34. Мектептің тұтас педагогикалық үдерісін жоспарлау ретін көрсетіңіз
Жоспарлау - мектепті басқарудың функциясы ретінде. Педагогикалық үдерістің жағдайы туралы ақпаратты мектеп жұмысында барлық түрлерін жоспарлау үшін пайдалану.
Мұғалімнің, тәрбиешінің, сынып жетекшісінің оқу және тәрбие іс-әрекетін жоспарлау. Перспективалық және жылдық жоспар.
Мектептің жұмысын жоспарлаудың барлық түрлерінің жұмыс жоспарлары, тақырыптық және сабақ жоспарлары, сынып жетекшілерінің жұмыс жоспарларын орындалуын бақылау мазмұны мен түрлерінің бірлестігі.
Мектеп құжаттары. Мектепті басқарудағы мектеп құжаттарынын рөлі. Негізгі құжаттардың тізімі және сипаттамасы. Мектеп құжаттарына қойылатын талаптар.
Педагогикалық тәжірибеде қадағалаудың бірнеше түрі бар, олар: алдан-ала, ағымдық, мерзімдік, тақырыптық, қорытынды және өтілген материал ізімен.
Алдын-ала қадағалау – диагностикалық міндеттерге орай жүргізіледі. Ондағы мақсат-оқушылардың оқуды бастауға дейін игерген білім, ептілік дағдыларының деңгей, дәрежесін анықтау.
Ағымдағы қадағалау- оқу барысында ұйымдастырылып, білім, ептілік және дағдылардың қалыптасу дәрежесін, сонымен бірге игерілген материалдың қаншалықты терең және берік бекігенін анықтау үшін қолданылады. Бұл қадағалаудың тиімділігі-оқушылар біліміндегі кемшіліктер мен олқылықтарды дер кезінде байқап, бағдарлама ақпараттарын меңгеруде көмек көрсетуге мүмкіндік береді.
Мерзімді қадағалау- белгілі уақыт аралығындағы жұмыстардың қорытындысын алуға пайдаланылып, тоқсан немесе жарты жылдықта жүргізіледі.
Тақырыптық қадағалау-тақырып, бөлім материалдары өтіліп болған соң өткізіледі.
Қорытынды қадағалау- оқу процесінің соңғы нәтижелерін жинақтау үшін қолданылып, пән бойынша барлық білім, ептіліктер мен дағдылар жүйесін қамтиды.
Өтілген материал, тақырып ізімен қадағалау-тақырып, курс, бөлім өтіліп, біршама уақыт өткен соң қалдық білімді анықтау үшін қолданылды. Мұндай қадағалау оқу процесінің тиімділігін соңғы нәтиже бойынша пайымдау талаптарына сәйкес келеді.
Мұндай қадағалаудың барлығы тексерулерден құралады. Тексеру– бұл білім, ептілік және дағдыларды игеру барысын бақылау үшін жүргізілетін әрекет-қимылдар жүйесі.
Бақылау, қадағалау кезінде оқушының өзі де өз оқу жұмыстарының нәтижесі бойынша ақпарат алады. Мұғалімге оқу-тәрбие процесі бойынша ақпараттың үш түрі аса қажет:
1. Бастапқы ақпарат, ол оқушылар туралы алғашқы мәліметті алуға көметеседі.
2. Тактикалық ақпарат, ол оқушылармен жүргізілетін жұмыс формаларын (жекелеген шаралар өткізу) дұрыс құрастыруға жәрдемдеседі. Тактикалық ақпарат мұғалімнің нақты бір кезеңді өткізу кезіндегі педагогикалық процестің кейбір мәселелерін оңтайлы шешу мүмкіндіктерін көрсетеді.
3. Жедел (ағымдағы) ақпарат, ол алдыңғы екі түрлі толықтыруға, педагогикалық процесс жағдайы туралы нақтылы мәлімет алуға жол ашады. Ақпараттар сипаттамасы көбейген сайын педагогикалық процестің жағдайы нақтылана түседі. Сол себепті ақпаратты сұрыптауға іс-әрекеттердің барлық түрлері мен оның көрсеткіштерін талдау негізге алынады.
Сонымен педагогикалық ақпарат –дегеніміз- үйретілетін нысан туралы барлық мәліметтер емес, керісінше оның мәнді әрі керекті педагогикалық процесті көрсететін негізгі сипаттамалары.
Ақпараттық көздер педагогикалық процестің негізгі сипаттамаларын талдау материалдары мен олардың көрсеткіштері құрайды:1)оқушылардың үлгерімі; 2)оқушылар ұжымының қалыптасқандығы; 3)оқушылардың қоғамдық белсенділігі; 4)оқушылар отбасының әлеуметтік, психологиялық портреті; 5) педагогикалық ұжымның жәй-күйі.
Жоғарыда аталған бес сипаттаманың көрсеткіштері мынадай:
1. «Оқушылар үлгерімің сипаттамасының көрсеткіштері:
-оқушылар үлгерімі мен үлгерім сапасының жалпы пайызы;
-орта тоқсандық балл;
-оқушылардың оқу-танымдық біліктерді меңгеру сапасының пайызы;
-оқушының ұжымдағы мәртебесі.
2.«Оқушылар ұжымының қалыптасқандығың сипаттамасының көрсеткіштеріне:
-сыныптағы сайланған және белсенділердің сәйкес келу пайызы;
-тәрбиесі қиын балалар пайызы;
-қоғамдық міндеттерін орындайтын оқушылар пайызы.
3.«Оқушылардың қоғамдық (әлеуметтік) белсенділігің сипаттамасының көрсеткіштері:
-қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы;
- өз бастамасы бойынша қоғамдық міндеті бар сынып оқушыларының пайызы;
- міндетті орындауда есеп беретін оқушылар пайызы;
- міндеттердің сипаты (оқу, оқудан тыс, сыныптық, мектептік т.б.
4. «Оқушылар отбасының әлеуметтік-психологиялық портреттің сипаттамасының көрсеткіштері:
- отбасы құрамы (толық, жартылай толық);
- ата-аналардың мамандығы, қоғамдық және әлеуметтік жағдайы,
- толық емес отбасынан шыққан оқушылар пайызы;
- сыныптың, мектептің қоғамдық өміріне қатысатын ата-аналар пайызы;
5. «Педагогикалық ұжымның жағдайың сипаттамасының көрсеткіштері:
- мұғалімнің өз әрекетінің және басқару ісінің объектісін қазіргі талаптарға сәйкес түсіне білуі;
- педагогикалық процесті басқаруға мұғалімнің теориялық және әдістемелік даярлық деңгейі;
- оқушылар ұжымын қалыптастыру әдістемесін білу;
- педагогикалық процесті диагностикалауға дайындық;
- оқушының отбасымен ынтымақтастық жағдайда жұмыс істеуге дайындық;
- дарынды және тәрбиесі қиын балалармен жұмыс істеуге дайындық;
- мұғалімнің өздігінен білім алу жұмысы.
Мұғалім, осылайша педагогикалық процестің барысы, жағдайы, нәтижесі туралы жеткілікті ақпарат жинау үшін негізгі сипаттамаларды және олардың аталған көрсеткіштерін білуі қажет.
Достарыңызбен бөлісу: |