1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының сот жүйесі



бет16/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

5. Қазақстан Республикасының сот жүйесі
Сот төрелігі - соттың сот шешімдерінің заңдылығын, негізділігін, әділдігін және жалпыға міндеттілігін қамтамасыз ететін заң талаптары мен онда белгіленген тәртібін бұлжытпай сақтау кезінде азаматтық, қылмыстық және өзге де заңмен белгіленген сот ісін жүргізу нысандарын қарау бойынша құқық қорғау қызметін жүзеге асыру.
Қазақстан Республикасында сот билiгiн тұрақты судьялар, сондай-ақ заңда көзделген жағдайларда және арнайы тәртiппен 2006 жылғы 16 қаңтарда қабылданған «Қазақстан Республикасының Алқабилер туралы» Заңына сәйкес, қылмыстық сот iсiн жүргiзуге тартылған алқабилер арқылы соттар ғана жүзеге асырады. Алқабиге Қазақстан Республикасының Қылмыстық іс жүргізу кодексінде белгіленген тәртіппен қылмыстық іс бойынша сот төрелігін жүзеге асыруға қатысу жөнінде өкілеттіктер берілген.
Қазақстан Республикасында сот төрелiгiн тек сот қана жүзеге асырады. Соттың ерекше өкiлеттiгiн басқа органдарға берудi көздейтiн заң актiлерiн шығаруға тыйым салады.
Ешқандай өзге органдар мен тұлғалардың судья өкiлеттiгiн немесе сот билiгi функцияларын иеленуге құқығы жоқ.
Сот iсiн қарау тәртiбi негізінде қаралуға тиiс өтiнiштердi, арыздар мен шағымдарды басқа ешқандай органның, лауазымды немесе өзге де адамдардың қарауына немесе бақылауға алуына болмайды.
Судьялар сот төрелiгiн iске асыру кезiнде тәуелсiз және тек Конституция мен заңға ғана бағынады. Судьялардың мәртебесi мен тәуелсiздiгiне нұқсан келтiретiн заңдарды немесе өзге де нормативтiк құқықтық актiлердi қабылдауға жол берiлмейдi.
Соттың сот төрелігін іске асыру жөніндегі қызметіне қандай да бір араласуға жол берілмейді және заң бойынша жауаптылыққа әкеп соғады. Судьялар нақты істер бойынша есеп бермейді. Сот ісін жүргізудің белгіленген тәртібіне қарамастан, берілген сот істері бойынша, сондай-ақ соттың құзыретіне кірмейтін мәселелер бойынша өтініштерді сот қараусыз қалдырады немесе тиісті органдарға жібереді.
Сотқа немесе судьяға құрметтемеушілік білдіру заңда белгіленген жауаптылыққа әкеп соғады.
Сот актілері мен судьялардың өз өкiлеттiктерiн жүзеге асыру кезiндегi талаптарын барлық мемлекеттiк органдар мен олардың лауазымды адамдары, жеке және заңды тұлғалар орындауға мiндеттi. Сот актілері мен судьяның талаптарын орындамау заңмен белгiленген жауапкершiлiкке әкеп соғады.
Қазақстан Республикасының сот жүйесін сот билігін жүзеге асыру бойынша арнайы белгіленген заңдармен өзара қарым-қатынастағы және бір-бірімен тығыз байланысты республиканың Жоғарғы соты мен жергілікті соттары құрайды. Қандай да бір атаумен арнаулы және төтенше соттар құруға жол берілмейді. Республиканың сот жүйесі үш буыннан тұрады:
- жоғарғы буын - Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты;
- орта буын - облыстық және оларғы теңестірілген соттар (республика астанасының қалалық соты, республикалық маңызы бар қалалардың қалалық соттары, мамандандырылған соттар - Қазақстан Республикасының Әскери соты және басқалары);
- негізгі буын - аудандық және оларға теңестірілген соттар (қалалық, ауданаралық, аудандық мамандандырылған сот - гарнизонның әскери соты және басқалары). Негізгі және орта буындағы соттар жергілікті соттар немесе жалпы заң құзырындағы соттар деп аталады. Әрбір буын құзыретінің көлемі мен мазмұны әртүрлі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет