1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлін айтып беріңіз



бет14/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

24. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарының рөлін айтып беріңіз
Мектепте жоспардан басқа құжаттар да жүргізіледі, оларды үш топқа бөлуге болады: оқу-педагогикалық құжаттар, мектепішілік ақпараттар және қаржы-шаруашылық құжаттар.
Оқу-педагогикалық құжаттарға жатады:
- журналдар: сынып журналы, факультативтік сабақтар журналы, ұзақ күн топтары журналы, өткізілмеген және өткізілген сабақтар журналы;
- кітаптар: оқушылардың алфавитті жазылу кітабы; берілетін бланктерді тіркеу кітабы (орта білім туралы аттестаттар үшін жеке, негізгі басқышты аятағаны туралы куәліктер үшін жеке), «Алтын белгі»-ні тіркеу кітабы, мақтау грамоталары мен мақтау қағаздарын тіркеу кітабы, мектептің педагогикалық қызметкерлерінің жеке құрамын тіркеу кітабы, кіріс және шығыс қатынас қағаздарын тіркеу кітабы және адамдардың ескерту және ұсыныстар кітабы;
- оқушылардың жеке іс-қағазы;
- оқушыларға белгілі бір мандықты меңгеруі туралы куәліктер беру ведомосі (бастауыш кәсіптік білім беруді оқыту ұйымдастырылған мектептерде);
- жоғары тұрған органдардан келген бұйрықтар, жарлықтар мен бақа да бақаратын-ақпараттық құжаттар;
- мектептің аттестация бойынша материалдары, мектептің білім беру іс-әрекетіне лицензия;
- мектепті тексеру нәтижелері туралы актілер, анықтамалар көшірмесі, мектептің статистикалық есептерінің көшірмесі;
- білім беруді және басқа да ұйымдарды басқарудың жоғары тұрған органдарымен хат алысу.
Мектеп құжаттарын дәл ұйымдастыру және дұрыс жүргізу тиімді мектепішілік басқарудың маңызды шарттарының бірі болып табылады. Көрсетілген құжаттар өз уақытында және оны жүргізу бойынша әрекет ететін нұсқауға сәйкес толтырылуы тиіс. Сонда ғана мектеп ұжымы іс-әрекеті бағыттары бойынша нақты ақпараттарды еш кедергісіз алуға болады, ол іс жағдайын обьективті бағалауға және дәлелденген басқару шешімдерін қабылдауға қажетті қолайлы мүмкіндік береді.
25. Педагогикалық ұжымның сипаттамасын зерделеңіз
Педагогикалық ұжым - педагогикалық көзқарастарының, сенімдері мен іс әрекеттерінің бірлігімен ұйымдасқан оқу-тәрбие мекемесі (мұғалімдер, тәрбиешілер, директор, оқу ісінің меңгерушісі, мектеп дөрігері) қызметкерлерін біріктіреді.
Ұжым – қоғам жағдайында бала өмірін ұйымдаструдың негізгі формасы. Жеке тұлғаның дамуы үшін ұжымда қолайлы жағдай болуы қажет. Балалар ұжымын ұйымдастыру қажеттілігі қоғамның өзі біртұтас ұжым ретінде өмір сүретіндігінен туындайды. Ұжым мәселесімен Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, П.П.Блонский, В.А.Сухомлинский, М.Жұмабаев, Ж.Қоянбаев, Т.С. Сабыров т.б. зерттерді.
Ұжымның пайда болу генезисі-қоғамдық өмірдің заңдылықтарымен тығыз байланысты қалыптасқанына көз жеткіземіз. Ұжымның қажеттілігі екі түсінікті аңғартады: бірі - кез келген ұжымдық бірлестіктер; оған жұмысшылар, еңбеккелер, әкімшілік, мектеп, оқу орындары және басқа мекемелердегі адамдар; екіншісі - белгілі бір жоғарғы жетістіктерге жетуді басты мақсат еткен арнайы топтар. Олардың басты мақсаттары – бірлік, ынтымақтастық және мүдделік ерекшеліктері болмақ. Мектеп ұжымының ерекшелігі – ұжым мүшелері, яғни оқушыларға педагогтар мен жұртшылықтың алдын-ала жоспарланған, алдына белгілі бір мақсат қойып, жас ұрпақтың жан-жақты дамып, жеке тұлға болып қалыптасуына ықпал жасауға бағытталған тәлім-тәрбие жүйесі.

Педагогикалық ұжымның оқушылардың ата-аналармен жүргізілген жұмыстарының негізгі түрлері мен әдістеріне сипаттама бермес бұрын отбасымен байланыс орнатудың бірқатар психологиялық-педагогикалық ерекшеліктеріне тоқталған орынды.


Бірінші ереже. Мектеп пен сынып жетекшісінің отбасымен және жұртшылықпен жүргізетін жұмысының негізі ата-аналардың беделін көтеру және нығайтуға бағытталуы тиіс. Сынып жетекшісінің ақыл үйретушілік,көсемдік сөз сақтауы өкпе, реніш , ыңғайсыздыққа негіз болады. “Міндетті”,“қажетті”деген үзілді-кесілді сөздерден соң ата-ананың ақыл-кеңес сұрауға деген ынтасы жоғалады.
Ата-аналардың көпшілігі өз міндеттерін жақсы түсінеді, бірақ тәрбие тәжірибесінде өз білгенін көңілдегідей қолдана алмауы мүмкін. Сондықтан оларға не істеу керек екендігімен бірге қалай істеу керектілігін білу де маңызды.
Екінші ереже. Ата-ананың тәрбиелік мүмкіндіктеріне сенім арту, олардың педагогикалық мәдениетінің деңгейін көтеру тәрбиелік белсенділігін арттыру. Ата-аналар психологиялық жағынан мектептің барлық бастамалары мен талаптарын қолдауға дайын. Тіпті педагогикалық дайындығы, білімі жоқ ата-аналардың өзі бала тәрбиесіне терең түсіністікпен және жауапкершілікпен қарайды.
Үшінші ереже. Отбасының өміріне орынсыз араласуға жол бермейтін педагогикалық әдеп. Сынып жетекшісі-ресми тұлға. Ол өз қызметі аясында көп жағдайда қаласа да, қаламаса да отбасының өзгелерден “жасыратын” құпия сырларына куә болуы мүмкін. Жақсы сынып жетекшісі отбасы үшін бөтен емес, қайта ата-аналар одан көмек күтіп сеніп сыр айтады, ақылдасады. Сондықтан отбасы қандай болса да ата-аналар қандай тәрбиеші болса да мұғалім барынша әдепті болуы тиіс. Ол отбасы туралы барлық білімін ата-аналардың тәрбие ісіне көмектесуге, ізгі ниетті орнықтыруға жұмсауы керек.
Төртінші ереже. Тәрбие мәселелерін шешуге өмірге құштар, көтеріңкі көңіл күйді басшылыққа алу, жеке тұлғаның табысты дамуына бағыт ұстау, баланың жағымы қасиеттеріне, отбасы тәрбиесінің күшті жақтарына сүйену. Тәрбиеленушінің мінезін қалыптастыру қиындықсыз, қайшылықсыз және оқыс оқиғасыз іске аспайды.
Егер осының бәрі даму заңдылығы түрінде қабылданса онда қиындық, қайшылық және күтпеген нәтиже педагогты әбіржітпеуі тиіс.
Педагогикалық ұжымға әлеуметтік психологиялық мінездеме ұйымдағы спецификалық ерекшелігі бойынша беріледі. Педагогикалық ұжымға берілетін мінездеме оның ауыз біршілігінен көрінеді. Ауызбіршілік – бұл педагогикалық ұжымға берілетін интегративті әлеуметтік психологиялық мінездеме.
Жас және тәжірибесі жоқ педагог ұйымшыл ұжымда жетекшілік етуде тәжірибесі мол және талантты мұғалімдерден гөрі көптеген табыстарға қол жеткізеді. Қандай болмасын ұжымда оның мүшелерінің ұйымшылдығымен және ауызбіршілігінің негізінде көздеген мақсатқа жетеді. Ұжым мүшелерінің жалпы мақсаты, анық көрінген қабілеттіліктері, бір – бірінің қалауы мен міндеттері негізінде екінші бір адамның іс – әрекетінен күткен жағдайда көрініс береді.
Басқарудың және өзін-өзі дамытудың субъектісі ретінде қазіргі педагогикалық ұжым туралы ұғымдар орыс педагогтары Л. Н. Толстой, К. Д. Ушинский, Н. И. Пироговтардың оқыту мен тәрбиенің өзара байланыстылығы, оқушылар мен педагогтардың бірлесе жұмыс істеуі, педагогтардың өзін-өзі дамытуға үмтылуы сйяқты идеяларының ықпалымен қалыптасты.
Тәрбие мақсаты, балалар ұжымын қалыптастыру мәселесі отандық педагогика ғылымында педагогикалық ұжымның екі орнықты моделін іздеумен бірге қарастырылды. Мұғалімдердің тәрбиелік ықпалын біріктіру 20-30 жылдары педагогика мен мектептің маңызды міндеттерінің бірі болды. Н. К. Крупская, С. Т. Шацкая, А. С. Макаренко және т.б./ "Тәрбиешілер ұжымы болуы ксрек", — ден жазды. А. С. Макаренко - тәрбиешілер ұжымға біріккен жерде жәнс біртүтас жұмыс жоспары, балаға деген бірыңғай ықпал жоқ жерде ешқандай тәрбис процесі болуы мүмкін емес".
Педагогикалық ұжымның топтасуы және дамуы идеясы В. А. Сухомлинскийдің иедагогикалық жүйесіңце практикалық көрініс тапты. Ол әрбір педагогикалық ұжымның езіңдік ерекшелігі болатындығын атап көрсетті. Тәжірибе алмасу сол мектептің жұмысын көшіріп алу емес, қайта оның қызметінің идеялары мен концепцияларын бағалау болмақ,
Соңғы жылдары педагогикалық ұжымның дамуы мен қызметінің ішкі механизмін ашуға арналған /Н. С. Дежиннова, В. А. Кераковский, Л. И. Новикова, Р. X. Жакуров жөне т.б./ еңбектер жарияланды.
Педагогикалық ұжым адамдардың әлеуметтік жөне кәсіптік бірлестігі ретінде ұжымға тән барлық белгілерді біріктіреді. Ерекше адамдар тобы ретінде мектеп педагогикалық ұжымына жинақылық, басшының болуы, топтасу, салыстырмалы түрде тұрақты және ұзақ мерзімде әрекет ету сияқты қоғамдық жене кәсіптік сипаттар тән. Педагогикалық ұжым сондай-ақ, оқушылар ұжымы да, оның құрамдас бөлігі болып ссептеледі.. Кез келген ұжым сияқты мектептің педагогикалық ұжымының өзіндік ерекшеліктері болады.
Педагогикалық ұжымның ең басты ерекшелігі оның кәсіптік қызметіне байланысты, нақтылай айтқанда жас ұрпақты оқыту мен тэрбиелеуде. Педагогикалық ұжымның көсіптік қызметінің тиімділігі оның мүшелерінің педагогикалық мөдениетінің деңгейімен, тұлғаларының қатынас сипатымен, ұжымдық жөне дербес жауапкершілікті сезінуімен, ұйымшылдық, ынтымақтастық деңгейімен анықталады. Өзінің мәні педагогикалық, тәрбиелік болып табылатын оку орындарының ұжымы оқушьыарға үлкендердің ұжымы, олардың өзара қатынасы, бірлесе әрекет етуі туралы алғашқы түсініктерді қалыптастырады. Бұл жағдай педагошкалық ұжымды өзін-өзі ұйымдастыруға, үнемі өздігінен жетілуге ынталандырады.
Педагогикалық ұжымның басты ерекшслігінің бірі ретінде мұғалімдік кәсіп қызметінің көп қырлылығын атау керек. Қазіргі мұғалім пән мұғалімі, сынып жетекшісі, үйірме, студия жетекшісі, қоғамдық жұмыстар сияқты қызмсттерді атқарады. Бұндай көпқырлылық барлық педагогикалық ұжымға тән. Өзінің кәсіптік міндеттерін шешу барысында педагогикалық ұжым мектеп шегінен шығып кетеді. Қоршаған әлеуметтік ортаны педагогика-ландыру, яғни ата-аналар мен жұртшылық өкілдерінің педагогикалық мәдениетін қалыптастыру түтас алғанда педагогикалық ұжымның ажырамас қызметіне айналады. Көптеген мұғалімдердің педагогикалық өрекетіне зерттеушілік қызметі тән. Қазіргі мұғалім-зерттеуші -нормативті қызмет жасымен яюктелмейтін, педагогика-лық жаңалықтың жетістігі мен кемшілігін тез аңғаратын, жаңа құндылықтар мен технологияларға баға беріп, игеріп және практикада қоддануға қаблетті педагог.
Педагогикалық ұжымның ендігі бір ерекшелігі оның жоғары денгейде өзін-өзі басқара алуында. Ұжымдағы мектеп кеңесі, әдістемелік комиссиялар, қоғамдық ұйымдар да қатардағы мұғалімдердің сайлану арқылы өкілеттік алуы ұжымда дұрыс қоғамдық пікір қалыптастырып дербестік пен белсенділік дамытады. Педагогикалық ұжым мүшелерінің, оның басшыларының қызметтік міндеттері, қызметтік нүсқаулары арқылы дәл айқын-далуы да ұжымның ұйымдасқандық сипатын нығайтады. Педагогикалық ұжымның келесі ерекшелігі оның қызметіыің үжьшдық сипаты мен нәтиже үшін ұжымдық жауапкершілігі. Егер жекелеген мұғалімдердің, әсіресс орта жөне жоғары сынып мұғалімдерінің іс- әрекетін өзге мұғалімдердің іс-әрекетімен сәйкестендірмесе, оқушы-лардың білімін бағалау, мектеп жұмысын ұйымдастыруда бірыңғай талап болмаса онда ол табысқа жеткізбейді. Мұғалімдердің біртүтастығы олардың құндылық бағдар-лары мен сенімдерінен көрінеді, дегенмен бұл жағдай педагогикалық технологияның бірсарындылығын білдірмейді. Балаға деген махаббат, оны оқытуға деген ынта, оқушы тұлғасына деген құрмет педагогикалық шығармашылық, оптимизм, жалпы және косіптік мәдениет мұғалімдердің іс-әрекетінің біртүтастығын материалдық негізін қүрайды.

Педагогикалық ұжым өмірінің еркешеліктерінің қатарында белгілі бір педагогикалық еңбектің түрін атқарудан уақыт шегінің болмауын атауға болады. Бұл жағдай мұғалімнің шамадан тыс жұмыс бастылығына, рухани дүниесін байытьш, кәсіптік дамуын арттыруға уақыт таба алмауына себеп болады. Бақылау нәтижелері көрсеткендей соңғы жылдары материалдық жағдайға, уақыт жетіспеуіне байланысты мұғалімдірдің баспасөзге жазылуы, түрлі әдебиеттер сатып алуы, олардың кино-театрлар, мүражайлар мен көрмелерге қатысуы күрт төмендеп кетті.


Педагогакалық ұжымға тән өзіндік ерекшеліктердің бірі оның құрамында әйелдердің басым болуы десек, бұл жағдай ұжымдағы өзара қатыстық сипатына ықпал жасайды. Әйелдер ұжымы еркектер басым болып кететін ұйымдарға қарағанда тез әсерленгіш, көңіл күйі жиі алмасады, барынша дау-жанжалға бейім. Дей түрғанмен, әйелдер жаратылысынан тәрбие ісіне бейім, педагогикалык ықпал жасаудың әдістері мен.тәсілдерін таңдауда барынша икемді екендігін де есте ұстау керек.
Педагогикалық ұжымдарда әйелдердің басым болуы — жаңа проблема емес. Ол проблема материалдық сипаттағы себептерге байланысты педагогикалық ұжымдардан еркектердің басқа табысты салаларға көптеп ауысуына байланысты шиеленісе түсті. В. А. Сухомлинский, А. А. Захаренко сияқты педагогтар мектебінің төжірибесі педагогикалық ұжымда, әр жыныстың қажетті өкілеттілігінің болуы педагогикалық ұжымның үйлесім-ділігін, педагогикалық процестің біртұтастығын қамтамасыз ететіндігін көрсетеді.
Дегенмен, педагогикалық ұжымдағы еркек пен әйелдердің барынша орнықты арақатынасын айқындау өте қиын. Ол әрбір нақты жағдайда өзінше шешім табуы тиіс. Бірақ қалай болғанда да мектептегі еркектердің жетіспеушілігі ата-аналарды, өндірістік ұжым мүшелерін сабақтан тыс уақыттағы тәрбие жұмыстарына тарту арқылы толықтыру қажет.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет