1. Менеджмент басқару туралы ғылым: өз сөзіңізбен баяндап беріңіз. Менеджмент ағылшын сөзі, оның түпкі түбірі гректің «Манус» сөзінен шығып «қол, күш»


Педагог-менеджер терминіне сипаттама беріңіз?



бет51/54
Дата02.03.2023
өлшемі172,63 Kb.
#71228
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54
Байланысты:
Менедж. сессия 1-90 (копия)

81.Педагог-менеджер терминіне сипаттама беріңіз?
Педагогикалық менеджмент – бұл білім беру процесін басқарудың кешенді принципі мен технологиялық тәсілдер, ол тек білім мекемелеріне тиімді басшылықтың творчестволық потенциялын көрсетіп қана қоймай, педагогтар, студенттер мен тыңдаушыларға да өзіне тән міндеттер ауқымын жүктейді. Кез – келген ғылымда, оның ішінде педагогикада да менджмент сөзінің негізі антропоцентрлік көзқарасты құрайды, оған мына үш талап қойылады:
1. Өз қарамағындағы қызметкерлерге сыйластықпен қарау;
2. Оларға сенім білдіру;
3. Олардың іс - әрекетінде табысқа жету мүмкіндігін жасау.
Педагог (грекше тәрбиеші) – дәрі беру және тәрбие жұмысымен айналысатын тұлға. Педагогтің мұндай іс — әрекетінің объектісі ол оқытатын және тәрбиелейтін адам болып табылады. Сондықтан оның іс — әрекетін өнер деп тани отырып оқыту мен тәрбиелеу ісінде жоғары нәтижелерге жету үшін педагогикалық қызмет мұғалімнен жан — жақты білімді, табанды еңбектің талап етеді деген мағынада түсінген жөн.

Педагог тек ұстаз, оқытушы немесе белгілі пән мұғалімі ғана емес, ол оқу – тәрбие жұмыстарын ұйымдастырушы, басшы, білім беру саласындағы мемлекеттік тұлға.


82.Оқу танымдық үрдісінің менеджері терминіне анықтама беріңіз
Оқу-танымдық процесінің менеджері – оқушылардың оқу-танымдық іс-әрекетін басқару жүйесіндегі субъект ретінде қатысатын оқытушы.Оқу-тәрбие процесінің менеджері – педагогикалық қызметкерлердің оқу-тәрбие әрекетін басқару субъектісі ретіндегі оқу мекемесінің басшысы (директор, оның орынбасарлары).Оқу-танымдық процесі менеджерінің еңбегінің нәтижесі оқушылардың білім алу, тәрбиелену және даму дәрежелері болып табылады.
83.Педагогикалық мониторинг терминіне анықтама беріңіз
Педагогикалық мониторинг дегенiмiз бiлiм беру жүйесiнiң қызметi туралы ақпаратты жинап, сақтап, саралап, таратуға және оның үздiксiз бақылап отыруға, даму болашағына болжау жасауға мүмкiндiк беретiн жұмыс жүйесi.
Педагогикалық мониторинг жасауға қажеттi ақпаратты жинау мына бағыттардан жүзеге асырылады: 1)ақпараттың мазмұны. 2)ақпараттың сапасы. 3)ақпаратты басқаруда пайдалану. Педагогикалық мониторингтiң негiзгi объектiсi бiлiмдiлiк және тәрбиелiлiк болып табылады. Мониторингтiң педагогикалық нәтижесi болып, бiлiм құрылымындағы, оқу дағдысындағы, тәртiбiндегi, қатынас жүйесiндегi тұлғаның бағытталуы болып табылады. Сонымен қатар, педагогикалық мониторинг объектiсi ретiнде жетiстiктерге жеткiзетiн оқу-тәрбие үрдiсiнiң нәтижесi, құралы, технологиясы қабылданады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   54




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет