құқық отбасықатынастарына өте аз араласады, заң шығарушы отбасылық қатынастарға араласпауды қолдайды, отбасы мүшелерінің мүдделері талап етсе ғана.
Отбасы құқығының кез-келген субъектісі бір мезгілде бірнеше отбасылық қатынасқа түсулері мүмкін және олардың әрқайсысында белгілі бір орын алады. Мысалы, ер адам:
әйеліне қатысты, онымен некелік қатынасқа түсе отырып, ері деп аталады,
Отбасылық құқықтық әрекет қабілеттілігі дегеніміз мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді иелену тәсілі. Отбасы құқықтық қатынасына қатысты құқықтық қабілеттілік туғанынан басталып, белгілі бір жасқа жеткенде кеңейе түседі. Мысалы некеге отыру, бала асырап алу, қамқоршы немесе қорғаншы болып тағайындалу қабілеттіліктері.
Отбасы құқықтарын қорғау соттық және әкімшілік тәртіпте жүзеге асырылады. Сот қарастырады:
сот бұйрығын беру туралы істер;
егер ерлі-зайптылардың арасында балалар туралы дау болмаса некені бұзу туралы істер;
отбасы құқықтық қатынастарынан туындайтын басқа істерді.
Неке – ерлі-зайптылар арасындағы мүліктік және мүліктік емес жеке қатынастарды туғызатын, отбасын құру мақсатымен заңдарда белгіленген тәртіппен тараптардың ерікті және толық келісімі жағдайында жасалған еркек пен әйелдің арасындағы тең құқықты одақ. Ол біздің қоғамымызда отбасын құрудың адамгершілік қағидасы – махаббат сезімі мен шынайы достық және құрметке негізделеді.
Заңға сәйкес белгіленген тәртіппен тіркелген некеден ғана ерлі-зпйыптылардың құқықтары мен міндеттері туындайды. Некені тіркеу аудандық, қалалық азаматтық хал актілерін тіркеу бөлімдерінде жүзеге асырылады.
Некені тіркеу ерлі-зайптылар мен некеден туған балалардың жеке және мүліктік құққытары мен мүдделерін қорғау мақсатында да жүргізіледі. Аталған құқықтарды жүзеге асыру үшін кейбір жағдайларда некенің тіркелгенін куәландыратын неке куәлігін көрсету қажет.