61. Менеджменттерминінің анықтамасы Менеджмент – қажетті нәтижеге немесе алға қойылған мақсаттарға басқа адамдардың күш-жігері арқылы қол жеткізу өнері немесе әдіс-тәсілдердің, қағидаттардың және басқару нысандарының жиынтығы, яғни басқару өнері.
Менеджер деген сөздің өзі ағылшын тілінен шыққан ол бір нәрсені реттеу, бір нәрсені меңгеру, басшылық ету деген сөз. Менеджер ең кең тараған түрі. Ол басқару түрі экономикамен шұғылданатын заң және басқада мәселелерді жақсы білетін адам. Әр елде менеджерлерге түрліше анықтама беріледі. Американдықтардың түсінігінше мұндай адамдардың, міндетіне өзіне бағынатын белгілі қызметтердің нақты жұмыстарын ұйымдастыру жатады.
Еуропалықтардың түсінігінше менеджер қазіргі тәсілдерді басшылыққа ала отырып нақты жұмысты ұйымдастыратын адам.
1670 жылдан «management» ұғымы өзінің қазіргі мағынасында қолданыла бастады және сол кезеңнен бері «коммерциялық істерді басқару»; адамдармен қарым-қатынас тәсілі, манері, билік және басқару өнері (Ағылшын тілінің Оксфорд сөздігі); өндірісті басқару қағидалары, әдістері, құралдары мен формаларының жиынтығы (Шет тілдер сөздігі) дегенді білдіреді.
2-нш жауап Менеджмент (ағылш. мanage – басқару, меңгеру, ұйымдастыру, ) – ұйымда немесе кәсіпорында жұмыс істейтін адамдардың еңбегін басқара отырып, алға қойған мақсатқа жетуді ұйымдастыра білу, әлеуметтік, оның ішінде білім беру үрдістерін басқару принциптері, әдістері, құралдары мен нысандарының жиынтығы.
62. Педагогикалық менеджмент – анықтамасына сипаттама «Педагогикалық менеджмент» бұл педагогикалық жүйелер және олардың тиімділігіне, қызметтеріне және дамуына бағытталған басқарудың технологиялық тәсілдері, қағидалары, әдістері, ұйымдастыру формаларының кешені.
М.А.Гончаров та «педагогикалық менеджмент - бұл оқу-тәрбие, оқу-танымдық үрдістерді басқару және олардың тиімділігін арттыруға бағытталған қағидалар, әдістер, ұйымдастыру формаларының кешені» - деп тұжырымдайды. Бұл пікірлер педагогикалық менеджментті мектепішілік басқару деп түсіндіруге, яғни белгілі бір әрекеттік және қосынды жүйе ретінде өзінің құрылымы бар және жүйетүзуші факторлардан тұратынын анықтауға мүмкіндік береді, олар субъектілер әрекетінің мақсаты, міндеттері, қағидалары, қызметтері, әдістері, білім беру үрдісін басқарудағы формализмді жою жағдайлары және олардың тиімділігіне ықпал ететін факторлар. Педагогикалық менеджмент мәні жағынан мектептік білім беру үрдісін жүйелі басқарудың теориясы мен практикасы деп түсіндіріледі. Осы тұрғыдан педагогикалық жүйе өзін-өзі ұйымдастыратын және тұрақты, жабық жүйе ретінде қарастырылады.
Үшінші тұрғыдан «педагогикалық менеджмент» ұғымының мәні мектепішілік басқарудың педагогикалық теория мен практикасында дәстүрлі қолданылатын басқару ұғымына қарағанда терең сипатталады, Мұнда әлеуметтік-экономикалық түбегейлі өзгерістер жағдайында білім беру мекемесі басымды қызмет атқаратыны, мектепішілік басқару теориясын менеджмент теорияларының элементтерімен байытудың қажеттілігі ашып көрсетіледі.
Екінші жауап Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады