2. Мемлекеттік басқарудың қағидалары. Мемлекеттік басқару ережелер мен қағидаларға негізделген. Мемлекеттік басқару қағидалары дегеніміз - ол негізгі басшылық бастамасы, ал басқару қызметі соның негізінде құрылады және қызмет етеді сонымен қатар, қағидалар құқықта бекітілген белгілі бір ереже, тәртіп ретінде қалыптастырылады.
Мемлекеттік басқарудың қағидалары екі топқа бөлінеді:
1) әлеуметтік-саяси;
2) ұйымдастырушылық.
Жалпы қағидалары:
1) заңдылық;
2) жариялылық;
3) халық билігі және ұлттардың теңдігі;
4) биліктің тармақтарға бөлінуі мен өзара тежеу қағидасы;
5) тұлғаның құқықтарының кепілдігі және үстемділігі қағидасы;
6) тиімділік.
Ұйымдастырушылық қағидалары:
1) салалық;
2) жергіліктілік;
3) функционалдық;
4) өкілеттіктерді тиімді бөлу.
3. Мемлекеттік басқарудың субъектілері және объектілері. Мемлекеттік басқарудың объектісі мен субъектісі жөніндегі мәселе мемлекеттік басқару теориясының негізгі әдістемелік мәселелерінің бірі болып табылады. Оны шешу - мемлекеттік басқарудағы субъект пен объект қатынастарын түсінуге және объектінің демократиялық сипатын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұл мәселеде ешқандай проблема жоқ тәрізді: басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам.
Басқаруда басқару субъектісі мен басқару объектісі бар және олардың арасында тура және кері байланыс болады.
Басқару субъектісінің басқаруды жүзеге асыру үшін тиісті өкілеттілігі болады, яғни бағынушының жүріс-тұрысын өз еркіне бағындыра алатын қабілеті болады. Барлық субъектілерді екі топқа бөлеміз:
1) жеке (Қазақстан Республикасының азаматтары, шетел азаматтары, азаматтығы жоқ тұлғалар, лауазымды тұлғалар),
2) ұжымдық (мемлекеттік ұйымдар, мемлекеттік емес ұйымдар).
Мемлекеттік басқару субъектісі үшін басқару процесінің бағыты мен мазмұнын, сондай-ақ оның қоғам үшін саяси және баска салдарларын анықтайтын ұлттық-мемлекеттік мүдделер мен мақсаттарды тусіне білуі керек.
Мемлекеттік басқару субъектілерінің қызметі бірнеше белгілерімен сипатталады:
1) мемлекеттік билік түрі бойынша
2) билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай
3) қызмет саласына қарай
4) басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты
5) құрамына қарай бөлінеді.
Мемлекетгік билік түрі бойынша - бұл заң шығарушы, атқарушы және сот билігі субъектілері.
Билік пен басқаруды ұйымдастыру деңгейіне қарай: орталық, аймақтық және жергілікті басқару органдары болып бөлінеді.
Қызмет саласына қарай - экономиканы, әлеуметтік саланы, мәдени өмірді, әскери қызметті, халықаралық істерді басқаруды жүзеге асыратын аталған үш деңгей субъектілері.
Басқару объектісіне әсер ету сипаты мен мақсаты, құралына қарай: саяси басшылық, әкімшілік-мемлекеттік, экономикалық және тағы басқа болып бөлінеді.
Құрамына қарай: ұжымдық (мысалы, заң шығарушы билік органы) және жеке (басқарушы тұлғалар) субъектілер болып бөлінеді.
Қорыта келгенде мемлекетті басқару субъектісі - мемлекет, ал объектісі - қоғам. Саяси-құқықтық институт ретіндегі мемлекетті біз басқару субъектісі ретінде қарастырамыз. Мемлекеттік басқару объектісі қоғамдық өмірдің саяси-құқықтық сферасымен шектеледі. Ал мемлекеттік басқару субъектісі билікті жүзеге асыруға және қоғамдық процестер мен мемлекеттің жеке қызметін тікелей басқаруға конституциялық өкілеттігі бар мемлекеттік билік органдары болып табылады екен.