1. Мемлекет және құқық теориясының жалпы сипаттамасы. Мемлекет және құқық теориясы қоғамдық ғылым ретінде


Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері



бет5/15
Дата13.10.2022
өлшемі96,58 Kb.
#42727
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15
5. Мемлекет ұғымына түсінік және оның белгілері.
1.Мемлекет ұғымы.
2.Мемлекет белгілері.
3.Мемлекеттік билікті іске асыру тәсілдері.
4.Мемлекеттің мәні.
Мемлекет – ру-тайпалық құрылыс ыдырап, қоғам ішінен көсемдер мен оның айналасындағылар бөлініп шығып, қоғамның әлеуметтік жіктелісі тереңдеп, шаруашылық байланыстар кеңейген кезде қоғамдағы қатынастарды реттеу үшін пайда болған құбылыс. Қазіргі уақытта мемлекетті анықтауда плюрализмге жол берілген. «Мемлекет» ұғымы кең мағынада жоғарғы мемлекеттік билік және басқару органдары бар,белгілі бір аумақта орналасқан ел, қоғам, халық ретінде түсіндіріледі. Сөйтіп, мемлекет дегеніміз саяси аумақтық басқару және күштеу аппараты бар, көпшілік биліктің тәуелсіз саяси ұйымы. Мемлекет бүкіл қоғамды қамтый отарып қоғамның ішінде де, басқа сыртқы мемлекеттермен де қызмет атқарады. Мемлекет-ерекше қоғамдық құбылыс. Сондықтан, оны рулық құрылыстағы әлеуметтік биліктен мына белгілері бойынша ажыратамыз:
1.Көпшілік билік барлық мемлекет аумағындағы тұрғындарға мемлекет атынан жүргізіледі. Бұл көпшілік саяси билікке басқару және билік органдары жатады. Қоғамды басқарудың арнаулы аппараты болады. Бұл күштеу аппаратына-сот, прокуратура, ішкі істер органдары т.б. және жазалау шараларын іске асыратын органдардың (әскер,түрме) болуы. Мемлекеттегі басқару аппаратына байланысты ерекше адамдар тобы пайда болады.
Жоғарыдағы аппараттар жалпы қоғамның мүддесін емес, нақты бөлініп шыққын таптың, әлеуметтік топтың т.б. мүдделерін қорғайды.
2.Тұрғындардың аумаққа бөлінуі және сол аумақ ішінде көпшілік биліктің іске асырылуы. Кез-келген мемлекеттің өз аумағы болады. Соған байланысты сол аумақта тұрған тұрғындар сол мемлекетке қарайды. Мемлекет олармен қарым-қатынастарын реттеп отырады.
Бұл мемлекет аумағындағы басқаруды мемлекеттік билік іске асырады. Мемлекет өз аумағындағы тұрғындарды өз билігі арқылы қорғап,қолдап отырады.
3.Мемлекеттің егеменділігі. Мемлекеттің халықаралық қатынастарда басқа мемлекеттерге тәуелсіздігі. Мемлекеттегі жоғарғы билік сол аумақтағы тұрғындар үшін жалғыз билік көзі. Мемлекеттік билік заңнан тыс кез-келген билікті танып не өзгерте алады.Сол үшін оның күштеу құралдары мен әдістері болады.
Мемлекеттік биліктің біртұтастығын көрсететін біртұтас мемлекеттік органдар жүйесі болады. Мемлекеттік билікте өз істерін өз бетінше ешкімнің қол сұғуынсыз өзі шешеді.
4.Құқық және заңдардың болуы. Мемлекет құқықсыз өмір сүре алмайды. Мемлекет пен құқықты бір-бірінен ажырата алмаймыз. Кез келген мемлекет өзінің нормативті-құқықтық актісімен мемлекеттік билікті бекіте отырып, мемлекеттік саясатты іске асырады. Құқық саясатты заңдандара отырып, демократиялық құқықтық мемлекетті қалыптастырады.
Тек мемлекет қана жалпыға міндетті нормативті актілерді: заңдарды, бұйрықтарды, қаулыларды т.б. қабылдай алады.
5.Салық және салық жүйесінің болуы. Мемлекет тұрғындарының кірісінен қайтарымсыз алынатын салықтар мен әртүрлі алымдардың алынуы. Мемлекет салықтар мен алымдар арқылы мемлекеттік аппаратты ұстайды, көпшілік саяси билікті қамтамасыз етеді және қоғам үшін пайдалы еңбекке жұмсайды.
Осы белгілеріне қарап мемлекетті қоғамдық ұйымдардан ажыратамыз. Мемлектті тәуелсіз көпшілік билігі бар, белгілі бір аумақта қоғамды басқаратын, қоғамдық пайдалы қызметті атқарушы және мемлекеттік саясаттың орындалуын қамтамасыз ететін аппараты бар, жалпыға міндетті заңдар мен актілер шығарушы саяси ұйым ретінде танимыз.
Мемлекеттік билікті іске асырудың өзіне тән әдістері бар. Бұл әдіс-тәсілдердің әртүрлілігіне қарамастан, мемлекеттік билікті іске асырудың дәстүрлі әдістеріне мыналар жатады:
1.Сенім әдісі. Бұл әдісті пайдалана отырып, жеке адамның сана-сезіміне идеялық-адамгаршілік құралдармен әсер етіп, қажет түсінікті қалыптастырады. Бұл жерде идеологияның маңызы зор.
2.Мәжбүрлеу әдісі. Мемлекеттік мәжбүрлеу дегеніміз мемлекеттік жүйенің жеке адамға психологиялық, материалдық немесе физикалық күш көрсету арқылы мәжбүрлеуі. Оны екіге бөлеміз: 1-сі, құқықтық мәжбүрлеу; 2-сі, құқықтық емес мәжбүрлеу. Біріншісі, құқықтық нормаларда анықталған және арнаулы іс жүргізу шеңберіндегі мемлекеттік мәжбүрлеудің түрлері мен шаралары. Екіншісі, мемлекеттік органдардың зорлық-зомбылығы.
Мемлекеттік билікті іске асырудың әдістерінің түрлері өте көп. Бірақ, олардың барлығы тек құқықтық және қоғамдық – пайдалы мақсатқа негізделуі тиіс. Мемлекет және құқық теориясының негізгі міндеттерінің бірі мемлекеттің мәнін түсіндіру. Мемлекеттің мәні мемлекттің мазмұнын, мақсатын, қызмет істеу бағыттарын анықтайтын құбылыс. Мемлекеттің әлеуметтік мәні кең мағынада қоғамдағы саяси-билікті ұйымдастыру, заңға сүйенген адамдардың бірлестігі ретінде анықталыды. Осының нәтижесінде жария-билік құрылымы құрылады, мемлекеттік-құқықтық институттар мен құқықтық қатынастар қалыптасады. Тар мағынада мемлекеттің басқару аппараты, жария биліктің әртүрлі мекемелерінің жүйесі ретінде анықталуы. Бұл қоғамдағы таптар мен әлеуметтік топтардың, жалпы қоғамның мүддесін қорғайды. Осыған байланысты мемлекеттің мәнінің екі жағын көрсетеміз.
1) оның формалдылығы, кез-келген мемлекетте саяси билікті ұйымдастырудың жолдарының бар екендігі;
2) оның маңыздылығы, осы ұйымдардың кімнің мүддесіне қызмет ететіндігінде;
Мемлекет мәнінің мынадай тәсілдерін анықтауға болады:
1) таптық тәсіл, мұнда мемлекет билік етуші таптың саяси билігін ұйымдастырушы ретінде көрінеді;
2) жалпы әлеуметтік тәсілде, мемлекет әртүрлі таптардың және әлеуметтік топтардың мүддесін қорғауға жағдай жасайтын саяси билікті ұйымдастырушы ретінде анықталды.
Сөйтіп, мемлекеттің мәні дегеніміз таптық қоғамда қалыптасқан, мемлекеттік саяси билік аппаратының көмегімен қоғамның біртұтастығын қамтамасыз ететін, дамыған саяси ұйым ретінде мемлекеттің тиісті жұмыстарының атқарылуы.
Жеке адам мен билік арасындағы қарым – қатынастарды «қоғамдық келісім» түріндегі конституциямен реттейтін және жеке адам мен қоғам мүддесін қорғайтын, құқық принциптеріне негізделіп құрылған мемлекеттің түрі. Мемлекетте заңның шын мәнінде бәрінен жоғары тұруы, оны орындау барлық адамдар мен мемлекеттік органдар, мекемелер үшін міндетті шарт екендігінде.
Заң алдында барлық азаматтар тең және олар бірдей жауап беруі керек. Құқықтық мемлекет адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын толық қамтамасыз ету үшін жағдай жасаушы саяси билік ұйымы. Мемлекеттік билік құқықты пайдалана отырып, құқық бұзушылыққа жол бермейді. Жеке адамдар арасында құқықтық ынталандыру тәртібін құрайды. Заңмен тыйым салынғаннан басқаның барлығына рұқсат етіледі. Бұл принцип құқық субъектілерінің бәріне тән. Әсіресе, адамдарға, заңды тұлғаларға, шаруашылық субъектілеріне т.б.
Құқықтық мемлекеттің мынадай жалпы белгілерін бөліп көрсетеміз:
1) конституциялық тәртіпке сай биліктің жоғарғы органы қабылдаған заңның жоғары тұруы;
2) биліктің заң шығарушы, атқарушы және сот буындарына бөлінуі;
3) адам және азаматтың құқықтық қорғалуы;
4) заң және құқықтық бірлігі;
5) мемлекет пен жеке адамның теңдей жауапкершілігі;
6) азаматтық қоғамның орнауы;
7) қоғамда құқықытық сана және құқықтық мәдениеттің жоғары болуы;
8) құқықтық мемлекетті қамтамасыз етудің құралы мен моделі ретінде соттардың тәуелсіздігі;
9) антимонополиялық құрылымдардың күшеюі;
10) мемлекеттің ішкі заңдарының халықаралық құқық прициптері мен нормаларына дәл келуі;
11) мемлекеттік билік жүйесінің құқығына және құқықтық ұйымдастырылуына заңдардың сай келуі.
Құқықтық мемлекет туралы идея ежелгі дәуірде-ақ пайда болған.
Құқықтық мемлекеттің элементтері мен соған сәйкес идеялар бірте – бірте қоғам дамуына сай қалыптасты.
Ежелгі грек архонты Солон барлық азаматтар үшін заңның билігі туралы, адамның табиғи құқықтары мен мемлекет заңдарының арақатынасы жөнінде Аристотель мен Цицерон да жазып қалдырған. Цицерон «Сот – сөйлейтін заң, ал заң тілсіз сот», «Заңдар – билік басындағылардың бұйрықшысы, билік басындағылар – халықтың әміршісі» деген ойларын «Мемлекет туралы», «Заңдар туралы» ғылыми трактаттарында баяндады. Ежелгі Римде құқықтық мемлекеттің маңызды белгілерінің бірі – билікті бөлу туралы бастамалар жасалды. Құқықтық мемлекет туралы ойлар Платонның «Атлантида туралы» әңгімесінде, орта ғасырда Т.Мордың утопиясында, Низамидің «Ескендір – нәме» поэмасында, қазіргі кезде Н.Рерихтың «Шамбале туралы» армандарында сипатталады.
Құқықтық мемлекеттің басты принципі – билікті бөлу туралы теорияны француз ойшылы Ш.Л.Монтескье өзінің «Заңдар рухы туралы», «Заңдар рухын қорғау туралы» еңбектерінде және ағылшын философы Д.Локк «Мемлекеттік басқарудың екі трактатында» көрсетеді. И.Кант құқық туралы метафизикалық бастама ілімдерінде құқықтық мемлекет теориясын қалыптастырды. Гегель өзінің «Құқық философиясы» еңбегінде саяси мемлекеттегі билікті бөлу туралы талдау жасады.
Кейін «Құқықтық мемлекет» ұғымы XIX ғасырда неміс заңгерлері К.Т.Велькердің, фон Молдің т.б. еңбектерінде ғылыми негізделді. Құқықтық мемлекет туралы әртүрлі теориялар азаматтық қоғам тұжырымына негізделеді. Азаматтық қоғамның орнауы құқықтық мемлекеттің орнауымен тығыз байланысты. «Азаматтық қоғам» ұғымын Әл-Фараби, Аристотель, Цицерон, Горций, Т.Гоббс, ДЖ.Локк, Гегель, Маркс т.б. қалыптастырды.
Азаматтық қоғам – қоғамдағы экономикалық, рухани – адамгершілк, діни, ұлттық қатынастардың жиынтығы. Азаматтық қоғамның басты идеясы - адам идеясы болып саналады. Азаматтық қоғам құрылысы өте күрделі. Бұл қоғам барлық азаматтарға қоғамдық және мемлекеттік істерге қатысу мүмкіндігін қамтамасыз етеді. Мемлекет өз тарапынан адам құқығы жөніндегі халықаралық танылған ережелердің орындалуын бақылайды.
Азаматтық қоғам дегеніміз - адамгершілік, діни, ұлттық, әлеуметтік – экономикалық, отбасылық қатынастардың жиынтығы, осы институттар арқылы жеке адамдар және олардың топтарының мүдделері қорғалады. Сонымен, азаматтық қоғам экономикалық, саяси, рухани қатынастардың жиынтығы.
Азаматтық қоғамға тән белгілер мыналар:
1) адам және азаматтардың құқықтары мен бостандықтарының кең түрде қамтамасыз етілуі;
2) қоғамның өзін – өзі басқаруы;
3) адамдардың әртүрлі топтары мен оның құрылымының арасында бәсекенің болуы;
4) экономиканың көп укладтылығы;
5) ерікті түрде қоғамдық пікір мен саяси плюрализмнің еркін түрде қалыптасуы;
6) адам құқығының жариялылығы;
7) мемлекет пен қоғамдағы істер жөнінде азаматтардың хабардар болуы;
8) биліктің заңды және демократиялық мәнде болуы;
9) құқықтық мемлекеттің орнауы;
10) адамдардың лайықты өмірін қамтамасыз ететін мемлекеттің күшті әлеуметтік саясатының болуы;
11) заңдардың әділеттілігі және олардың мүлтіксіз орындалуы.
Азаматтық қоғамның тіршілік ету салалары:
а) әлеуметтік;
ә) экономикалық;
б) саяси;
в) рухани – мәдени;
г) хабар саласы.
Азаматтық қоғам құрылымы түрлері:
1) мемлекеттік емес, әлеуметтік – экономикалық қатынастар мен институттар (меншік, еңбек, кәсіпкерлік);
2) мемлекетке тәуелсіз өндіріс иелерінің жиынтығы (жеке фирмалар т.б.);
3) қоғамдық ұйымдар мен бірлестіктер;
4) саяси партиялар мен қозғалыстар;
5) тәрбие және мемлекеттік емес білім саласы;
6) мемлекеттік емес бұқаралық хабар құралдарының жиынтығы;
7) отбасы;
8) шіркеу, мешіт, синогога және т.б.
Сөйтіп, азаматтық қоғам дегеніміз ерікті демократиялық құқықтық қоғам. Қабылданған демократиялық заңдар барлық азаматтардың теңдігі мен ол заңдарды орындау міндеттілігін қадағалайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет