32. Педагогикалық менеджменттің ұстанымдарына талдау жасаңыз
Педагогикалық жүйелерді басқару оның жүйелілік, синергетикалық
қасиеттерін, жүйенің өмір сүру жəне дамуы жағдайлары туралы
түсініктерді ұғынуды қажет етеді. Ю.А. Конаржевский ұсынған басқарудағы
демократиялық пен ізгіліктік заңдылықтарын орындау түрлі деңгейдегі
жүйелерді басқарушылардың, педагогтар мен білім алушылардың, ата -
аналар белсенділіктерін жүйе құрылымында пайдалануға ықпал етеді.
Осылайша, жүйенің компоненттері мен құрылымы, олардың байланыстары,
жүйе құраушылық (жүйені жаңа сапаға өткізуге қабілетті ішкі механимі)
факторы жəне қоршаған ортамен байланысы терең қамтылып, белгілі бір
принциптерге сүйенеді. Педагогикалық жүйелерді басқару қызметін
жүзеге асыруда жүйелілік пен тұтастық, синергетикалық, мақсаттық -
бағдарлылық, технологиялық, құзыреттілік, нəтижелілік, кері
байланыстық ұстанымдар жүйесін басшылыққа алуды көздейді.
Басқарудағы жүйелік пен тұтастық ұстанымы. Педагогикалық үрдістің
жүйелік жəне тұтастық табиғатын басшылыққа алу оны тиімді басқарудың
алғышарттарын құрауға негіз болады. Басқарудағы жүйелік тұрғы
педагогикалық үрдісті тұтас жүйе ретінде қарастырып, оның негізгі
қасиеттеріне сүйенуге мүмкіндік береді. Бұл ұстаным барлық деңгейлердегі
педагогикалық жүйелердің құрамы, құрылымы, жүйе құраушы факторлары
мен қызметтік компоненттері мен өзара байланыстарының түгел қамтылуын
қамтамасыз етеді. Синергетикалық ұстаным. Əлеуметтік жүйелер ашық
жəне өзгеретін, сыртқы ортамен қарым-қатынас арқылы өзін-өзі дамытуға
мүмкіндігі бар жүйелер. Осындай сапаларына сай педагогикалық жүйенің
барлық деңгейлерінің де синергиялық қасиеті көрінеді. Синергетикалық
принциптің сақталуы педагогикалық жүйе субъектілерінің өзін-өзі басқару
негізінде өзіндік дамуын қамтамасыз етеді. Бұл өзгерістер тұтас жүйенің
жəне оның компоненттерінің дамуына, өзгеруіне, белсенділігін арттыруға
жағдай туғызып, жүйенің жаңа сапаға өтуін қамтамасыз етеді.
Мақсаттық – бағдарлылық ұстаным белгілі бір мақсатқа қол
жеткізуге бағытталуын, сонымен қатар жүйенің барлық компоненттеріндегі,
кіші жүйелердегі өзгерістер жалпы жүйе мақсатына сəйкес
ұйымдастырылуын қамтамасыз етуді қажет етеді. Бұл принцип сонымен
қатар мақсат қою барысындағы ізденушілік пен зерттеушілік əрекеттер
негізінде талдау мен шешім қабылдау қызметін де қамтиды. Технологиялық
ұстаным жүйенің алдына қойылған міндеттерді орындаудың технологиялық
алгоритмі құрастырылып, қажетті ресурстардың алдын - ала анықталуын
қамтамасыз етеді. Технология талаптарына сай қатысушылардың қызметтерін бөлісу жəне оларды үйлестіріп отыру ұйымның мақсатына қарай
жылжуын қамтамасыз етеді, бұл принцип қатысушы адамдардың мақсаты
мен жүйенің даму мақсатын сəйкестендіріп отыруға мүмкіндік береді.
Құзыреттілік ұстанымы жүйенің өзгерістерін ұйымдастырушы
субъектілердің мақсатты орындауға қажетті құзыреттіліктері болуын талап
етеді. Басқару – ақпараттық, коммуникативік, рефлексиялық əрекеттер
арқылы жүзеге асырылады, өйткені, қызмет барысында қамтылатын
педагогикалық талдаулар мен шешімдер, болжау мен жоспарлау əрекеттері
негізінен оған қатысушылардың құзыреттіліктеріне тығыз байланысты.
Кері байланыс ұстанымы. Жүйені басқаруда мақсат-міндеттермен
қатар күтілетін нəтижелер белгіленеді. Педагогикалық немесе басқару
процесінде нəтиженің орындалу барысы, жолдары мен тəсілдері талданып,
объективті баға беріледі. Кез келген педагогикалық жүйе – ашық əлеуметтік
жүйе ретінде ортамен, ата-аналармен, түрлі қоғамдық, ұйымдарымен, ұжым
ішіндегі адамдармен диалогтық қатынаста болады.
Нəтижелілік ұстанымы күтілетін нəтижелердің алдын - ала нақты
сипатталуы мен оған қол жеткізуге бағытталған технологиялар мен тиімді
əдіс - тəсілдердің, ресурстардың таңдалуымен қамтамасыз етіледі, сонымен
қатар, нəтижелердің мақсатқа сəйкестілігі сараптамалар арқылы анықталады.
Күтілетін нəтижелер соңғы кезеңде ғана емес, жұмыс барысын бағалау үшін
бірнеше кезеңдер бойынша аралық нəтижелер ретінде де жасала алады.
Басқару ұстанымдары - басқаруда басшылыққа алатын жетекші идея, қағида.
Басқару ұстанымдары іс əрекет пен шешім қабылдауға жалпы нұсқау береді.
[12] Педагогикалық менеджмент тұрғысынан Ю.А. Конаржевский
«Менеджмент жəне мектепішілік басқару» (2000) еңбегінде [13] басқарудың
мынадай ұстанымдарды бөліп қарастырады, осы ұстанымдарға қойылатын
талаптарға сипаттама беріп өтсек,
Қазіргі этикалық құндылықтарға деген терең сенім ұстанымы - құндылық бағдарды қалыптастыру, басқарушының жəне педагогикалық
ұжымның негізге алатын ұстанымы, оның негізінде əр педагогтың, жалпы
ұжымның іс əрекетін, мінез-құлқын ынталандыру жатыр.
Талаптары: əр адамның жеке басына деген құрмет, құқықтарын
қорғау, мүмкіндіктерін мойындау;адамдарға адам ретінде құрмет көрсету;
адамдарға деген сенім; жеке тұлғалардың таңдау жасауына мүмкіндік беру;
Мықты ішкі корпоративтік мəдениет-ұйым ішіндегі этика мен ұйым
мəдениетін қарастырады.Талаптары: басқару этикасы талаптарын сақтау;
ұйым ішінде ішкі мəдениетті сақтау;педагогикалық ұжымды қалыптастыру,
жүйе құру; өзара құрмет, сенімді туғызу;
Адамға деген біртұтас көзқарас ұстанымы – басшы педагогикалық
ұжымдағы əрбір қызметкерді кəсіби қызмет түрін атқаратын жұмысшы
ретінде емес, педагогикалық үрдіс барысында өзіндік қажеттілігі, өзіндік
мақсаттары, мотивтері бар жеке тұлға ретінде қарастырады. Талаптары:
педагогтармен қызмет саласында ғана емес, жеке өмірі, ішкі жан дүниесіне
ене отырып қарым-қатынасқа түсу (қызмет барысында ғана емес жеке басы, жеке өмірі жайлы сөйлесу); педагог өмірінің көп бөлігін оның жұмысы
құрайды, сондықтан оның жұмыстағы орны оған қуаныш сыйлайтындай
болуы керек;
Педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсу ұстанымы - басшылықтың педагогтың кəсіби қызметін əртүрлі етіп ұйымдастыруға
тырысуы, сол арқылы кəсіби қызығушылығын ояту жəне оның кəсіби
сенімділігіне қолдау жасау. Талаптары: педагогтарды жаңашылдық іс əрекет
түрлеріне тартуға барынша жағдай жасау; педагогтардың біліктілік деңгейін
көтеруін қадағалап отыру т.б.
Жеке тұлғаларды еңбекке ынталандыру ұстанымы - педагогтың
жұмысқа деген жеке қызығушылығы, оның білім беру мекемесі мен
педагогикалық ұжым алдындағы белгілі бір міндеткерліктерді қабылдап
атқаруға ықпал етеді. Талаптары: əр басшының ынталандыру жүйесі болуы
тиіс: моралдық жəне материалдық;басшы адамдарға деген ілтипат, ерекше
назар аудару, зейін қою, жағымды қарым-қатынас техникаларын меңгеруі
тиіс; өзара келісімде болу, өзара қолдау т.б.;
Консенсус (ортақ, біріккен келісімге келу) ұстанымы - басшының
педагогтардың жеке көзқарастарын ескере отырып, ұжымды өзара келісімге,
ынтымақтастыққа əкелу. Талаптары:ұжым мүшелерінің мəселені талқылауда
немесе шешім қабылдауда шынайы баға беруі;ұжым алдында өз көзқарасы
мен пікірін нақты, дəлелдермен айта білуі тиіс т.б.;
Барлық қызметкерлер үшін ортақ статус ұстанымы –
қызметкерлермен тиімді қарым-қатынасты қамтамасыз
етеді.Талаптары:қызметкерлердің құқықтарын сақтау;барлығын тең
көру;«педагог» мəртебесіне лайықты қарым-қатынасқа түсу; педагогикалық
этика нормаларын сақтау; педагогтардың қоғамдағы беделін көтеру.
Барлық қызметкерлерді дайындау мен қайта даярлауды кеңейту
ұстанымы – кəсіби білімді үздікссіз жетілдіру, арнайы білім беру
бағдарламаларынан өту, қызмет түрлерін орындауға бағыттауға негізделеді.
Талаптары: кəсіби мамандарды дұрыс іріктеу; «педагогикалық
өнімнің» сапалығын қамтамасыз ету;басқару билігін төмендегілерге
(мұғалім) беру; жұмысты толықтыру, жұмысқа қажетті жағдайды жасау;
жаңа білім беру мазмұны талаптарына сай мұғалімдердің білімдерін көтеру:
курстардан өту т.б.желілік қауымдастықтардың жұмысын жетілдіру;
педагогтардың кəсіби өсуіне қолдау көрсету, бағыттау.
Толық жұмыспен қамту саясаты ұстанымы. Талаптары: қазіргі
нарықтық қоғам заңдылықтарына сай сапалы кəсіби білімді мамандармен
қамтамасыз ету; негізгі моралдық міндеткерліктерді орындауы; жақсы
даярлықтан өткен мамандармен 5 жылда бір рет мамандардың құзыреттілігін
жаңартып отыруға жағдай жасау.
Сапаға бағыттылық ұстанымы – сапа менеджменті талаптарына сай
нəтижеге бағытталған білім беруді ұйымдастыруды, басшылық етуді
анықтайды. Талаптары:нəтижеге бағытталған білім беру ортасын
ұйымдастыру; білім алушылардың құзыреттілік сапаларын қалыптастыру ортасын құру; мектеп-оқушы-ата-ана байланыстарын жетілдіру; басқаруды
ақпараттық қамтамасыз ету; білім сапасын арттыру; жоғары сапалы
«педагогикалық өнімдерді» шығару; басқаруға ұжым мүшелерін қатыстыру.
Жанама бақылау ұстанымы - ашықтық, шынайылық, дəлдік негізінде
бақылауды жүйелі, бірізді, жүргізу, тиімді бақылау.
Талаптары:қызметкерлерге деген құрмет пен сенімнің болуы;барлық
қызметкерлерге тең қарау;қызметкерлердің шығармашылық еңбегі мен
идеяларын қолдау;бақылау арқылы дер кезінде түзетулер енгізуді жүзеге
асыру.
Ұжым боп шешім қабылдау ұстанымы - демократиялық басшылық
етудің негізгі құралының бірі, ортақ шешім қабылдау. Ол басқару
ақпаратының ашықтық жағдайында ғана мүмкін болады. Талаптары: ұжым
болып шешім қабылданатын ақпаратпен сол ұжымның əрбір мүшесі таныс
болуы тиіс; педагогтардың қабылданатын шешімнің жасалуына белсенді
қатысуы, ұжымның белсенді қолдануына ие болады;т.б.
Міндетерліктерді жолдау ұстанымы - басқаруға педагог
қызметкерлерді қатыстыру, бұл ұстаным «төменнен жоғарыға» қағидасына
сай əрекет етеді.
Талаптары: педагог жұмысын байыту жəне мансаптық өсуді
тəжірибеде жүзеге асыру;басқаруды автоматтандыру т.б.
Көлденең байланыс ұстанымы – барлық педагогикалық ұжым
мүшелерімен өзара байланысты туғызу, ақпарат, іс тəжірибе алмасуды
қамтамасыз етеді. Талаптары: ұйымның нақты мақсатына жетуі үшін басшы
өзінің кейбір міндеткерліктерін беру (делегирлеу), ұжым болып шешім
қабылдау арқылы жүзеге асырылады; ұзақ уақытқа арналған бағдарламалар
негізінде көлденеңінен байланыстар мақсатты түрде қалыптастырылады;
педагогтар арасындағы формальды емес байланыстар ескеріледі.
Қазіргі педагогикалық менеджментте қоғамдағы, жүйедегі болып
жатқан өзгерістерге байланысты басқарудың келесі ұстанымдары
ұсынылады: ынтымақтастық, демократиялық, ізгілендіру, мақсатқа сай
үйлесімділік, үнемі жаңғырып отыру, тиімді басқару (рационалистік),
басқарудың ғылымилық ұстанымдары. Аталған басқару ұстанымдары өзара
бір-бірімен тығыз байланыста, бір жүйеде қарастырылады, олардың негізінде
адамға деген сенім мен құрмет жатыр. Басқару ұстанымдарын бірлікте
қарастырғанда ғана нақты жетістіктерге қол жеткізуге жəне олардың жүзеге
асырылуы осы байланысты сақтағанда ғана тиімді болады.
1. Басқару ұстанымдары басқару заңдылығының нақты көрінісі мен бейнесі ретінде. Басқару реттеуге, қорғауға, қойылған мақсатқа сай нысанның жүйесін өзгертуге немесе жоюға бағытталған, субъектінің нысанға әрекет ету үрдісі. Басқару адам іс-әрекетінің түрі ретінде адамдардың бірлесіп қызмет етуі пайда болғаннан бар. Әрбір тарихи кезең басқару субъектілерінің қатынасын, ынталандыру әдістерін, ұйымдастыру үрдісінің көлемін қырлап, түзетуді енгізеді. Дегенмен тек XX ғасырда ғана басқаруға ғылыми көзқарас пайда болып, дами бастады. Басқару өндірісте еңбек бөлінісінің нәтижесінде пайда болды. Басқару адам тұрмысының ажырамас бөлігі, онсыз адамдардың ортақ қызметі де, жалпы қоғам да мүмкін емес. Тиімді басқару дамудың негізгі факторларының бірі.
Басқару теориясында қалыптасқан түрлі ұстанымдар тұрғысынан білім еру үрдісін басқарудың логикасы құрылады. Басқару мазмұны педагогикада функционалдық, жүйелілік, ситуациялық, оңтайландыру, зерттеушілік сипаттары қарастырыылады.
Мектепішілік басқарудың мақсаты: оқу орнының дамуына жағдай жасау; басқару және басқарылу жүйелерінің өзара қатынасын қамтамасыз ету; мектеп ішіндегі әкімшілік және қоғамдық бақылауды педагогикалық үрдіске қатысушылардың өзін-өзі талдау және өзін-өзі бақылаумен үйлестіру; әр мұғалімнің жұмысына ақпараттық банк жүйесін құру (есеп, сараптама, бақылау, талдау, бағалау). Мектеп әкімшілігі және басқарудың негізгі қағидалары: мектепті әкімшілік-педагогикалық және шаруашылық басқару бойынша білім беру органдарының іс-әрекеті (оқытуды ұйымдастыру, жалпы білім беретін мектептер типтері, олардың желісін құру және рационализациялау, мектеп ғимараты мен жерлерін жобалауға және салуға педагогикалық талаптар, мектепті қаржыландыру, мектепті оқу құралдарымен қамтамасыз ету); мектептегі оқу-тәрбие жұмыстарын басқару бойынша білім беру органдарының іс-әрекеті (мұғалімге әдістемелік көмекті ұйымдастыру, мектепті инспекторлау); мектепішілік жееткшіліктің мазмұны мен әдістері; қазіргі заманғы мектеп мұғалімі; ағарту мекемелерінің есеп беруі; мектептік істер статистикасы мектептану мазмұнын құрайды. Мектепішілік менеджменттің негізгі заңдылығы талдағыштық, мақсатқа сәйкестік, ізгілік, басқарудағы демократиялық және мектеп түрі, басқару қызметіне дейін болуы сияқты компоненттерді қамтиды. Осы заңдылықтардан мектеп директорының, менеджердің оқу жүйесін басқарудағы басшылыққа алатын негізгі қағидалары туындайды.
Кез келген теорияның, ілімнің, ғылымның, дүниетанымның, теориялық бағдарламаның бастапқы негізі; жүйелі объектілерді тану және қайта құру бойынша қызметттің негізгі ережесі қағида болып табылады. Табиғи үрдістердің барлығы бір-бірімен тығыз байланысты және әрбір зат құрамдас элементтеріне қарағанда маңызды болатын тұтас заттың бір бөлігін құрайды. Әрбір заттың, үрдістің, құбылыстың басқаларынан ажырататып, олардың ортақтығы мен оның жалпыға тән екендігі сабақтастықтан көрінеді. Білім беру жүйесінің мазмұны мен құрылымындағы өзгерістің заңдылығы, белгілі сипаттамалардың (мазмұны, ұйымдастыру формалары, әдістері, құралдары және т.б.) бір кезеңнен екінішісіне өтуі, жаңа сапалық деңгейде қызмет етуі жүйелілікпен қамтамасыз етіледі. Басқару негізгі қағидалары басқару теориясының заңдылықтарының нақты көрінісі болып табылады. Негізгі заңдылықтар мектепішілік басқаруда мынадай заңдылықтарды қамтиды: оқу-тәрбие жұмысын басқаруды жүйесінбір бағытқа келтіру, оның нәтижесі субъект пен объектіні басқару мен құрылымы әрекеттік деңгейінінің байланысына, оқу-тәрбие жұмысын басқарудың мазмұны мен әдістерінің келісімділігіне, мектептегі педагогикалық үрдісті ұйымдастырудың үйлесімділігі мен іс-әрекет сипатына байланысты. Басқарудың жалпы және жеке заңдылықтары объективтік сипатта болады және адамдардың басқару қызметтерін жүзеге асырады. Басқару принципі менеджмент субъектісінің басқару функцияларын жүзеге асыруда жетекшілікке алатын негізгі идеялары мен ережелері. Принциптердің сақталуы басқару заңдылықтарының орындалуын қамтамасыз етеді. Ынталандыру принципі – менеджер тарапынан мадақтау және жазалау жүйесі неғұрлым мұқият жүзеге асырылса, қызметкерлерді мақсатты іс-әрекетке ынталандыру бағдарламасы соғұрлым нәтижелі болады. Басқаруды демократияландыру принципі – басқару ісіне барлық қызметкерлерді қатыстыру. Менеджмент негізінде мектепті басқаруды инновациялық жетілдіру өркениеттік дамудың бөлігі деп есептелінеді.
Менеджменттің демократиялық және адам тұлғасына бағдарлану идеясын жақтаушы педагогтар (Ю.А.Конаржевский, А.М.Моисеев, В.С.Лазарев, т.б.) менеджменттің мазмұнын: адамды құрметтеу, адамға сенім білдіру, оқушы мен мұғалімнің дамуына бағытталған тұтастық көзқарас, білім беру үрдісіне қатысушыларды табысқа жетелейтін жағдайлар жасау белгілерін менеджменттің негізгі механизмдері ретінде; басқаруды біртұтас жүйе оның жеке бөліктері үшін де үйлесімділік пен талапшылдық сипаттардың өзара байланысы, шешімдерді қабылдау барысында сақталуына мұмкіндік беретін сипаттама ретінде; соңғы нәтиже және оны ұйымдастыру үрдісінің мазмұнын, нәтиженің орындалуы ғана емес, оған жетудегі жолдарының да құндылық ретінде қарастыралуы менеджмент жүйелілігі ретінде сипаттайды.
Басқару қағидалары басқаруды ұйымдастыруға және оның құрылымына, жүйесіне қойылатын негізгі талаптарды анықтайтын басшылық ережесі. Басқару қағидалары жеке және жалпы болып екіге бөлінеді. Басқарудың жалпы қағидалары барлық салаға ықпал етуімен сипатталады, олар: мақсаттылық, жоспарлылық, құзыреттілік, тәртіптік, ынталандыру. Басқару саласы өндіріспен ғана шектелмейді, ол әлеуметтік ағзаның ішкі ерекшелік белгісі ретінде сипатталады, басқару іс-әрекеті бір әлеуметтік вакуумда іске асырылмайды, ол арнайы жағдайда іске асырылады (К.Маркс).
Басқару қағидаларына анықталған, тұрақтандырылған басқару заңдылықтары жатады. Мектепішілік басқарудың негізгі заңдылықтарына оқу-тəрбие жұмыстарын басқару, реттеу, сапасын қадағалау, талдау, мақсатқа жету, басқарудағы еркіндік жəне мұғалімдердің түрлі басқару жұмыстарына дайын болуы жатады. Осы заңдылықтарға негізделген, басқарудың негізгі қағидаларына мыналар жатады: педагогикалық жүйені басқарудың еркіндігі; басқарудағы жүйелілік жəне орталықтандыру; бірігу жəне ұжымның оң қарым-қатынасы; педагогикалық жүйені басқарудағы ақпараттың толықтылығы мен шынайылығы; мектептегі басшылықтың өзгеруі жəне оның конкурспен тағайындалуы, т.б. Мектепішілік басқаруда ең маңыздысы ақпараттардың ашықтығы жəне қол жетімділігі, яғни мектепте тиімсіз жағдай орын алып жатса жəне одан ұстаз хабардар болса, онда ол бұл мəселеге немқұрайлы қарамауы тиіс. Басшылықтың əрдайым есеп беруі, мектептің педагогикалық кеңесі, ұжым мен ата-ананың белгілі бір мəселеге араласып, көзқарастарын талқылаулары қажет. Педагогикалық жүйені басқаруды тек ықпал етумен ғана шектеп қоюға болмайды, мұнда ұйымдастырушылық, бірігіп басқару жəне өзін өзі басқара білуде маңызды рөл атқарады.
Демек басқару ұстанымдары бұл басқаруды іске асырудағы сақталынатын негізгі ережелер. Педагогикалық менеджмент қағидалары – бұл басқарылатын субъектілер мен объектілердің өзара әрекеттестігіндегі субъектінің мінез-құлық ережелері (нақты мақсаттылық; кооперация және еңбекті бөлу; функционалдық; кешенділік) (М.А.Гончарова).
Сонымен негізгі қағидаларға мыналар жатады: педагогикалық жүйені демократизациялау және ізгілендіру; орталықтандыру және орталықсыздандырудың парасатты үйлесімі; жеке билік пен алқалы биліктің бірлігі; педагогикалық жүйені басқару ақпараттарының объективтілігі және толықтылығы.
2. Педагогикалық жүйелерді басқарудың демократизациялау мен гуманизациялау ұстанымы. Педагогикалық жүйелерді басқару теориясы мен практикасында бірқатар төмендегі негізгі ұстанымдар бөліп көрсетіледі:
Педагогикалық жүйелерді басқаруды демократияландыру жəне ізгілендіру ұстанымы, мұнда алдымен жариялылық қарастырылады, себебі, мектепті басқарудағы жариялылық ақпараттың ашықтығы мен қолжетімдігіне байланысты. Əкімшіліктің жүйелі есеп беруі, мұғалімдердің, оқушылардың шешім қабылдауға қатысуы демократияландырудың көріністері болып табылады.
Субъект-субъектілік қатынастардың қалыптасуы, монологтан диалогқа өту педагогикалық үдерісті ізгілендірудің нақты формалары болып табылады. Басқаруды ізгілендіру бұл тұлғаға бағытталу, адамның адамгершілік сапасын құрметтеу жəне оған сенім білдіру.
Ізгілік ұстанымы әрбір жеке тұлғаның құндылығын мойындау, оқыту мен дамыту диагностикасын ғана емес, білім беру үдерісінің субьектілеріне психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік, материалдық көмек көрсету мен қолдауды қамтамасыз етеді.
Менеджмент негізіндегі басқару білім беру үрдісіне қатысушылардың субъектаралық қарым-қатынастарына бағытталған әрекеттер арқылы жүргізіледі. Ізгіліктік сипаты адамды құрметтеу, оған сенім арту, оларды дамыту бағытын ұстануы тиіс.
Мектеп ашық, диалогтық әрекеттер ұйымдастыра алады.
3. Мектепті басқарудағы жүйелілік пен тұтастық ұстанымдары. «Жүйе» түсінігі тұтастық, оның жекелеген бөліктерін немесе компоненттерін жіктеу мүмкіндігі туралы ұғымды білдіреді. Кез келген жүйенің (әлеуметтік, биологиялық, педагогикалық) тұтастығы оның интегративтік қасиеттерінің тұрақтылығымен анықталады.
Жүйе күрделі бірлікті құрайтын бір-бірімен өзара байланысты объектінің жиынтығы немесе кешені белгілі бір жоспарға сәйкес реттелінетін, бірнеше білімнен тұратын тұтастық.
Жүйе тұтастай құрылымды құрайтын жаңа сипатқа ие болған өзара әрекеттесетін элементтердің жиынтығы. Бүкіл жүйені шартты түрде үш түрге бөлуге болады: техникалық; биологиялық; әлеуметтік – экономикалық. Белгілі бір шамада дербес жұмыс істейтін және жүйедегі дербес жұмыс істейтін бөлімдер болып табылады. Әлеуметтік – экономикалық жүйе ең күрделі динамикалық дамитын, өзін-өзі басқаратын жүйе саласына жатады.
Кез келген жүйеде элементтер өзара тығыз байланысты әрі белгілі бір әдістерімен өзара әрекеттеседі. Бұл жүйедегі құбылыстар арасындағы байланыс арқылы көрінеді, ал олардың өзі заттық немесе ақпараттық болуы мүмкін. Мысалы, кез келген жүйе білім беру мекемесі (кәсіпорын) жекелеген элементтің ұйымдастыру бірлестігін, ал оның ерекше бірлескен бөлігі жаңа сапаға ие болатын бірыңғай тұтас құрылымды құрайды. Әрбір элемент өзіне тән функцияны орындайды. Оның жүйеге қатысты өзара тәуелділігі, өзіндік орны болады. Жүйенің жалпы сапалық белгісі оның иерархиялығы, яғни жүйедегі элементінің дербестігі және керісінше элементтердің жүйеге енуі. Әр деңгейде жүйе өзінің белгілерімен ерекшеленеді.
Әлеуметтік жүйеге сапалық белгілер тән. Ол оның дербестігі және өзін – өзі басқаратындығы, бұл жүйенің белгілі бір заңдарға негізделген өздік басқару органы және өз бетінше өздігімен даму сипатын көрсетеді.
Жүйенің ашық және жабық түрі бар. Ашық жүйенің ерекшелігі оның сыртқы ортамен және одана енетін объектілер (экономикалық, саяси бәсекелестік) тығыз байланыстылығы, энергия, мәліметтер, материалдар алуы. Жабық жүйенің белгілерінің нақты шекарасы болады. Оның іс- әрекеті қоршаған ортаға тәуелді, ашық жүйе өзін-өзі қамтамасыз ете алмайды. Оның өмір сүруі сырттан келетін мәліметтерде және материалдарға тәуелді болады.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық басқарушы мен басқарылушының, яғни педагогикалық ұжым іс-əрекетіндегі функциялардың өзара байланысы мен өзара əрекетін білдіреді.
Тұтастық пен жүйелілік ұстанымы түрлі табиғи құбылыстар сияқты адамзат баласының ақыл-ойы бөлшектеп алуға келмейтін біртұтас құрылым ретінде ұғынылатын алуан түрлі микроқатынастардан (заттар мен құбылыстарға, адамдарға, оқиғаларға, үдерістерге т.б.) және макроқатынастардан (табиғатқа, адамзат баласына, отанға, еңбекке, өз-өзіне, т.б.) тұратын күрделі жүйе.
Жеке тұлғаның біртұтастығы мен жүйелілігі оның өмірінің әрбір кезеңдеріндегі басты ерекшеліктеріне ықпал ететін көптеген факторларға байланысты болып келеді.
Басқарудағы жүйелілік пен тұтастық ұстанымы мектепті басқаруда басқарушыға мектепті жүйе ретінде, оның негізгі белгілерін терең білуге мүмкіндік береді. Бұл ұстаным басқару іс-əрекетінің тізбекті, логикалық құрылымды, өзара пайдалы жəне оның барлық функцияларының тең дəрежеде маңызды екенін көрсетеді.
Басқарудағы жүйелілік педагогикалық үрдістің табиғатын түсінуге мүмкіндік береді және басқару тиімділігін арттырады. Мектепті басқаруда оның бөліктерін бақылап ғана қоймай, олардың арасындағы қатынастың пайда болуын анықтау қажет, сонымен бірге әрбір компоненттің əсерін, сапасын, болашақтағы дамуын көрсету керек. Мектеп пен қоршаған ортаның қатынасы екі түрде іске асырылады. Біріншісі, мектептің қоршаған ортаға үйренуі, ал екіншісі мектептің көздеген мақсатына жетуі үшін қоршаған ортаны өзіне бағындыруы. Мектепті басқарудағы жүйелілік екіжақты қозғалыс, ол басқарудағы басшылық пен педагогикалық ұжымның атқаратын қызметін анықтайды. Бұл қағиданың іске асуы басқарудағы біржақтылықтың болмауын қамтамасыз етеді. Осы қағидаға негізделе отырып, басқарушылық қызметтің айқындылығын, дұрыстығын, пайдалылығын ашуға болады.
Менеджменттегі біртұтастық құрылымның басқаруда ғана емес, мұғалімнің мен оқушының өз әрекеттерін белсенді ұйымдастыра алуына негіз болып, танымдық ынталандыруға қол жеткізетінін ашып көрсетеді. Менеджмент негізіндегі басқарудың жаңа сипаты адам тұлғасына бағытталғандықтан, оның жүзеге асырылуы басқару мазмұнына дәстүрлі көзқарастарды өзгертумен бірге тұлғаға бағытталған басқару қызметінің ерекшеліктерін айқындауы қажет.
4. Жеке басқару мен ұжымды басқарудың бірлігі ұстанымдары. Орталықтандыру мен орталықсыздандырудың тиімді үйлесуі ұстанымында мектеп пен педагогика тарихы шектен тыс орталықтандырудың басқаруды əкімшілдікке ұрындыратынын айқын көрсетті. Ол төмен сатыдағылардың инициативасын іске асыруды шектейді, олар (төмен сатыдағы басшылар, мұғалімдер, оқушылар) өздерінің қатысуынсыз қабылданған шешімдердің орындаушысы болып қалады. Сол сияқты біржақты жүргізілген орталықсыздандыру да педагогикалық жүйе қызметінің тиімділігін төмендетеді, басқарудың жəне басшының ролін төмендетіп, оның талдау жəне бақылау функцияларын жоғалтуға алып келеді.
Басқарудағы коллегиалдықтың бірлігі ұстанымын іске асыру тұтас педагогикалық үрдісті басқаруда субъективтілікті, авторитаризмді болдырмауға бағытталған. Басқару іс-əрекетінде əріптестердің тəжірибесі мен біліміне сүйену, оларды шешімдер даярлау мен талқылауға бағыттау, əртүрлі көзқарастарды салыстыру, оларды талдау жəне қажетті шешім қабылдау өте маңызды. Коллегиалдық сонымен бірге ұжымның əрбір мүшесінің тапсырылған іске жауапкершілігін жоққа шығармайды. Педагогикалық жүйелерді басқарудың тиімділігі көп жағдайда нақты, шыншыл жəне қажетті ақпараттың болуымен анықталады. Ақпараттың объективтілігі мен толықтығы дəлсіздікке, таңдаудағы, талдаудағы жəне қорытудағы үстірттікке қарсы тұрады.
Дегенмен, ақпараттың көптігі жəне ретсіздігі оның мүлде жоқтығы тəрізді шешімдер қабылдауда қиындық келтіреді. Ақпараттық мəліметтер банктерін, оларды оперативті пайдалану технологияларын құру басқару еңбегінің ғылыми ұйымдастырылуының деңгейін көтереді. Бұл білім беру жүйелерін басқарудағы ақпараттың объективтілігі мен толықтығы ұстанымын сипаттайды. Оқу-тəрбие жүйесінде жеке басқару мен ұжымдық басқарудың бірлігінің жүзеге асырылуы келесі қызмет түрлерінде бастау алады: жалпыға жұмыс істейтін кеңес жəне тексеру мүшесінің қызметі; шешім қабылдауда ұжымның кеңесі керек болатын конференциялар, съездер жұмыстары. Педагогикалық жүйе өз бетімен дамып, басқарылады жəне бірнеше компоненттерден құралады. Педагогикалық жүйені басқару біріншіден, оның толықтылығын сақтайды; екіншіден, басқа жеке компоненттерге əсер етеді жəне олардың өзгеруіне ықпалын тигізеді. Мектепті педагогикалық жүйенің басқару нысаны ретінде қарастыру басқару қызметінің ұстаздарға, қызметкерлерге, оқушыларға көзделген мақсатқа жету үшін түрлі əдіс-тəсілдердің қолданылатындығын білдіреді. Педагогикалық жүйеде ең маңызды жүйені қалыптастырушы фактор мұғалім мен оқушылар, оқу-тәрбие үрдісіне қатысушылар болып табылады. Бұл фактор баланың жеке басының өсуіне, өзін-өзі тануына, өзін-өзі дамытуына, өзін-өзі іс жүзінде көрсете алуына негізделген. Мектептің мақсаты тəрбиенің негізін қалыптастыру, яғни интеллектуалдық, эстетикалық, еңбектік, экологиялық, құқықтық жəне басқа да тəрбиенің бағыттарын кіріктіреді. Мектеп басшыларының, ұстаздардың, оқушылардың ортақ мақсатқа жетуі үшін өз ойларын қосып жəне оның жүзеге асуына ықпал жасау басқарудың ең тиімді түрі болып табылады.
Педагогикалық жүйенің əлеуметтік-педагогикалық жағдайының қалыптастырылуы тұрақты сипатқа ие. Оның анықталуы мен дамуы мектепті басқару үрдісін екі бөлімге бөліп көрсетуге мүмкіндік береді: жалпы жəне жеке. Жалпыға əлеуметтік, экологиялық, тəрбиелік, ұлттық, географиялық жағдайлар жатқызылса, ал, жеке жағдайларға əлеуметтік - географиялық тұрғыдан қатысушылар құрамының ерекшелігі, мектептің орналасқан жері (қалалық не ауылдық), мектептің материалдық жағдайы, қоршаған ортаны қорғау бойынша тəрбие жұмыстары (түрлері мен бағыттары) жатады. Педагогикалық жүйенің тиімді жүргізіліп жатқаны ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасынан, ата-аналардың педагогикалық білім деңгейінен көрінеді. Əлеуметтік жүйеде шешуші рөлді жеке тұлға немесе ұжымдық субъект атқарады, яғни педагогикалық жүйеде педагогикалық ұжым жұмысын тиімділігі басшының басқару шеберлігіне байланысты.
Мектепті басқару құрылымы төрт сатыдан тұрады:
- бірінші саты - мемлекеттік органдармен жəне ұжыммен тағайындалған мектеп директоры, мектеп кеңесі, оқушылар кеңесі;
- екінші саты - ұжымдық жалпы еңбекке жауаптылар: мектеп директоры мен психологы, əлеуметтік педагог, мектеп директорының басқарудағы көмекшілері (оқу-тәрбие жөніндегі орынбасарлары) жəне өзін-өзі басқаруда қатысатын органдар;
- үшінші саты - ата-аналарға, оқушыларға, үйірмелерге басшылық жүргізетін мұғалімдер (педагогикалық ұжымы), тəрбиешілер, сынып жетекшілері;
- төртінші саты - сыныптық жəне жалпымектептік өзін-өзі басқаратын оқушылар ұжымы. Бұл саты мұғалім мен оқушылардың қарым-қатынасының ерекшеліктерін көрсетеді.
Басқару жүйесінде оқушылар ұжымының алатын орны ерекше, осыған байланысты көлденең және тігінен басқару сатылары да бөліп көрсетіледі: көлденең басқару, ол жалпы мектептік ұжым (педагогикалық, оқушылар, ата-аналар) мен сынып ұжымына қатысты; тігінен басқару, ұйымдар, спорт секциялары, шығармашылық жұмыстар, үйірмелер, бригадаларларға байланысты.
Педагогикалық қызметті атқаруға және қойылған мақсатты шешуге бағытталған тəсілдер əдіс болып табылады. Олардың тиімділігі ұстаз бен оқушылардың қарым-қатынасына тікелей байланысты. Сондықтан үйрету, бақылау, жаттықтыру сияқты тəсілдерден басқа, ұстаз ақпаратты жинау, сақтау жəне реттеу тəсілдерін де меңгеруі және орынды қолдана білуі тиіс. Сондықтан сыныптағы оқу-тәрбие үрдісін басқаруда мұғалімнің назарында болуы тиіс. Педагогикалық жүйенің аталған компоненттері өздігінен пайда болмайды, олар алдымен мұғалімнің атқаратын қызметтерінен қалыптасып, содан кейін педагогикалық жүйенің қалыптастырушы компоненті бола алады. Білім беру үдерісін (мақсаттылықтан бастап бірлескен әрекетке дейін талдау) ұйымдастыруға барлық субъектілердің өзінің қажеттілігі мен даралық қасиеттерін меңгере отырып, тікелей қатысуын, соған қарай тұлғаның іс-әрекеттегі (үйрену мен оқыту) мотивациялық қажетттілік саласын айқындайды. Білім беру жүйесі саласы қызметкерлерінің (тәрбиеші, мұғалім, психолог, әлеуметтік педагог) әкімшілікке бағынуына байланысты педагогикалық-психологиялық қызметтері құрылымының ұйымдастырылуы түрлі статуста болады: білім беру мекемелерінің (бала-бақша, балалар үйі, интернат, мектеп, лицей, гимназия, колледж) басшылығымен қызмет атқарады; қалалалық немесе аудандық білім департаментінің басқаруымен (немесе жетекшілігімен) бірнеше оқу орындарына қызмет көрсетеді; мектептен тыс мекемелер құрамында (мысалы, медициналық-психологиялық-педагогикалық комиссия, отбасына және балаларға әлеуметтік, педагогикалық, медициналық және психологиялық көмек көрсету орталығы); ғылыми-әдістемелік орталық немесе кабинет ретінде қалалық, аудандық, облыстық немесе мемлекеттік білім департаментінің басқару құрамында және солардың әкімшілік басқаруымен қызмет көрсетеді. Сонымен білім беру үдерісіндегі әрбір субьектінің өз әрекетін ұйымдастыруы және өзгелермен қарым-қатынасын қалыптастыруы, білім алушылар мен педагогтардың жекелеген әрі бірлескен іс-әрекеттерінің нәтижесіне өзіндік талдау жасауы басқару ұстанымдары болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |