1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Қазақстан Республикасының прокуратура органдары



бет14/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63
3. Қазақстан Республикасының прокуратура органдары
Прокурорлық қадағалау дегеніміз - мемлекет атынан жүзеге асырылатын арнайы уәкілеттік берілген адамдардың - прокурорлардың - заң бұзушылықтарды дер кезінде анықтау және оларды жоюға шаралар қабылдау, кінәлілерді жауапкершілікке тарту, қылмыстық қудалауды жүзеге асыру арқылы заңдардың дәл орындалуы мен бірыңғай қолданылуын қадағалауды жүзеге асырумен байланысты мемлекеттік қызметтің ерекше түрі. Прокуратура мемлекет атынан:
- Конституцияның, заң актілерінің және Президент актілерінің бұзылуын анықтап, оларды жою шараларын жүзеге асырады;
- жедел іздестіру қызметінің, анықтама мен тергеудің, әкімшілік және атқарушылық істер жүргізудің заңдылығына қадағалауды жүзеге асырады;
- сотта мемлекет мүддесін білдіреді;
- Республиканың Конституциясы мен заңдарына қайшы келетін заңдарға және басқа да құқықтық актілерге наразылық жасайды;
- заңда белгіленген тәртіп пен шекте қылмыстық қудалауды жүзеге асырады;
- статистикалық көрсеткіштердің тұтастығын, объективтілігін және жеткіліктілігін қамтамасыз ету мақсатында мемлекеттік - құқықтық статистиканы қалыптастырады, арнайы есепке алуды жүргізеді, құқықтық статистика және арнайы есепке алу саласындағы заңдардың қолданылуын қадағалауды жүзеге асырады.
Қазақстан Республикасының прокуратурасы органдарының біртұтас жүйесін Бас прокуратура, облыстардың прокуратуралары, республикалық маңызы бар қалалар мен Республика астанасының прокуратуралары, ауданаралық, аудандық, қалалық және соған теңестірілген әскери және мамандандырылған прокуратуралар құрайды. Мамандандырылған прокуратураларға әскери, әскери бөлімдердегі, көлік (темір жол, су, әуе), табиғат қорғау және Ішкі істер министрлігінің қылмыстық атқару жүйесінің түзеу мекемелерінде (колонияларда және түрмелерде) заңдардың орындалуын қадағалау жөніндегі прокуратуралар жатады.
Құқық қорғау органдары - прокуратура, ішкі істер органдары, ҰҚК, кеден органдары, салық полициясы органдары және басқалары қылмысқа қарсы күрес саласындағы ортақ мақсаттары мен міндеттері бола тұрып, өз қызметін бір-біріне қарамастан, өз құзыретінде белгіленген шектерде өздерінің өзгешелік нысандары мен әдістері бойынша жүзеге асырады. Бас прокурор мен оған бағынышты прокурорларға қылмысқа қарсы күрес бойынша құқық қорғау органдарының іс-әрекетін үйлестіру, яғни басқа да құқық қорғау органдарымен қылмыстарды анықтау, ашу, тергеу, еңсеру және алдын алу бойынша, оларды шешуге ықпал ететін себептер мен жағдайларды жоюға шаралар қабылдау бойынша бірлескен келісілген шараларды әзірлеу және оны іске асыруды ұйымдастырушы рөлі берілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет