1. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде



бет4/15
Дата13.10.2022
өлшемі96,58 Kb.
#42727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
Байланысты:
1. Мемлекет ж не ы теориясыны жалпы сипаттамасы. Мемлекет ж

4. Құқықтың пайда болуы.
1.Мемлекетке дейінгі кезеңдегі әлеуметтік нормалар.
2.Құқықтың пайда болуы.
3.Құқықтың шығуы туралы теориялар.
Мемлекетке дейінгі кезеңде қоғамдық өмірді әлеуметтік нормалар реттеп отырды. Ол адамдардың өмірлік қажеттіліктерінен пайда болып, дамыды.
Әлеуметтік нормалар ру мен тайпаның бірлігін, қоғамның әлеуметтік-экономикасын көрсетіп, оның даму жолдарын анықтады. Єндіріс құрал-жабдығының өз дәрежесінде дамымауы, өндірістің төмен болуы адамдардың қажеттілігін көрсетті.
Кез-келген қоғамда, оның өз мүшелеріне деген қатынасын реттеу қажеттілігі туды. Міне, соған байланысты әлеуметтік реттеудің қажеттілігі көрінеді. Оны нормативті және жеке деп екіге бөлеміз. Біріншісінің нормалары қоғамның барлық мүшелеріне арналады. Екіншісі, жеке бұйрық түрінде көрінеді. Олар бір-бірімен тығыз байланысты болады. Әлеуметтік реттеу адамзат қоғамының дамуымен басталады. Алғашқы қауымдық құрылыста қоғамдық қатынастарды негізгі реттеуші салт-дәстүрлер болды. Олар қоғамға пайдалы түрлі жағдайдағы мінез-құлық ережелері еді. Салт-дәстүрлер атадан-балаға мұра ретінде беріліп отырды. Қоғамға әсер ете отырып, олар өте жай өзгерді. Кейінгі дәуірлерде қоғамдық мораль нормалары мен діни-нанымдар келіп шықты. Олар біртіндеп бірігіп кетіп діни негіздерді қалады.
Қоғамдағы өзгерістерге байланысты адамдар арасында мүліктік теңсіздік күшейді. Дамып, пайда болып қалыптасқан тап үшін оның мүддесін қорғайтын салт-дәстүрлер қажет болды. Мемлекеттік билікті пайдалана отырып,өздеріне қарсы шыққан, жаман қылық жасаушыларға шара қолдану үшін, мемлекет тарапынан қамтамасыз етілген құқықтық салт-дәстүрді қалыптастырды. Сөйтіп,құқық мемлекетпен қатар дамып, бірін-бірі бекітті.
Қоғамның, мемлекеттің дамуына байланысты барлық қоғамдық қатынастарды құқықтық салт-дәстүрлер реттей алмады. Міне,осы кезеңде әлеуметтік байланыстарды реттеуді қамтамасыз ету үшін құқық нормаларын бекітетін құқықтың жаңа қайнар көзі:заңдар, заң прецеденті, нормативті келісімдер пайда болды. Құқықтың дамуының негізгі екі бағытын көрсетуге болады. Билеуші мемлекеттік меншіктің негізгі қайнар көзі адамгершілік-діни жағдайдағы жинақтар болды.» Ежелгі Египеттегі Птахотептің өсиеті», »Үндістандағы Ману заңы», «Мұсылман мемлекеттеріндегі Құран» т.б. Қажет кезінде оларды басқа салт-дәстүрлермен (мысалы,адат) және нақты (нормативті емес) ережелермен толықтырып отырды. Бұларды монарх немесе мемлекеттік аппараттағы өкілеттікке ие болған чиновниктер бекітті. Жеке меншікке негізделген қоғамда меншік иелерінің тең құқықты болу қажеттілігі келіп туды. Соған байланысты күрделі қоғамдық мүліктік қатынастар жүйесін реттеу үшін азаматтық заң келіп шықты. Соның бірі-Римдік жеке меншік құқығы. Бұл құқық жүйесін адамдар жүздеген ғасырлар бойы пайдалануда, қазіргі күнге дейін өз мәнін жоғалтпаған құқықтардың бірі. Мемлекеттік-ұйымдастырылған қоғамда құқық нормаларынан мемлекет қамтамасыз ететін заң келіп шықты.
Қоғамдық қатынастарды құқықтық реттеу мемлекеттік басқарудағы ең маңызды әдіс. Бірақ құқық пен заң арасында қарама-қайшылық бар. Заң қоғамындағы белгілі-бір топтың ғана мүддесін қорғайды.
Құқықтың дамуының негізгі үш кезеңін көрсетуге болады. Біріншісі, құқықтың пайда болуы,бұл енді экономикасы қалыптаса бастаған қоғамға тән. Екіншісі кезең,өндіріс экономикасының әртүрлі формалары бар қоғамға тән. Үшінші кезең, ерте мемлекеттік құрылымдарда кодекске жазылған құқығы бар қоғамға тән.
Құқықтың пайда болғанын мына белгілерінен көреміз: әлеуметтілігі, нормативтілігі, міндеттілігі, бір қалыпқа келтірілуі, оны шығару процедурасының бар екендігі, институттылығы, объективтілігі.
Құқық мемлекеттік қатынастарды реттеуде мынадай қызметтер атқарады:
1-ден, маңызды реттеушілік қызмет;
2-ден, қорғаушылық қызмет;
3-ден, гуманистік қызметті қорғайды;
4-ден, идеологиялық қызмет;
5-ден, тәрбиелік қызмет.
Бұл қызмет түрлері қоғамдық өмірде мемлекет пен жеке тұлғалар арасындағы негізгі фактор болып саналады.
Мемлекетке дейінгі өмір сүрген нормалардың өз ерекшілігі болған.
1) жоғарыда айтылып өтілгендей алғашқы қауымдық қоғам тарихи түрде қалыптасқан мінез-құлық ережелерімен,яғни салттарымен реттеледі.
2) бұл нормалар адамдардың мінез-құлық және санасында өмір сүреді.
3) құқық нормалары әдетке айналған түрде болды,сенім арқылы және мәжбүрлеу ( рудан қуу ) арқылы шаралар қолданылды.
4) табу жүйесі,қоғам тиым салу әдісімен реттеліп отырды. Бұл жүйе жеке құқықтар мен міндеттердің болмауымен сипатталады.
5) олар рудың және тайпаның барлық мүшелерінің мүддесін көрсетті. Құқық нормалары жазбаша түрде жалпыға мәлімет ретінде дайындалды.
Құқық нормалары үш негізгі жолмен қалыптасты:
1) кәдімгі құқық нормаларында мононормалардың ( алғашқы қауымдық салттар ) дамуы және мемлекеттің күшімен оларды санкцияландыру.
2) мемлекеттің құқық шығармашылық қызметі арқылы, құқық нормаларының арнаулы құжаттарда-нормативті актілерде көрінуі.
3) прецеденттік құқық арқылы, яғни сот және әкімшілік органдардың қабылданған шешімдерінен көрінуі және басқа істерде оларды үлгі етілуі.
Құқықтың пайда болуының негізгі теориялары мыналар:
1.Теологиялық теория - құқық жердегі тәртіпті реттеу үшін құдайдың қалауымен пайда болды.
2.Табиғи құқық теориясы. Адамның табиғаттан пайда болатын табиғи құқығы, туылу, қайтыс болу, үйлену т.б. құқықтары.
3.Құқықтың тарихи мектебі. Бұл теориялар бойынша құқықтың ұлттық ерекшілікке байланысты тарихи түрде пайда болып, дамуы.
4.Құқықтың нормативті мектебі. Құқық нормаларының жоғары тұрған құқық нормаларына бағынуы.
5.Құқықтың психологиялық теориясы. Құқықтың адамдардың психологиялық қажеттілігінен пайда болуы.
6.Құқықтың маркстік теориясы. Бұл теория негізіне құқықтың экономика мен эконимикалық базистің қажеттілігенен пайда болуы жатты. Құқықтың пайда болуына әртүрлі құбылыстар әсер етіп отырды.
Дүние жүзілік құқықтың дамуының екі негізгі жолы бар:
1) құқықтың пайда болуының шығыстық жолы. Ежелгі Шығыс елдерінде құқықтың пайда болып, дамып, қалыптасуына күшті әсерін тигізген салт-дәстүрлер болды. Қазіргі күнге дейін кейбір елдерде құқықтың қайнар көзі ретінде дін нормаларын пайдаланады.
2) құқықтың пайда болуының европалық жолы ( Англия ). Бұл елдерде құқық кәдімгі құқықтан бөлек заң шығару және прецеденттік құқық түрінде қалыптасты.
Жалпы алғанда әртүрлі қоғамдық қатынастарды реттеу қажеттілігіне байланысты құқық пайда болды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет