1. мдпедагогика пәні,мақсат міндеттері,тәрбиенің негізгі категориялары мен даму көзі


Әлемдік тәжірбиедегі мектепке дейінгң тәрбие



бет57/76
Дата16.05.2022
өлшемі1,28 Mb.
#34613
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76
2.Әлемдік тәжірбиедегі мектепке дейінгң тәрбие

Бүгінгі таңда мектепке дейінгі тәрбие жүйесі әр елде алуан түрлі даму деңгейінде. Оның басты себептері: мектепке дейінгі тәрбие мемлекет пен қоғамның қатынасына, қоғамдағы әлеуметтік-экономикалық жағдайларға, әр елдің салт-дәстүрі мен мәдениетіне, аймақтық ерекшеліктеріне де байланысты. Педагогика көп жағдайда сол елдегі қолданыстағы заңнамаға немесе жетекші идеологияға тәуелді дамиды. Мектепке дейінгі ұйымдар елдің әлеуметтік қызмет көрсету, денсаулық сақтау ұйым¬дарына немесе білім беру жүйесіне қарайтын болады. Осыған байланысты мектепке дейінгі ұйымдардың жұмыс ба¬ғыттары, педагогикалық дайындық деңгейлері өзгереді.

Мектепке дейінгі білім беруді ұйымдастыруда белгілі бір жүйесі қалыптасқан Батыс Еуропа мен Америка елдерінде қа¬зіргі бар модельдерді үш түрге топтастыру байқалады.

* Латын-еуропалық (Франция, Бель¬гия, Италия)

* Скандинавиялық (Финляндия, Швеция)

* Англо-саксондық (АҚШ, Канада)

* Латын-еуропалық модель өздерін "отбасынан тыс тәрбие" деп атайды. Франциядағы осындай "мектеп-ана" моделі 4 жә¬не 5 жастағы балалардың бәрін міндетті қамтуды көздейді.

Англияда мектепке дейінгі ұйымдар жүйесін ұйымдастыруда балалардың жас мөлшері басты факторлардың бірі ретінде танылады. Мысалы, Англияда мектепке дейінгі білім беруде 3-5 жас аралығындағы балалар қамтылады. Бала 5 жастан бастап міндетті мектептік білімге тартылады. Ал 3 жасына дейін бала ана тәрбиесінде болғаны дұрыс деп есептеледі. Англия бағдарламаларында әлеуметтік тәрбиеге жоғары мән берілед

Германияда мектепке дейінгі ұйымдар үшін бірыңғай ұлттық бағдарлама жоқ. Әр балабақша өз бағдарламасын жасайды. Алайда балабақша тәрбиешілерінің дайындық деңгейлеріне ерекше көңіл бөлініп, аса жоғары талаптар қойылады. Оқу тәрбиеде күштеу қолданылмайды. Ол балалардың шығармашылығын қолдай отырып, ойнауға, өзара қатынасқа көбірек көңіл бөлінеді. Жекелей оқу, еркін ойнау бәрі де бала тарапынан қалауы бойынша әрі өз бетінше жүзеге асады. Педагог тек сұрақ қою, түсіндіру, жаңа әрекеттерді түсіндіру, баланың мінез-құлқын бақылаумен ғана шектелді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   53   54   55   56   57   58   59   60   ...   76




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет