1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Білім сапасы менеджметіне қатысты ұғымдарды атаңыз



бет16/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

27. Білім сапасы менеджметіне қатысты ұғымдарды атаңыз
САПА МЕНЕДЖМЕНТІ ЖҮЙЕСІ
(СМЖ) – көрсетілетін білім беру қызметінің сапасына қолданылатын білім беру ұйымына басшылық пен басқару үшін менеджмент жүйесі. СМЖ өзара іс-әрекет ететін процестер мен рәсімдер, білікті оқытушылар құрамы, ұйымдастырылған және технологиялық іс шаралар, жоспарлар, құжаттар және т.б. біріктіретін білім беру ұйымдарының сапалы менеджмент жүйесін білдіреді. СМЖ өзіне бірнеше арнайы құралдарды, атап айтқанда, білім беру процесіне үнемі мониторинг (модульді –рейтингілік жүйе), тәуелсіз қорытынды бақылау және студенттердің білімін бағалау, ППК мен қызметкерлердің сапалы еңбегін тиімді ынталандыру, сыртқы және ішкі қажеттіліктерін қанағаттандыруға талдауды қосады.
Білім беру ұйымдарының СМЖ, әдеттегідей, ISO 9001:2000 халықаралық стандарт талаптарына сәйкес сертификаттаудан өтеді. Мұғалімнің жұмыстарын бақылау-тексерудің құрылымы Мұғалім өзінін кәсіби шеберлігін қалыптастырудың бірнеше кезендерінен өтіп, тәжірбесін көпшілікке ұсынар уакытында әрине сол ұстаздың озат педагогикалық тәжірибесін зерттеу. жинактау және тарату кезеңі басталады.
Қазіргі уақытта кейбір адамдардың түсінігінде «білім берудегі сапа» ұғымы, білім берудегі күтімдердің қамтамасыз етілуі, яғни бір мағынада дипломмен пара-пар. Алайда Вест білім берудегі сапаны күш, әлеует, ерекшелік сөздерімен байланыстырады және «сапа» ұғымын бір түр-сипат ретінде қолданатын кезде білім беру бағдарламасының белсенділігі ретінде жориды.
АҚШ Білім министрлігі болса, «білім беру сапасы» ұғымын аз оқушылардан құралған сыныптар, оқушылардың жеке қабілеттерін көрсете алулары, факультеттердің студенттердің күткендерін қамтамасыз ете алу дәрежелері және әр түрлі оқыту әдістеріне баламалы әдістер ұсына алатын қабілеттер ретінде анықтауда және сапалы білім беруді болса, оқушы-мектеп-отбасы арасындағы ынтымақтастық ретінде түсіндіруде .
Білім беруде сапаны жақсарту жұмыстары біртекті жолға қарағанда, қайталанбалы циклге ұқсас жоспарлау, жүзеге асу және жетілу істерінен құралған. Алғашқы деңгей жетілу үшін үздіксіз жоспарлауды қамтиды. Бұл істі жетілдіру жоспарларының жүзеге асуы жалғастырады. Кейінгі деңгейде болса, жетілдіру жоспарларына қатысты клиент қажеттіліктерін анықтауда қолданылатын әдістердің жетілдірілуі болады. Қоршаған орта серпінді бір орта болғандықтан, білім беру саласындағы қызметкерлердің үдерістерді үздіксіз қадағалаулары, ақпаратты да үздіксіз бөлісулері, бірлік ішінде жұмыс істеулері және ақпарат алмасуға кедергі болған және болатын жайттарды жоюлары міндетті. Бұл тұжырымға қарағанда тәрбиелеушілер мен оқытушылар тек қана мәселелерді анықтаудың орнына сол мәселелердің шешуін табуды негізге алулары керек.
Осы жерге дейін келтірілген анықтамалар мен тұжырымдарды негізге ала отырып, білім беру қызметіндегі сапа ұғымын, білім және тәрбие беру жұмыстарында жоғары сапалылық пен мүлтіксіздікке жету үшін бір ұйымның барлық қызметкерлерінің үздіксіз даму мәдениетін иемденгендігі туралы бір философия, бір сенім, бір тұжырым деуге болады.
Сапа - тиісті сипаттамалар жиынтығы талаптарға сәйкес келетін дәреже. Сапа менеджменті - саясат пен мақсатты әзірлеу және бұл мақсаттарға жету жүйесі. Сапа менеджменті жүйесі - ұйымды сапаға қатысты басқару және басшылық ету менеджментунің жүйесі. Сапа менеджмент жүйесін ендіру ерекшеліктері мен мақсаттары:
-қызығушы жақтардың қажеттіктерін есепке ала отырып ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту;
-кез келген жағдайда өнімнің сапалы шығуына ұмтылыс жасау;
-өндірісте өнім сапасына ұдайы жақсартуды қамтамасыз ету;
-алдыңғы жыл көрсеткіштеріне қатынасы бойынша өнімнің деңгейін
қадағалау;
-өнім шығаруда ұйымның нәтижелілігі мен тиімділігін үнемі жақсарту үшін әзірленген менеджмент жүйесін үнемі жұмысшы қалыпта ұстау.
Сапаны қамтамасыз ету жүйесі «сапа тұзағының» барлығы стадияларында жұмыс істеуі тиіс, сапаға әсер ету сипаты бойынша жүйеде үш бағыт болуы мүмкін:
-сапаны қамтамасыз ету;
-сапаны басқару;
-сапаны жақсарту.
ЖОО-ның СМЖ-сы - жоспарлау, басқару, қамтамасыз ету және сапаны жақсарту
арқылы сапа саласындағы саясатты іске асыру үшін қажетті ұйымдастыру
құрылымының, әдістемелердің, процестер мен ресурстардың жиынтығы.
СМЖ ЖОО-ның педагогикалық, ғылыми, тәрбие, әкімшілік, шаруашылық секілді
қызмет салаларын қамтиды. Көрсетілген салалар өзара байланыста болады және көп.
Сапа менеджменті жүйесін әзірлеу және енгізу процесі келесі кезеңдердентұрады:
- СМЖ моделін таңдау;
- университет қызметін таңдалған модель талаптарымен салыстыру;
- университеттің қызметін қажет болған жерде қайта жасау;
- университет қызметі модель талаптарына сай екендігін дәлелдейтін СМЖ
- құжаттарын әзірлеу және енгізу;
- қызмет процестерінің тиімділігін арттыру мақсатында СМЖ-ны сертификаттау;
- процестерді үздіксіз жетілдіру негізінде қызметті жақсарту.
СМЖ келесі элементтерден тұрады: процесс, ұйым, ресурстар, құжаттар.

ЖОО СМЖ енгізудегі артықшылық


Талапкерлер мен студенттер үшін:
-Оқу үрдісінің сапасы жүйелеу, жинақтау, тарату, талдау және барлық қажетті ақпараттарды сақтау жолымен көтеріледі(оқу жоспарлары, студенттердің қанағаттануы мен үлгерімі);
-Нақты басқару жүйесінің арқасында өтілмеген сабақтар саны нөлге теңеседі;
-ЖОО мамандандырылған түлектерінің дайындық деңгейі көтеріледі, оларға еңбек нарығында сұраныс арта түседі;
-Студенттермен сақталған қатынас механизмі есебінде барлық сұрақтар, ұсыныстар мен шағымдар назардан тыс қалмайды,
Жұмыс берушілер үшін:
-мамандар үнемі өзгеріп отыратын талаптың есебінен дайындалғанның кепілі;
-Мамандардың сапалы дайындығына сенімділік ЖОО үнемі жоғары деңгейде қадағаланып отыр;
-Басшылар мен қызметкерлер үшін;
-жұмыстың ашық көрінуінің арқасында ұйым жұмысының барлық сферада бақылауы жақсарады;
-негізгі және көмекші үрдістерді ықшамдау есебінен шығындар азаяды;
-қағазбен жұмыс көлемі азаяды;
-шешімдердің нақтылығы жоғарылайды;
-ішкі ағымдағы ақпараттар жетілдіріледі;
-ЖОО инвестициялық тартымдылығы жоғарылайды.
Әрбір ЖОО қызметкері өз рөлін және ұйым жұмысына қосатын үлесін нақты сезінеді.
Мемлекет үшін:
-көрсетіліп жатқан білім беру қызметтері барлық талаптарға сай екендігі жайында кепілдік пайда болады;
-ЖОО СМЖ енгізу әлемдік білім беру жүйесінде жоғарғы білім интеграциясына жағдай жасайды;
-Мемлекет ЖОО бөлінген қаражаттың мақсатты және тиімді пайдаланылғанына сенімді болуына әбден мүмкін;
-Лицензиялау, іскерлік сараптау және аккредитациялау процедуралары жеңілдетіледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет