1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде өз сөзіңізбен айтып беріңіз



бет19/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54
30. Мектеп басқарудың педагогикалық жүйесі және нысаны ретінде өз сөзіңізбен айтып беріңіз
Басқарудың әкімшілік мектебі пайда болуынан бастап мамандар ұйымды басқару тәсілдерін жетілдіруді үнемі іздестіруде болады. Бұл мектептің авторлары үлкен бизнес саласында басқарудың жоғарғы деңгейінде басшы болып көп еңбек тәжірибесін өздері жинаған жандар. Мәселен, Анри Файоль - осы мектептің негізін қалаған, оны менеджменттің атасы деп те атаған.
Күрделі педагогикалық жүйе ретінде танылған осы заман мектебін басқару әрбір басшыдан біртұтас басқару жүйесін түзіп, оны даму жолына бағыттауда жоғары ғылыми дайындықты талап етеді.
Мектеп - педагогикалық жүйе және басқару нысаны.
Мектептердің көбі төрт деңгейлі басқару құрылымын қолдануда:
- Бірінші деңгей- мемлекеттік орган бекіткен не ұжым сайлаған мектеп директоры; мектеп кеңесі, оқушылар комитеті, қоғамдық бірлестіктер басшылары. Бұл деңгейде мектептің стратегиялық даму бағыты анықталады.

- Екінші деңгей- мектеп директорының орынбасарлары, мектеп психологы; әлеуметтік педагог, қоғамдық пайдалы еңбек ұйымдастыруға жауапкер, әкімшілік-шаруашылық бойынша директор көмекшісі; өзіндік басқаруға қатысты органдар мен бірлестіктер басшылары.

- Үшінші деңгей- оқу барысында және оқудан тыс білім-тәрбие жұмыстарына байланысты оқушыларға басшылық қызметтерді атқарушы мұғалімдер, тәрбиешілер, сынып жетекшілері. Бұл деңгейге қоғамдық басқару органдары мен өзіндік басқару, қосымша білім беру мекемелерімен байланыс жүргізуші педагогтарды да енгізуге болады.

- Төртінші деңгей- сыныптық және жалпы мектептік өзіндік басқару қызметтері тапсырылған оқушылар. Бұл деңгейдің назарға алынуы мұғалімдер мен оқушылар арасындағы қатынастың «субъектсубъектті» сипатын баса танытады. Мұндай қатынаста оқушы өзара ықпал нысаны болумен бірге өз дамуының қозғаушы күші – субьект ролін де атқарады.

Басқару іс-әрекеттері процесінде төмендегідей қызметтер орындалады:
- Мақсаттар айқындау
- Жоспарлау
- Ұйымдастыру
- Ынталандыру
- Қадағалау
- Педагогикалық талдау

Анри Файоль (1841-1925ж.ж) мамандығы бойынша тау инженері болды. Ол бар ғұмырын "Камомбо" атты француздық таулы - металлургиялық синдикат компаниясында жұмыс атқарды. Алғашында инженер болды, кейіннен басқармада қызмет етті. 1886-1918 ж аралығында синдикат директоры қызметін атқарды. директоры теоретик және менеджмент қызметін атқарды.


Анри Файоль - тау инженері, теоретик және менеджмент практигі, басқарудың классикалық мектебінің негізін қалаушы.
Классикалық (1920-1950) әкімшілік мектеп (ғылыми менеджерлеу мектебі) - кез келген ұйымды басқаруға принциптерін әзірлеуге ұмтылды.

Басқару функциялары:

1. Жоспарлау

2. Ұйымдастыру

3. Басшылық ет

4. Координациялау


5. Бақылау
Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Менеджмент және мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтары, ол оқу-тәрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау. Мектепішілік менеджменттің заңдылықтарына талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік және мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Ал негізгі қағидаларына мыналар жатады:
- педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі;

- басқарудағы жүйслілік және орталықтандыру;

- бірігушілік және ұжымның оң қарым-қатынасы;

- педагогикалық жүйені басқаруды ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы.

Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару және өзін-өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады.

A. Файоль бойынша басқарудың 14 принципі:

1. Еңбек бөлінісі
2. Билік жүргізу
3. Тәртіп
4. Дара басшылық
5. Бірлесу
6. Бағындыру
7. Қызметшілерге ақы төлеу
8. Бір орталыққа бағындыру
9. Қызмет иерархиясы
10. Әділеттілік
11. Қызмет тұрақтылығы
12. Инициативалық
13. Корпоративтік рух
14. Ретке келтіру

Басқару циклі:

- Диагностика
- Мақсат қою
- Жоспарлау
- Ой-толғауы
- Дайындық
- Қорытынды фиксациясы
- Анализ және бақылау
- Жүзеге асыру

Заманауи менеджменттегі басқарудың классикалық мектебі (әлемдік басқару ғылымының негізі):

- басқаруды функциялардың байланыс процессі ретінде қарастыру;

- басқарудың негізгі принциптерін мазмұндау;

- "жұмысшы менеджменті" концепциясын құрастыру.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет