1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Педагогикалық ұжым басқарудың обьектісі мен субьектісі ретінде баяндаңыз



бет15/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54
26. Педагогикалық ұжым басқарудың обьектісі мен субьектісі ретінде баяндаңыз
Жалпы білім беретін мектептер күрделі динамикалық жүйе ретінде мектепішілік басқару объектісі болып табылады.
Мектепішілік басқару – тиімді нәтижелерге қол жеткізу мақсатында тұтас педагогикалық үдерістің объективтік заңдылықтарын тануға негізделген оған қатысушылардың мақсатты, саналы өзара әсерлесуі.

Тұтас педагогикалық үдеріс қатысушыларының оны басқарудағы өзара әсерлесуі өзара байланысты: педагогикалық талдау, мақсат қою және жоспарлау, ұйымдастыру, бақылау, реттеу мен түзету тәрізді әрекеттер мен функциялардан тұрады.


Басқару объектісі ретінде келесілер алынуы мүмкін: биологиялық жүйе, табиғи орта, адамдық өркениет, әлемдік экономика, мемлекет, оның экономикасы, аймақ, сала, кәсіпорын адамдардың ұжымы, жанұя, жеке адам, техникалық жүйе немесе техникалық кұрал, көлік, әртүрлі құбылыстар, үрдістер, ресурстар және т.с.с. Осындай объекттердің барлығы өздеріне ғана тән ерекшеліктерге ие болғанына қарамастан, оларды басқару жалпыға бірдей заңдарға, принциптерге, ережелерге және әдістерге бағынады.
Басқару обьектісі. Бұл басқарылатындардың барлығы, яғни сала, кәсіпорын, бөлімшелер және т.б. Әр уақытта белгілі бір мақсатқа жету үшін өздерінің
іс- қызметтерін үйлестіретін адамдар тобы. Жұмыс істеуі басқару жүйесінің әрекеттері арқылы жүзеге асатын техника, процесс немесе адамдар ұжымы.
Басқарудың объектісі мен субъектісінің арасында тура және кері байланыс болады. Тура байланыс - бұл басқару объектісіне субъектіден түсетін әмір (команда).
Кері байланыс - бұл басқару субъектісіне объектіден әмірдің орындалғаны және оның жағдайы туралы түсетін ақпарат.
Басқару объектісі мен субъектісінің жиынтығы тура және кері байланыстармен бірге басқару жүйесін құрайды. Басқару жүйесінде басқару объектісін басқарылылатын жүйелілік, ал субъектісін - басқаратын жүйелілік деп жиі айтылады. Басқару жүйесін бірқатар жалпы шарттары сипаттайды.
Басқару субъектісі объектіге берілген мақсатқа сәйкес ықпалын жүргізеді. Бұл үшін басқарылатын жүйе бөлігі басқару объектісіне көрсетілген ықпалынан кейін оның жағдайы қандай екенін анық білуі керек.
Мақсатқа анық бет бұру үшін басқару субъектісіне объектіге ықпал көрсетілгенше және көрсетілгеннен кейінгі жағдайлары бойынша ақпарат түсіп отыруы қажет, басқаша айтқанда басқару жүйесінде тура және кері байланыс айқын түрде ұйымдастырылуы керек.
Жүйелі тәсіл - бұл басқару объектісін жүйе реітнде зерттеуге негізделген ғылыми танып білу және әлеуметтік тәжірибе әдістемелінің бағыты. Бұл тәсіл басқару объектісінің жағдлайына және серпіндігіне ықпалын тигізетін барлық негізгі факторларды ескере отырып жүргізетін кешенді зерттеуге негізделген.
Сонымен, педагогикалық үрдістің тиімділігін көрсететін маңызды көрсеткіштер - педагогикалық және оқушылар ұжымдарындағы моральдық-психологиялық климат, ата-аналар мен оқушылардың педагогикалық деңгейлері болып есептеледі.
Педагогикалық ұжым біртұтас білім және білім сапасын басқару объектісі ретінде.
"Ұжым" сөзі латынның colligo деген сөзінен шыққан, қазақ тіліне аударғанда "біріктіремін", ал латынша collectivus, қазақша мағынасы - жинақталынған. Осылайша ұжым дегеніміз - бір мақсатқа, біртұтас іс-әрекетке, іскерлік қатынастарға және белгілі бір нәтижелерге қол жеткізуге байланысты адамдардың бірлестігі. Әрбір адамдар бірлестіктерінде іскерлік қатынастармен қатар жеке даралық қатынастар тұралы айтуға болады.
Іскерлік қатынастар әлеуметтік маңызды міндеттерді шешу жөніндегі бірлескен қызметке, белгілі бір бірлестікте белгіленген ұйымдастырушылық тәуелділіктерді, ережелер мен тәртіптерді сақтауға негізделеді. Жеке қарым-қатынастар жеке бауырмалдыққа, симпатияға және антипатияға негізделген және негізінен тар мағыналы өзіндік қызмет саласын қамтиды.
Білім беру метептерінде шешуші рөлді осы оқу орнының табысты жұмыс істеуін қамтамасыз етуге, оқушыларды білім алуға, тәрбиелеуге, дамытуға бағытталған тұтас бірлестік ретінде қызмет ететін мұғалімдер құрамы атқарады. Ол жақсы нәтижелерге қол жеткізе алады, егер тұтастықты сақтай алса.
Педагогикаық ұжымның тұтастығын сипаттайтын негізгі компоненттерге мұғалімдердің кәсібилігі мен құзіреттілігі, ұжымда ортақ көзқарастар, мағыналар, идеялар, іскерлік, психологиялық микроклиматтың болуы жатады. Қызметтің кез-келген бағыттылығында педагогикалық ұжымның өмірі жағымды психологиялық климатпен қамтамасыз етілуі маңызды. Бұл жағдайда адамгершілік ішкі ұжымдық қатынастардың жалпы адамгершілік нормалары мен құндылықтарына негізделгенін көздейді. Педагогикалық ұжымдағы ынтымақтастық, кәсібилік деңгейі, жалпы көзқарастардың, тұжырымдамалық тәсілдемелердің болуы мектепте білім берудің тиімділігі мен сапасын анықтайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет