1. Мемлекеттік құқықтық құбылыстар туралы негізі ұғымдар Мемлекеттің түсінігі және оның ерекшеліктері


Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес турасындағы Қазақстан Республикасының Заңдары



бет56/63
Дата07.05.2023
өлшемі114,9 Kb.
#90801
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63
Байланысты:
Лекциялар, ҚжЖҚМН-22

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес турасындағы Қазақстан Республикасының Заңдары – бұл сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылықтар үшін құқықтық жауапкершілік жөніндегі ұйғарымдарды қамтитын дербес синтетикалық заңдар.
Салалық заңнамадағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы нормалар – бұл түрлі кодификацияланған нормативтік құқықтық актілерде сыбайлас жемқорлыққа қарсы бағыттылыққа ие құықтық ұйғарымдардың орналастырылуы. Кодификацияланған заң немесе кодификацияланған нормативтік құықықтық акт салалық заңнамаға жатады. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы салалық заңнамаға кодекстердің тікелей қатысы бар, бұл кодекстердің нормаларында сыбайлас жемқорлыққа қатысты құқық бұзушылық үшін құқықтық жауапкершілік қарастырылған.
Жоғарғы соттың нормативтік қаулылары – бұл Қазақстан Республикасының қолданыстағы құқығының құрамдас бөлігі. ҚР Жоғарғы сотының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес мәселелері жөніндегі нормативтік қаулылары бар.
Т-14. Сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылығы үшін құқықтық жауапкершіліктің конституциялық-құқықтық негіздері

  1. Қазақстан Республикасында адамның және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтан қорғау

  2. Әлеуметтік, экономикалық және мәдени құқықтар мен бостандықтар және оларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтан қорғау

  3. Саяси құқықтар мен бостандықтар және және оларды сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтан қорғау.



1. Қазақстан Республикасында адамның және азаматтардың конституциялық құқықтары мен бостандықтарын сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтан қорғау. Адамның жеке құқықтары мен еркіндіктері – бұл адам туылғанынан оған тиесілі болатын және оның нақты мемлекетпен байланысынан тәуелді болмайтын табиғи әрі ажыратылмайтын негіз қалаушы құқықтар мен еркіндіктердің жиынтығы. Олар – тұлғаның құқықтық мәртебесінің іргесі.
Қазақстан Республикасының Конституциясында бекітілген адамның жеке құқықтары мен еркіндіктеріне мыналар жатады:
1) өз құқықтары мен бостандықтарын сот арқылы қорғау құқығы (13 бап);
2) өмір сүру құқығы (15 бап);
3) әркімнің жеке еркіндік құқығы (16 бап);
4) дербес құқықтылық және физикалық тұтастық құқығы, адам мәртебесінің құқықтылығы
(17 бап);
5) жеке өмірге тиіспеушілік, жеке және отбасылық құпия, өз ар мен абыройын қорғау құқығы (18 бап);
6) жеке ұлттық, партиялық және діни наным бостандығын анықтау құқығы (19 бап);
7) туған тілді және мәдениетті пайдалану, араласу, тәрбиелеу, оқу және өнер тілін еркін таңдау құқығы (19 бап);
8) Қазақстан Республикасының аумағы бойынша еркін орын ауыстыру құқығы (21 бап).
Мысалы, өмір сүру құқығы түрлі құқық салаларының нормалар жүйесімен қамтамасыз етіледі. Соның ішінде еңбек туралы заң нормалары бар, мұнда адамның зейнетақы немесе мүгедектікке қатысты ай сайынғы жәрдемақылар-ды алу құқығына регламент белгіленеді. Бұл өмір сүруге қатысты конституциялық құқықпен шарттасқан кепілдендірілген әлеуметтік төлемдер, олар заңсыз қол сұғушылық нысанына айналуы мүмкін.
Осылайша, сот тәжірибесі мүгедектік тобын анықтау үшін (бұдан төлем көлемі тәуелді болады) ДЕСК (дәрігерлік-еңбек сараптама комиссиясы) мүшелері мүгедектерден пара алуға жол берген деректерге ие болады. ДЕСК қорытындысын өткізу және беру ережелерінің сақталу кепілі – пара алу үшін тағайындалатын қылмыстық жауапкершілік. Бұл жауапкершілік сонымен қатар адамның өмір сүруге деген жеке құқығының сақталуына кепіл болады.
Әркімнің жеке еркіндігіне деген құқығы да адамды тұтқын ретінде ұстау және одан әрі лауазымды тұлғаға пара беру шарты орындалған кезде тұтқыннан босату арқылы бұзушылықтарға ұшырауы мүмкін.
Адамның жеке құқықтары мен еркіндіктерін сот арқылы қорғау құқығының бұзылуы Қазақстанның құқық қолдану тәжірибесінде азаматтық дауды, әкімшілік немесе қылмыстық құқық бұзушылықты қарастыру кезінде анық әділетсіз, заңсыз шешім-дер қабылданған жағдайларда қарастырылады. Себептердің бірі ретінде судьялар жол беретін жемқорлық құқық бұзушылықтары аталады. Заңды шешімнің шығарылуына адамның төменгі соттың шағымға берілген шешімін қайта қарастыру үшін жоғарғы сотқа жүгіну құқығы кепіл болады.
Осы құқықтың мазмұнына әркімнің мамандандырылған заңды түрдегі көмекті алу құқығы да кіреді. Қазақстан Республикасы Конституциясының 13 бабының 3 тармағына сәйкес заңмен қарастырылған жағдайларда заңды көмек тегін көрсетіледі. Осындай заңды көмектің тегін көрсетілу жағдайларына нұсқау – қарым-қатынастардың осы саласында сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарына жол бермеудің елеулі кепілі.
Осылайша, адам мен азаматтың жеке құқықтары мен еркіндіктерінің кез келгенінің заңсыз бұзылуының орны салалық құқық нормаларын, сонымен қатар жемқорлыққа қарсы заңнамалар аясындағы нормаларды қолдану негізінде адамның сәйкес құқықтары мен еркіндіктерін қалпына келтіру арқылы толады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет