрлері, қабілеттің іс-әрекетпен байланысы, балада дамуы.

Қабілет адамның іс-әрекетінің белгілі бір түріне, өнер саласының біріне жарымдылығын жақсы көрсете алады. Белгілі бір істі үздік орындауға мүмкіндік беретін адамның әр түрлі жеке қасиеттерінің (музыкалық сауаттылық, түстерді жақс ажырата алу, қолдың икемділігі т.б) қиысып келуін, яғни адам қасиеттерінің синтезін қабілет деп атайды.Адамның ақыл-ой өзгешеліктерінің жеке қасиеттерін көрсететің кез келген адамнан табылатын қабілет жалпы қабілет деп аталады.Іс-әрекеттін жеке салаларында ғана көрініп, оның нәтижелі орындалуына мүмкіндік беретін қабілетін арнаулы қабілет деп атайды.Бала қабілетін тәрбиелеу үшін жүргізілетін жұмысының мазмұны мен түрлері де сан алуан.Жас шақта сөзге алақ адамдардың есейе келе ірі ақын,жазушы болғандары,көрген нәрсені есінде жөнді сақтай алмайтын адамдардың кейіннен талантты суретші болып кеткендері де бар.О.Скороходованың құлағы естіп,көзі көрмесе де өлшеусіз жаттығап,үйренудің нәтижесінде зор қабілетке ие болғандығы мәлім.Қабілеттіліктің даму шегі жоқ.Бейімділік-адамның белгілі бір әрекетпен айналысуға бет бұрысы,оған көңіл аууы,оянып келе жатқан қабілеттің алғашқы белгісі.Сонымен қатар,бейімділік әрекеттің бір саласына әуестенушілікті көрсетеді.Бейімділікті балада қандай да бір нышанның барлығын хабарлайтын белгі деуге де болады.Нағыз бейімділік адамның әрекетке тек құштарлығы емес,оны нәтижелі етіп орындауында.Жас балаларда әрекеттің әр түріне байланысты бейімділік жиі ұшырайды.Жалған бейімділік көбінесе үлкендердің сендіруінен немесе баланың өзі осылай сезінудін тууы мүмкін.Баланың бейімділіктерін дамытып отыру оның жалпы дамуына,ақыл-ой қабілетінің жақсы қалыптасуына жағдай жасайды.Сондықтан мұғалімдер,тәрбиешілер балалардың бейімділіктерін уақытында дұрыс көре білу керек.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет